Ескерту. Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 20.09.2024 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 17-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны өзге тұлғаларға беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы |
С. Жарасбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген |
Бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны өзге тұлғаларға беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша қабылданған бәс тігу мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігудің шығу нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны өзге тұлғаларға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және бәс тігудің әрбір қатысушы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер, сондай-ақ оны өзге тұлғаларға беру туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
2) бәс тігу – қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;
3) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы – құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;
4) букмекерлік кеңсе – қатысушылармен бәс тігу жасасатын ойын бизнесін ұйымдастырушы;
5) электрондық ақша – электрондық нысанда сақталатын және электрондық ақша жүйесінде жүйеге басқа да қатысушылар төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша эмитентінің шартсыз және кері қайтарып алынбайтын ақшалай міндеттемелері;
6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган – "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган;
7) мөлшерлеме – құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы;
8) мөлшерлемелерді есепке алу орталығы – байланыс желілері арқылы букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосылған және қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қабылдауды (жүзеге асыруды), бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты қабылдауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
9) ойын бизнесiн ұйымдастырушы – құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
11) тотализатор – бәс тігу жасалған кезде оған қатысушылар арасында делдалдық қызметтер көрсететін ойын бизнесін ұйымдастырушы;
12) ұтыс – құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда.
3. Осы Қағидалар ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қолданылады:
1) букмекерлік кеңсе;
2) тотализатор.
4. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығын жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2-тарау. Бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қабылдаған бәс тігу (оның ішінде электрондық) мөлшерлемелері, бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, ұтыстар және олар бойынша төлемдер туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау тәртібі
5. Бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қабылдаған бәс тігу (оның ішінде электрондық) мөлшерлемелері, бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, ұтыстар және олар бойынша төлемдер туралы ақпаратты қабылдауды жүзеге асыру үшін букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендерін мөлшерлемелерді есепке алу орталығына қосады.
Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мөлшерлемелерді есепке алу орталығына қосылу үшін қажетті техникалық талаптар уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар мөлшерлемелерді есепке алу орталығына аппараттық-бағдарламалық кешенді қосу үшін қосуға қажетті аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық сипаттамаларын көрсете отырып, уәкілетті органға жазбаша сұрау салуды жолдайды.
7. Уәкілетті орган букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың сұрау салуы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде мөлшерлемелерді есепке алу орталығына тұрақты қолжетімділікті ашады.
Мөлшерлемелерді есепке алу орталығын бәс тігуді ұйымдастырушының аппараттық-бағдарламалық кешеніне сәтті қосу фактісі уәкілетті органның тиісті актісімен расталады.
8. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қабылдаған бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты қабылдауды уәкілетті орган жабық хаттаманы қолдана отырып, ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша онлайн-режимде жүзеге асырады.
Мөлшерлемелерді есепке алу орталығына қолжетімділік мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметімен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;
2) бұрын қол жеткізу берілген тұлғаның мұндай қол жеткізуден бас тарту туралы өтінішті (өтінішті) жіберуі.
9. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығына байланыс желілері арқылы қосылған аппараттық-бағдарламалық кешендер арқылы букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар:
1) мөлшерлемені төлеу тәсілін (қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып) көрсете отырып, әрбір бәс тігуге қатысушы бойынша қабылданған барлық мөлшерлемелердің есебін онлайн-режимде жүргізеді;
2) ұтыстардың белгілі бір сомаларын төлеуге жататын бәс тігуге қатысушыларды (осындай мөлшерлемелер қабылданатын оқиғалардың нәтижесіне, бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттерді) айқындайды;
3) жеке сәйкестендіру нөмірінің мәліметтерін, жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелерін, ұтысты есептеу және төлеу күнін көрсете отырып, ұтыс есептелетін және төленетін әрбір бәс тігуге қатысушы бойынша төленуге жататын және төленген ұтыстар сомаларының есебін жүргізеді.
10. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың аппараттық-бағдарламалық кешендері оларға қосылған байланыс желілері арқылы бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуне қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы мәліметтерді есепке алу орталығына онлайн-режимде беруді қамтамасыз етеді, оның ішінде:
бәс тігуге қатысушылар бойынша – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), мөлшерлеменің қабылданған күні мен сомасы, ұтыстың сомасы мен күні, ұтыстың сомасы мен төлеу күні, ұтыстың ақшалай баламасы, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 165-бабының 14) тармақшасына сәйкес фискалдық деректер;
ойын бизнесін ұйымдастырушылар бойынша – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы, салық салу объектісінің түрі, кассаның түрі (жер үсті/электрондық), мөлшерлемені қабылдаған кассаның орналасқан жері.
11. Ақпаратты есепке алуды уәкілетті орган салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жабық хаттаманы қолдана отырып, жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілері бойынша онлайн-режимде беру, сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметі туралы статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында жүзеге асырады.
12. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығында ақпаратты сақтау оны жоғалтудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, рұқсатсыз қол жеткізуден және оны тарату, бұғаттау, жою, өзгерту, көшіру жөніндегі іс-әрекеттерден және өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауға байланысты іс-шараларды, оның ішінде:
1) ақпаратты өңдеудің барлық технологиялық кезеңдерінде және жұмыс істеудің барлық режимдерінде, оның ішінде жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде бағдарламалық-техникалық құралдар кешенін және оларды қолдайтын ұйымдастыру шараларын қолдану;
2) уәкілетті орган қызметкерлерінің және букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар өкілдерінің мөлшерлемелерді есепке алу орталығында сақталатын ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату;
3) мөлшерлемелерді есепке алу орталығына келіп түсетін барлық ақпарат үшін бес жылды құрайтын осындай деректерді сақтау мерзімі өткеннен кейін бәс тігуге қатысушылардың дербес деректерін жою;
4) мыналарды қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін пайдалану:
қолданбаларды логикалық топтарға бөлу және әр топты арнайы виртуалды машинаға орналастыру;
ішкі желілік трафиктен сыртқы желілік трафикті оқшаулау;
мөлшерлемелерді есепке алу орталығының әрбір бағдарламалық компонентін белсенді жабдық бір қосымша компонентпен резервтелетін схема бойынша резервтеу;
жүйелік және желілік инженерлерден басқа кез келген мамандардың серверлеріне тікелей қол жеткізуді болдырмау;
5) мөлшерлемелерді есепке алу орталығының тұтастығын қамтамасыз ететін шаралар кешенін пайдалану, атап айтқанда:
ақпаратты бастапқыда өзгертуге, жоюға немесе жаңартуға мүмкіндік бермейтін мөлшерлемелерді есепке алу орталығына кіру құқығының конфигурациясы;
серверлік жабдықта жасалған барлық операцияларды тіркейтін техникалық бақылау жүйесі;
мөлшерлемелерді есепке алу орталығында сақталатын деректерді деректердің барлық көшірмелері белсенді болатын схема бойынша резервтеу, ал резервтеу артықтықпен қол жеткізіледі, виртуалды машина немесе физикалық сервер істен шыққан жағдайда деректер 12 сағат ішінде қалпына келтіріледі.
13. Уәкілетті орган мөлшерлемелерді есепке алу орталығы арқылы ақпаратты қабылдау, есепке алу, сақтау және беру кезінде дербес деректерді қорғау және таратпау, коммерциялық, салықтық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, оның ішінде:
1) бәс тігуге қатысушылардың дербес деректерін таратуға жол бермеу;
2) бәс тігуге қатысушылардың дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбау;
3) егер мұндай рұқсатсыз кірудің алдын алу мүмкін болмаса, дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтау;
4) дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілері анықталған кезде, кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа тарту мақсатында құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге құқылы.
3-тарау. Әрбір бәс тігуге қатысушы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты беру тәртібі
14. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ақпаратты байланыс желілері арқылы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның тиісті ақпараттық жүйелеріне онлайн-режимде беруді қамтамасыз етеді.
15. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығында ақпаратты қабылдау-беру процесінде барлық параметрлерді тіркеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.
16. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ақпаратты уәкілетті орган "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың ресми сұрау салулары бойынша береді.
17. Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы уәкілетті орган қызметкерінің, сондай-ақ бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның жұмыс орны түрінде осы функционалға қол жеткізуді ұйымдастыра отырып, түрлі есептерді қалыптастыру және қарау мүмкіндігімен мөлшерлемелерді есепке алу орталығына келіп түсетін деректерді визуализациялау жөніндегі функционалды көздейді.