Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 31812 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi туралы ереженің 15 тармағының 23)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған бейбіт жиналыстар өткізу кезінде полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтөбе облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алматы облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атырау облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шымкент қаласының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Абай облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жетісу облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ұлытау облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Алматы қаласының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Батыс Қазақстан облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарағанды облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қызылорда облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түркістан облысының әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астана қаласаның әкімдігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 62 Бұйрығымен
бекітілген

Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуі жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық полиция қызметкерлерінің бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару тәртібін (бұдан әрі - Нұсқаулық) айқындайды.

      2. Бейбіт жиналысты ұйымдастырушы "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 278 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21104 болып тіркелген) бейбіт жиналысты ұйымдастырушының айырым белгісін (күрең, бір түсті кеудеше немесе киімнің арқасы мен алдыңғы жағына "Ұйымдастырушы" деген белгісі бар жапсырма) тағуға міндетті.

      3. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметі (бұдан әрі - БАҚ), журналист куәлігі және айырым белгілері (ашық-көк кеудеше, ашық-көк жапсырма немесе "Баспасөз" белгісі бар ашық-сары жеңдегі таңғыш) болған кезде "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21094 болып тіркелген) сәйкес регламенттеледі.

      4. Бейбіт жиналысты өткізу кезінде полиция қызметкерлерінің қызмет атқару белгіленген тәртібі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтарды кез келген қолсұғушылықтан қорғау, сондай-ақ ұйымдастырылмаған бейбіт жиналыс нәтижесінде туындауы мүмкін қоғамдық тәртіпті жаппай бұзудың алдын алу үшін қажет, бұл азаматтарға бейбіт жиналыстарды өткізуде қатысушылар мен басқа да азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатердің барынша аз болуына мүмкіндік береді.

2-тарау. Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге дайындық

      5. Полиция қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) нұсқама және тиісті жабдықтарды алғаннан кейін қызмет атқару орнына (бейбіт жиналыс өткізілетін ауданға) екі сағат бұрын келеді және күштер мен құралдарды орналастыру жоспарында көзделген қашықтықта орынның периметрі бойынша қойылады.

      Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі топтардың саны мен құрамы өткізілетін бейбіт жиналысқа қатысушылардың санына байланысты айқындалады.

      6. Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін полицияның басшы құрамы қатарынан топтың жетекшісі тағайындалады, ол бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - ЖАО) өкілімен байланыс орнатады.

      7. Бейбіт жиналысты өткізу басталғанға дейін қызметкерлер ЖАО өкілімен бірлесіп:

      1) бейнебақылау және жасанды жарықтандыру жүйелерінің жарамдылығы, сондай-ақ кірме жолдардың болуы;

      2) қатысушылар үшін қауіп тудыратын бөгде заттарды анықтау және алып қою;

      3) киіз үйлерді, шатырларды және өзге де құрылыстарды жоспарлы орнату;

      4) көлік және (немесе) жаяу жүргіншілердің қозғалыс бағытын, көлік құралдарының тұрағын және оларға іргелес аумақтарды өзгерту тұрғысынан жергілікті жерді тексеруді жүзеге асырады.

      8. Дайындық іс-шаралары аяқталғаннан кейін полиция тобының жетекшісі кезекші бөлімге және полиция органының бастығына жергілікті ауданды тексеріс жүргізу нәтижесі, сондай-ақ бейбіт жиналысты өткізудегі ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының дайындығын баяндайды.

3-тарау. Бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      9. Бейбіт жиналыс өткізу кезінде қызметкерлер оны өткізу процесіне араласпай, мынадай міндеттердің орындалуын:

      1) бейбіт жиналысты өткізу орнына іргелес аумақта қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау камералары арқылы;

      2) бейбіт жиналыс өткізілетін аудандағы кірме жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      10. Полиция тобының жетекшісі тікелей жиналысқа қатысушылар арасындағы ЖАО өкілімен тұрақты байланыс ұстайды.

      11. Іс-шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету барысындағы қызметкерлер:

      1) полиция тобы жетекшісінің нұсқауы бойынша бейбіт жиналысты өткізу орнына дереу келуге;

      2) бейбіт жиналысты өткізу орнында алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамдардың болуына жол бермеуге;

      3) құқық бұзушылық туралы хабарламаларға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіретін басқа да күтпеген мән-жайларға жедел ден қоюға;

      4) бейбіт жиналысты ұйымдастырушылардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің айырым белгілерін білуге міндетті.

      12. Бейбіт жиналысты өткізу кезеңінде егер мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, денсаулық сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына қатер төнсе, қызметкерлер мынадай іс-шараларды орындайды:

      1) бірнеше жерден (әрбір жағынан бір-бірден) өтпе жол қамтамасыз ете отырып, арнайы орынды периметр бойынша турникеттермен қоршау, сондай-ақ ЖАО келісімі бойынша шерулер мен демонстрациялар бағытындағы іргелес көшелерден және аулалардан кірме жолдарды бұғаттау;

      2) бейбіт жиналысқа қатысушыларды техникалық құралдарды (стационарлық және қол металл детекторларын) пайдалана отырып, арнайы жерге кірген кезде тыйым салынған заттарды (суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүру (тасымалдау) тұрғысынан тексеру;

      3) шерулерге және демонстрацияларға қатысушылардың жүру бағыты бойынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаяу немесе автомобиль көлігімен ілесіп жүру.

      13. Пикеттер өткізу жағдайында күштер мен құралдарды орналастыру жоспарын жасамай, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау жақын маңдағы полицияның патрульдік нарядтарының күштерімен жүзеге асырылады.

4-тарау. Бейбіт жиналыстар өткізу барысында қоғамдық тәртіп бұзылған кезде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері

      14. "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-бабының 1 тармағында көзделген бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері болған жағдайларда, қызметкерлер келесі шараларды қабылдайды:

      1) қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кеседі;

      2) бейбіт жиналыстар өтетін орындарда болған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      3) жиналысқа қатысушылардың және өзге де азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыс өткізілетін аумақты бұғаттайды;

      4) жиналысты ұйымдастырушылар мен қатысушыларды қоршауды, тежеуді және қатысушылар мен айналадағы азаматтардың өмірі мен денсаулығына ең аз қауіп төндіретін орындарға ығыстыруды жүргізеді;

      5) автомобиль жолдары, магистральдар жабылған кезде бейбіт жиналыс өткізілетін ауданды айналып өтіп, автомобиль ағымын басқа бағыттар бойынша қайта бөледі;

      6) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану шеңберінде құқық бұзушыларды тікелей жиналыс өткізілетін жерде немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген мерзімдерде ұстайды;

      7) қызметтік автокөлікке жеткізілген адамдарды отырғызу кезінде жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтын сақтық шараларын қолданады.

      Қауіп қатер туындаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасалу жағдайлары болған кезде кезекші бөлімге дереу хабарланады, құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды анықтау мен ұстау шараларын қабылдайды, жарақат алғандарға көмектеседі, куәгерлерді анықтайды және жедел-тергеу тобы келгенге дейін оқиға орнын күзетуді қамтамасыз етеді.

      15. Заңның 18-бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы шешім қабылданған кейін, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар не қатысушылар бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы ЖАО өкілінің талапттарын орындамағанда және осы талапты орындау үшін белгіленген уақыт өткенде қызметкерлері бейбіт жиналысты мәжбүрлеп тоқтату бойынша шараларды қабылдайды (күштеп әкелу, жеткiзу, ұстап алу).

      16. Жанжалдың одан әрі ушығуы және қоғамдық тәртіпті жаппай бұзудың алғышарттары туындаған кезде қызметкерлер "Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары бөліністерінің жаппай іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 141 қбпү (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14617 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әрекет етеді.

      17. Бейбіт жиналысты өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полиция қызметкерлері:

      1) бейбіт жиналысты өткізу тәртібін бұзатын адамдарды ЖАО өкілі бұзушылықты жою үшін жиналысты уақытша тоқтата тұрған кезде ұстауға;

      2) журналистік куәлігі және айырым белгілері болған кезде БАҚ өкілдерінің заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасауға жол бермейді.

      18. Жанжалдар немесе басқа да штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда кезекші бөлімге және полиция органының бастығына баяндайды.

      19. Қызметкерлердің әрекеті "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қатаң жүзеге асырылады, бекітілген уәкілеттілікті асыра пайдалануға жол берілмейді және қауіпсіздік шаралары сақталады.

5-тарау. Заңды бұза отырып ұйымдастырылатын және өткізілетін бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ерекшеліктері

      20. Заңды бұзу туралы ақпарат келіп түскен кезде, оқиға орнына жіберілген полицияның патрульдік нарядтары мынадай міндеттерді орындайды:

      1) өткізілетін жиналысты ұйымдастырушыларды (уәкілетті адамдарды), қатысушылардың болжамды санын, пассивті бақылаушыларды, көңіл-күйді нақтылайды, сондай-ақ олардың талаптарын анықтайды;

      2) жедел жағдайды зерделейді, қалыптасқан жағдай туралы кезекші бөлімге баяндайды, әрі қарай олардың нұсқауларын орындайды;

      3) жиналыс өткізу процесіне араласпай, жиналысқа қатысушылар арасында құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      4) болып жатқан оқиғаларды тіркеуді жүргізеді (фото-бейнетүсірілім);

      5) ЖАО және прокуратура өкілдерімен өзара іс-қимыл орнатады;

      6) қоғамдық тәртіпті қорғау мен жол жүрісін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді, жиналысқа қатысушылар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде өзге де шаралар қабылдайды;

      7) қатысушылардың саны артқан кезде қосымша күштер мен құралдар жұмылдырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады