"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 қаңтарда № 31817 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі №415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қатысуға өтінішке мынадай құжаттар тіркеледі:

      резидент заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген қажетті мәліметтерді қамтитын жобаның (жобалардың) бизнес-жоспары;

      2) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен аспайтын, есепке алу салық органдарында жүргізілетін, өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік он күннен кешіктірілмей берілген берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтер;

      3) өтініш берушінің қызметті жүзеге асыруды жоспарлаған жерін растайтын құжат. Өтініш берушінің орналасқан жері өзгерген кезде бұл туралы Технопаркке дереу хабарлайды;

      4) жобаны іске асыру үшін бейрезиденттер мен резиденттерді тартуға жоспарланатын саны туралы мәліметтер (болжамды саны мен мерзімі).";

      24-тармақ алып тасталсын;

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қатысушы Технопарк бағдарламалары шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудан бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін он жұмыс күні бұрын бұл туралы Технопаркке хабарлайды.";

      53-тармақ алып тасталсын;

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Өтінішке қоса берілген құжаттардың осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес келмеуі, ескертулердің жойылмауы, өтініш берушінің шарт жасасу талаптарына сәйкес келмеуі шарт жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Технопарк тиісті акселерациялық бағдарламаны іске асыру үшін айқындалған елді мекенде тұрғын үйі жоқ Технопаркте акселерациядан өтіп жатқан тұлғаларға (бұдан әрі – тұлғалар) бар болған жағдайда тұрғын үй береді немесе тұруға жағдай жасайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады