Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 ақпанда № 31879 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 427-бабы 4-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 1 ақпандағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген

Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 427-бабы 4-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою тәртібін айқындайды.

      2. Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою деп осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды сою түсініледі.

      3. Асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды амалсыз сою:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары болғанда;

      2) экономикалық тұрғыдан тиімсіз немесе емдеу мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағының 17-3) тармақшасына және 10-бабы 1-1-тармағының 32-2) тармақшасына сәйкес профилактикасы мен диагностикасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың энзоотиялық аурулары кезінде асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малдың сақталуын (өлім-жітімге жол бермеу) қамтамасыз ету мақсатында;

      3) улану, ауыр жарақаттар алу, сынықтар, күйіктер және асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малдың өміріне қауіп төндіретін және ұзақ мерзімді, экономикалық тұрғыдан ақталмаған емдеуді қажет ететін ауыр жарақаттар болғанда жүргізіледі.

      4. Асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды:

      1) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін, Бұйрықпен бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары болғанда;

      2) сау жануарларды;

      3) қажетті кондицияға дейін бордақылауға келмейтін жануарларды;

      4) өсу мен дамудан артта қалған жануарларды;

      5) өнімділігі төмен, қысыр жануарларды;

      6) дүлей зілзала салдарынан өлу қаупі төнген сау жануарларды амалсыз сою жүргізілмейді:

      5. Асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды амалсыз сою кезінде осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасының негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы "Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген) сәйкес ауру жануарларды санитариялық тазартуды, санитариялық союды жүргізу туралы және/немесе жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін препараттар, азық және азықтық қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы тиісті нұсқама береді.

      Асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды бір уақытта Тізбеге және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7590 болып тіркелген) бекітілген жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша амалсыз сою кезінде және Бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу қағидаларына асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай өңдеу жүргізіледі.

2-тарау. Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз сою тәртібі

      6. Асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды амалсыз сою кезінде жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық бағалау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға (бұдан әрі – Ветеринариялық қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат айналымы оларды ветеринариялық-санитариялық бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Амалсыз сою кезінде асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара мал Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың 101-тарауында белгіленген сойылатын жануарларды сою алдында ветеринариялық қарап-тексеру және сойылғаннан кейін ұшалар мен органдарды ветеринариялық-санитариялық сараптамадан, оларды санитариялық бақылаудан өткізу тәртібіне сәйкес сою алдында ветеринариялық қарап-тексерілуі және сойылғаннан кейін ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуі тиіс.

      7. Асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды амалсыз союға жіберу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлардың түрін, санын, тұқымын және жасын, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорнының атауын, орналасқан жерін, сою пунктін, сою алаңын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңының), амалсыз сою себептерін көрсете отырып асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды амалсыз союға жіберу актісімен (бұдан әрі – жіберу актісі) ресімделеді.

      Асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды амалсыз сою кезінде жолдама актісінде сондай-ақ мыналар көрсетіледі:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларының негізінде амал сою кезінде – зертханалық зерттеулердің нәтижелері, сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) күні мен нөмірі, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін берген зертхананың атауы мен мекенжайы;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасының негізінде амалсыз сою кезінде – ауру жануарларды санитариялық тазалауды, санитариялық союды жүргізу туралы және/немесе жануарлардың және адамның өміріне қауәп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын залалсыздандыру (зарарсыздандыру), қайта өңдеу туралы нұсқаманың күні мен нөмірі, нұсқама берген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі.

      8. Жолдама актісін өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері немесе ауыл шаруашылығы құралымдарының, шаруа, фермер қожалықтарының ветеринариялық дәрігері немесе ауыл шаруашылығы құралымдарының, шаруа, фермер қожалықтарының басшысының, асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды иеленушінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманының қатысуымен жеке, заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ветеринариялық дәрігер екі данада жасайды және оған барлық қатысушы тұлғалар қол қояды.

      Жолдама актісінің бірінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманына беріледі, екінші данасы өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінде немесе ауыл шаруашылығы құралымдарының, шаруа, фермер қожалықтарының ветеринариялық дәрігерінде немесе асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды иеленушіде қалады.

      9. Кейіннен өткізуге арналған асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды амалсыз сою мал сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес есепке алу нөмірлері бар сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11591 болып тіркелген) бекітілген Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидалары сақтала отырып, жүзеге асырылады.

      10. Асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды амалсыз сою туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді-көшірмелер беру қағидаларына (бұдан әрі – № 367 Қағидалар) сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі.

      Амалсыз сойылған асыл тұқымды жануарлар мен тірі ірі қара малды иеленушілер № 367 Қағидаларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді-көшірме алады.

  Асыл тұқымды жануарларды
және тірі ірі қара малды
амалсыз сою қағидаларына
қосымша

        Нысан

Асыл тұқымды жануарларды және тірі ірі қара малды амалсыз союға жіберу актісі

      Мен________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      ____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)

      ___________________________________ басшысының (жануарды иеленушінің),

      сондай-ақ ветеринария саласындағы маманның ___________________________

      ____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      қатысуымен 20__ жылғы "__"______ ауыл шаруашылығы жануарларын

      бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда жеке нөмірі бар ______________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________
(жануардың түрі, саны, тұқымы, жасы)

      диагнозы (себебі) бойынша: ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________ амалсыз союға жібердік.

      "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағының 17-3) тармақшасына және 10-бабының 1-1-тармағы 32-2) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша амалсыз сою кезінде зертханалық зерттеулердің нәтижелері, сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) күні мен нөмірі, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін берген зертхананың атауы мен мекенжайы, жануарларды санитариялық тазалауды, санитариялық союды жүргізу және/немесе жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын залалсыздандыру (зарарсыздандыру), қайта өңдеу туралы нұсқаманың күні мен нөмірі, нұсқама берген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Амалсыз сою өткізілген орын __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________
(өңдеу кәсіпорнының, сою пунктінің, сою алаңының (ауыл шаруашылығы

      жануарларын сою алаңының) атауы, орналасқан жері)

      Қатысушылардың қолдары:

      1. _______________________________________________________ _________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы)

      2. _______________________________________________________ _________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы)

      3. _______________________________________________________ _________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады