Борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 наурызда № 32007 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақпараттық-есепке алу орталығы" акционерлік қоғамы борышкердің мүлкін сату жөніндегі электрондық аукционды ұйымдастырушы болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 2 наурыздағы
№ 231 Бұйрықпен
бекітілген

Борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы борышкердің мүлкін сату жөніндегі электрондық аукционды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және борышкердің мүлкін сату жөніндегі электрондық аукцион ұйымдастырушының (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы баға – электрондық аукцион барысында қалыптастырылатын лоттың бағасы;

      2) бастапқы баға – әрбір объект бойынша лоттың бағасы, ол объектінің бағалау құнын айқындау нәтижелері бойынша белгіленеді;

      3) жеңімпаз – электрондық аукцион лотына неғұрлым жоғары баға ұсынған және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған электрондық аукционға қатысушы;

      4) қаржы басқарушысы – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қызметті жүзеге асыратын адам;

      5) қатысушы – электрондық аукционға қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      6) кепілдік жарна – электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;

      7) лот – бір немесе бірнеше бірдей және (немесе) біртекті заттардан тұратын борышкердің мүлкі не бөлінуі заттардың шаруашылық мақсатының (функцияларының) өзгеруіне әкеп соқтыратын заттар кешені;

      8) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілім веб-порталы) – Интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналастырылған: www.e-qazyna.kz, борышкерлердің мүлкін сату жөніндегі электрондық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      9) сату бағасы – электрондық аукцион нәтижесінде белгіленген лоттың соңғы бағасы;

      10) сатушы – сот арқылы банкроттығы рәсіміндегі қаржы басқарушысы;

      11) сатып алушы – сатып алу-сату шартына қол қойған электрондық аукционның жеңімпазы;

      12) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      13) электрондық аукцион – тізілім веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін электрондық аукционның сауда-саттық нысаны;

      14) электрондық аукцион залы (бұдан әрі – аукцион залы) – электрондық аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі.

2-тарау. Электрондық аукционды өткізу тәртібі

      3. Борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізуді Заңның 39-бабына сәйкес борышкердің мүліктік массасын түгендеу және бағалау негізінде жасалатын борышкердің мүліктік массасын сату жоспарына (бұдан әрі – Сату жоспары) сәйкес қаржы басқарушысы жүзеге асырады.

      4. Сату жоспарын жасау кезінде Заңның 39-бабы 2-тармағының үшінші бөлігін ескере отырып, сату объектілерінің бастапқы бағасын сатушы мүліктің бағалау құнының 75 (жетпіс бес) пайызынан төмен емес деңгейде белгілейді.

      5. Сату жоспары түпкілікті жасалғаннан кейін сатушы 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімнің веб-порталындағы дерекқорға әрбір лот бойынша мынадай ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді:

      1) сатушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) сатушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);

      3) сатушының телефоны мен мекенжайы;

      4) борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      5) борышкердің ЖСН;

      6) сату объектісі туралы мәліметтер (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және сату объектісі туралы өзге де мәліметтер)

      7) қаржы басқарушысының банктік деректемелері.

      Енгізілген ақпаратқа қосымша сатушы деректер базасына мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін қосуды қамтамасыз етеді:

      1) сату объектісін бағалау туралы есеп;

      2) электрондық аукционына қойылатын сату объектісінің техникалық сипаттамаларын, сыртқы түрін жан-жақты және көзбен бағалауға мүмкіндік беретін кемінде 10 (он) фотосурет;

      3) Сату жоспары;

      4) оның негізінде мүлікке құқықтар туындайтын, өзгертілетін және (немесе) тоқтатылатын сату объектілерінің құқық белгілейтін құжаттары.

      6. Ұйымдастырушы сатушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді деректер базасына енгізген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қателердің бар-жоғын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      7. Сатушы электрондық аукционды өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын Ұйымдастырушымен келісілген электрондық аукционды өткізу туралы ақпараттық хабарламаны әрбір лот бойынша деректер базасына мынадай мәліметтерді енгізу жолымен тізілім веб-порталында жариялайды:

      1) электрондық аукционның күні мен уақыты;

      2) сатушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), ЖСН және байланыс деректері;

      3) лот туралы мәліметтер (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, орналасқан жері, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және сату объектісі туралы өзге де мәліметтер);

      4) лоттың бастапқы бағасы;

      5) кепілдік жарнаның мөлшері;

      6) Ұйымдастырушының банктік деректемелері;

      7) өтінімдерді қабылдау мерзімі;

      8) Ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы.

      8. Электрондық аукционды өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Ұйымдастырушы барлық тілек білдірушілерге тізілім веб-порталында орналастырылған лот бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сатушы барлық тілек білдірушілердің сату объектісіне еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ұйымдастырушы мен сатушы электрондық аукционға қатыспайды. Қатысушыларға консультациялық көмекті Ұйымдастырушы көрсетеді.

      9. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу электрондық аукционды өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап тізілім веб-порталында жүзеге асырылады және электрондық аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады.

      10. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілім веб-порталында қатысушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкердің мүлкін сату жөніндегі электрондық аукционға қатысуға электрондық өтінімді (бұдан әрі – өтінім) беру қажет.

      Өтінім беру үшін қатысушы:

      1) тізілім веб-порталында мыналарды көрсете отырып алдын ала тіркеледі:

      жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН және тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы және бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері (кепілдік жарнаны қайтару үшін);

      байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, е-mail).

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзектендіреді;

      2) электрондық аукционды өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Ұйымдастырушының есеп шотына төлем жүйелері, оның ішінде "Төлемдер және төлем көрсеткіштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мобильді төлем арқылы лоттың бастапқы құнының 10 (он) пайызы, бірақ кемінде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кепілдік жарна енгізеді".

      Кепілдік жарна сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес электрондық аукционға қатысу кезінде мәлімделген шарттарда сатып алу-сату шартын жасасуды қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

      Кепілдік жарнаны енгізу кезінде төлем тағайындауда қатысушының ЖСН немесе БСН көрсетіледі.

      Электрондық аукционға қатысушыларға кепілдік жарнаны бірнеше төлеммен енгізуге жол беріледі.

      11. Электрондық аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталы 2 (екі) минут ішінде дерекқорда өтінім берілген лот бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.

      Дерекқорда осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келетін кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер болған кезде, тізілім веб-порталы өтінімді қабылдауды жүзеге асырады және тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмірді беру арқылы қатысушыға электрондық аукционға жіберуді дереу ұсынады.

      Дерек базасында Ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның түскені немесе осы Қағидалардың 10-тармағының ережелерін сақтамағаны туралы мәліметтер болмаған кезде тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдамайды

      12. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталы тізілімнің веб-порталында тіркеу кезінде көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдау не қабылдамау туралы электрондық хабарлама жібереді.

      13. Электрондық аукцион Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде (Астана қаласы уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады) аукцион залында өтеді".

      14. Электрондық аукцион электрондық аукционды өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласы уақыты бойынша басталады.

      Бұл ретте электрондық аукционға қатысушылар оның басталуына дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукцион залына кіреді және лот үшін өзінің баға ұсынысын, бірақ бастапқы бағадан төмен емес.

      15. Егер лот бойынша электрондық аукцион басталған сәтте тіркелген және аукцион залында бары 2 (екіден) аз қатысушы болса, онда электрондық аукцион өткізілмеген деп танылады.

      16. Электрондық аукцион қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін мынадай түрде өткізіледі:

      1) электрондық аукцион басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың лот үшін баға ұсыныстары көрсетіледі, олар шарттарды сақтай отырып, лот сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптастырылады;

      2) электрондық аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын ұлғайту мүмкіндігі беріледі

      3) егер электрондық аукцион басталғаннан бастап 10 (он) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы ең жоғары ағымдағы бағаны арттырмаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      4) егер аукцион залында электрондық аукцион басталғаннан бастап 10 (он) минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын ұлғайту жолымен лотты сатып алуға өзінің ниетін растайтын болса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;

      5) егер ағымдағы баға өскеннен кейін 10 (он) минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен лотты сатып алу ниетін растамаса, онда лотты сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады;

      6) егер электрондық аукцион аяқталған сәтте Астана қаласы уақыты бойынша сағат 17:00-де электрондық аукцион жеңімпазы анықталмаса, онда лотты сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы лот бойынша электрондық аукцион өтті деп танылады.

      17. Егер электрондық аукцион басталған сәтте 2 (екі) және одан да көп қатысушылардың баға ұсыныстары лот үшін бірдей ең жоғары бағаны қамтыса және осы ағымдағы баға 10 (он) минут ішінде ұлғайтылмаса, онда баға ұсынысы басқа баға ұсыныстарынан бұрын аукцион залында тіркелген қатысушы осы қатысушылар арасында электрондық аукционның жеңімпазы болып танылады.

      18. Бағаны өзгерту қадамы келесідей белгіленеді:

      1) Бастапқы немесе ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 2000 еселенген мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      2) АЕК мөлшерінің 2000-нан 5000 еселенген мөлшерінде бастапқы немесе ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 7 (жеті) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      3) АЕК мөлшерінің 5000 еселігінен 10000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі бастапқы немесе ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      4) АЕК мөлшерінің 10000 еселігінен 25000 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі бастапқы немесе ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 2,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      5) АЕК мөлшерінің 25000 еселігінен 50000 еселенген мөлшеріне дейінгі және одан жоғары мөлшердегі бастапқы немесе ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 1 (бір) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      6) АЕК мөлшерінің 50000 еселенген және одан жоғары мөлшеріндегі бастапқы немесе ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      19. Электрондық аукцион барысында электрондық аукционды өткізуге кедергі келтіретін техникалық істен шығу туындаған кезде Ұйымдастырушы:

      1) техникалық істен шығу фактісін және ол тізілім веб-порталы тарапынан болған кезде тіркейді;

      2) сатушыны және барлық қатысушыларды тізілім веб-порталында электрондық аукционды тоқтата тұру туралы ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді;

      3) тізілімнің веб-порталында ақпаратты орналастыру және электрондық хабарды электрондық мекенжайға жіберу арқылы электрондық аукционның жалғасатын күні мен уақыты туралы қатысушыларды электрондық аукционға қатысуға жіберілген кемінде 24 (жиырма төрт) сағат бұрын хабардар ете отырып, Ұйымдастырушы техникалық іркілісті түзеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық аукционды жалғастыруды ұйымдастырады тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушы.

      Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдықтарының техникалық істен шығуының болуы электрондық аукционды тоқтата тұру үшін негіз болып табылмайды.

      20. Әрбір сатылған лот бойынша электрондық аукционның нәтижелері сатушы мен жеңімпаз электрондық аукцион өткізілетін күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қол қоятын сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді.

      Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша лотты сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

      21. Егер электрондық аукцион өткізілмеген болса, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық өткізілген күні өткізілмеген сауда-саттық туралы актіге қол қояды.

      Өткізілмеген сауда-саттық туралы актіні тізілім веб-порталы қалыптастырады.

      Бұл ретте, кредиторлар Заңның 39-бабының 1-тармағына сәйкес тікелей сату әдісімен сату туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, мүліктік массаны кейіннен өткізу өткізілмеген электрондық аукцион туралы актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      22. Электрондық аукционда жеңіске жеткен қатысушының кепілдік жарнасын Ұйымдастырушы жеңімпаздың кепілдік жарнасын аударуға арналған өтінішке тізілім веб-порталында сатушы қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сатушының шотына аударады және сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі аванстық төлем шотына жатады.

      Егер кепілдік жарнаның сомасы сату бағасынан асып кетсе, онда Ұйымдастырушы сатушы мен жеңімпаз тізілім веб-порталында сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға айырманы қайтарады.

      Осы тармақта көзделмеген қалған жағдайларда Ұйымдастырушы кепілдік жарналарды қатысушыларға электрондық аукцион өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Кепілдік жарналарды аударуды және қайтаруды Ұйымдастырушы тізілім веб-порталы арқылы берілген және ЭЦҚ қойылған қатысушының электрондық өтініші негізінде жүргізеді.

      23. Жеңімпаз белгіленген мерзімде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда, ЭЦҚ-сы бар сатушы тізілім веб-порталында сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы лот бойынша жойылған электрондық аукцион шарттарымен қайтадан электрондық аукцион өткізіледі. Бұл ретте жеңімпаз өзі енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады.

      24. Сатып алу-сату шарты тізілім веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

      Бұл ретте сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен жеңімпаз арасында Ұйымдастырушының шотына ақша қаражатын аудару жолымен мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннің алдындағы күннен кешіктірілмей лотты сату бағасының кемінде 30 (отыз) пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Аванстық төлем сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету болып табылады.

      Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің есебіне есептеледі;

      2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей енгізіледі.

      Түпкілікті төлемді кешіктіру сатушының кепілдік жарнаны қайтармай біржақты тәртіппен сатып алу-сату шартын бұзуы үшін негіз болып табылады.

      Сату бағасы ретінде түскен ақшалай қаражатты Ұйымдастырушы сатушының шотына осы тармақтың 2) тармақшысының екінші бөлгінде көзделген қалған сома түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударады

      25. Жеңімпаз осы Қағидалардың 24-тармағында белгіленген міндеттемелерді бұзған кезде сатушы сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актінің тізілім веб-порталында ЭЦҚ-мен қол қою арқылы сауда-саттықты өтпеді деп тану туралы шешім қабылдайды.

      Осы лот бойынша электрондық аукцион қайта өткізіледі.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 24-тармағының ережелерін бұзған жеңімпаз электрондық аукционның осы лотына қайта қатысуға жіберілмейді.

      26. Электрондық аукционды өткізілмеген деп тану қорытындылары бойынша кредиторлар Сату жоспарына сәйкес электрондық аукционды қайта өткізу немесе тікілей сату не мүліктік массаны заттай беру туралы шешім қабылдайды.

      Егер кредиторлар Сату жоспарына сәйкес шешім қабылдаса:

      - Сату жоспарындағы өзгерістерге сәйкес қайта аукцион өткізу туралы, одан кейін мүлікті қайта сату осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей жүргізіледі;

      - сатушы тізілімнің веб-порталына құжаттарды (мүлікті бағалау туралы есепті, мүлікті бағалау туралы есепті) енгізе және қол қоя отырып, шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сату объектісі және сату объектісімен өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат енгізеді. сатып алу-сату шартын және/немесе қабылдау-беру актісін) электрондық түрде ЭЦҚ пайдалана отырып.

      27. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген іс-әрекеттерге шағымдану нормаларына сәйкес сатушының және ұйымдастырушының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ актілеріне (шешімдеріне) дау айтады.

  Борышкердің мүлкін сату
бойынша электрондық
аукцион өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукционға қатысуға өтінім

      1. Борышкердің мүлкін сату туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және Борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидаларымен танысқаннан кейін _________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген тұлға үшін: тегі, аты

      және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе); заңды тұлға

      үшін: атауы)

      20__ жылғы "____" _________ сағат ____________ тізілім веб-порталында өтетін аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) аукционға қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім, оны сату объектілері бойынша сауда-саттық нәтижелері анықталғанға дейін веб-портал бұғаттайды:

Сату объектісінің атауы

Кепілдік жарна сомасы, теңге

1



2




Жиыны:


      3. Егер мен (біз) сауда-саттықтың жеңімпазы (дары) болып айқындалсам, аукцион өткізілген күні сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін өзіме қабылдаймын.

      5. Мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынымен және:

      1) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылмаған;

      2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қойылмаған;

      3) мен (біз) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайларда сатушыда қалатынымен келісемін.

      6. Осы өтінім сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие болады.

      7. Мен өзім туралы мәліметтерді ұсынамын:

      Жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген тұлға үшін:

      Тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________

      Төлқұжат деректері ____________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________

      Телефон нөмірі: ________________________________________________

      Банк деректемелері: ___________________________________________

      Банктің атауы _________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) ________________________

      Банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) _______________________

      Бенефициар коды ______________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1)____________________________________________________________

      2)____________________________________________________________

      3)____________________________________________________________

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы ________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________________________

      Тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Мекен-жайы: __________________________________________________

      Телефон нөмірі: ________________________________________________

      Банк деректемелері: ____________________________________________

      Банктің атауы __________________________________________________

      ЖСК __________________________________________________________

      БСК __________________________________________________________

      Бенефициар коды ______________________________________________

      Өтінімге қоса беріледі:

      1)____________________________________________________________

      2)____________________________________________________________

      3)____________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      Қатысушы 20__ жылғы "____" ______________ сағат ______ қол қойды, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер__________

      ЭЦҚ-ға қол қойылған күні мен уақыты _____________________

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы "____" __________ ________ сағат ________ минутта қабылдады.

      Қатысушының аукциондық нөмірі: ________________________________________

      (аукцион аяқталғаннан кейін өтінімде көрсетіледі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады