"Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2023 жылғы 16 наурыздағы № 30-9/49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 наурызда № 32133 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салудың:

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

      1) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта.

      Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 25 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      2) Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары ,сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      3) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерінде және су ағындарында 5 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      4) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      5) Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 5 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      6) Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      7) Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, 25 наурыздан 5 шілдені қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдерінде:

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мынадай:

      1) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:

      Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде 6 маусымнан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      Іле өзенінің атырауында 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 6 шілдеден 24 наурызды қоса алғандағы аралықта;

      2) Кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      3) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта.

      Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 9 маусымнан 24 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын өзендерде және су ағындарында 21 мамырдан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      5) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құймалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 2 маусымнан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті төрағасы
Н. Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады