Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11939 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 Қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 378) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізілсін.
      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
      2-1. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салынсын.
      Ескерту. Бұйрық 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 24.11.2016 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі 3-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгерілмейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 24.11.2016 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Орман шаруашылығы және
      жануарлар дүниесі комитеті
      төрағасының міндетін атқарушы         Қ. Үстеміров

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті төрағасының
міндетін атқарушының   
2015 жылғы 24 шілдедегі 
№ 190 бұйрығына      
1-қосымша        

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері
мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу

1. Жалпы ережелер

      1. Осы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі – шектеу мен тыйым салу) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 Қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 378) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту мақсатында шектеу мен тыйым салу олардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.
      3. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 тіркелген) Балық аулау қағидаларында айқындалатын ғылыми-зерттеу (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде), бақылаумелиоративтік аулауды, өсімін молайту мақсатында (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) аулауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлы балықты жасанды өсіру үшін пайдаланылатын су айдындарына қолданылмайды.
      4. Ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың 8%-нан және сүзгіш аулау құралдарында 5%-нан артық көлемде өзге балық түрлерінің және кәсіпшілік мөлшеріне сәйкес емес балықтың аулануына тыйым салу енгізілсін.
      5. Мына:
      1) үшкір аулау құралдарын (шанышқы, найза, қапқан), өздігінен аулау құралдарын (ілмек, тартпа, артпа), жарылғыш және уландырғыш заттарды, сондай-ақ оқпен атылатын қаруларды қолдана отырып;
      2) қолдануы Балық аулау қағидаларында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10266 тіркелген) Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне енгізілмеген балық аулау құралдарымен, әдістермен және тәсілдермен;
      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 тіркелген) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес нысан бойынша балық аулау қағидаларында және жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатында көзделген тор көзі кіші аулау құралдарын қолдана отырып;
      4) осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезеңінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде, мерзімдерде және орындарда;
      5) осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;
      6) үркіту, сылдырлау арқылы шошыту, қуалау тәсілдерімен;
      7) балық аулау қағидасында белгіленген кәсіпшілік мөлшерден аз балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынсын.

2. Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу

      6. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
      1) Шығыс тасталым сызығынан (Құркелес өзенiнің сағасы) Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына дейiнгі Сырдария өзенiнде және Шардара су қоймасының (Шығыс тасталым, Құркелес, Отырлы өзендерiнiң сағасы, Корей шығанағы) негiзгi уылдырық шашу учаскелерiнде 1 сәуірден 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      2) Шардара су қоймасының су айлағында 10 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      3) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 01.10.2015 № 249 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4) Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      5) сағадан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      6) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      7) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 01.10.2015 № 249 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салу енгізілсін.
      8. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
      1) Арыс және Келес өзендерінде;
      2) Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 километр (бұдан әрі – км), Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      Ескертпе: балық өлiмiн болдырмау мақсатында Көкарал бөгетiнiң төменгi бьефінде, Кiшi Арал теңiзiн Үлкен Арал теңiзiмен байланыстыратын жылғада, сондай-ақ Үлкен Арал теңізіне суды тастау кезінде 2 км бөгет алды аймақта балық аулауға жол беріледі.
      8-1. Шардара су қоймасында қоймалы ауды қолдануға тыйым салу енгізілсін.
      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 01.10.2015 № 249 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша шектеу мен тыйым салу

      9. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
      1) Балқаш көлінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғары бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      3) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерінде және су ағындарында 5 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      4) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      5) Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 5 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      6) Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      7) Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, 25 наурыздан 5 шілдені қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.04.2013 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.05.2013 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      10. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
      1) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе кенті) дейінгі Іле өзенінде және Іле өзенінің барлық атырауында;
      2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін Іле өзенінде;
      3) Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауындағы Үтік шоқысын (аңшылық шаруашылығы кордоны) және оң жақ жағалаудағы бұрынғы 90 км (қорықшылар үйі) және қосатын тік сызықтан Іле өзенінің ағысымен жоғарғы бағытта Шарын өзенінің сағасына дейін;
      4) Жалаңашкөл көлінде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 15.06.2016 № 167 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Балқаш көлінде жылымдарды қолдана отырып қанаттары толық ашылғаннан кейін екі қанатын бір уақытта моторлы тарту (тралдау тәсілі) арқылы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

4. Ертiс балық шаруашылығы бассейнi бойынша шектеу мен тыйым салу

      12. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
      1) Жайсан көлінде және Қарақастан Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      2) Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      3) Шүлбі және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін Ертіс өзенінде 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      4) Павлодар облысының арқалық, тұщы және тұзды су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықтағы Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 10 мамырдан 20 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      13. Ақсаха балық түрлері уылдырық шашу және артемияның көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
      1) Жайсан көлінде, Бұқтырма және Өскемен су қоймаларында және Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде ақсаха балық түрлерін 10 қарашадан 10 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта аулауға;
      2) Павлодар облысының су айдындарында артемия жұмыртқаларын 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта жинауға және дайындауға тыйым салу енгізілсін.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 29.08.2016 № 211 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
      1) Ұлтарақ мүйiсiн бұрынғы Ескi Қарақас кентімен байланыстыратын сызығынан батысқа қарай Жайсан көлiнiң солтүстiк-батыс бөлiгiнде;
      2) Аманат-Сақтаған-Қамысзауыт сызығынан шығысқа қарай Қара Ертiс өзенiнің атырауында;
      3) Жайсан көліне құятын жерден ҚХР мемлекеттік шекарасына дейінгі Қара Ертiс өзенiнде;
      4) Ойран-Жасыл сызығынан шығысқа қарай (Торанғы шығанағы);
      5) Қозғалмалы механикаландырылған колона мүйісімен Қуандық мүйiсін байланыстыратын сызықтан шығысқа қарай Үлкеннарым шығанағында;
      6) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып бастауынан сағасына дейінгі аралықтағы Боқан, Көкпектi, Күршiм, Бұқтырма, Нарым, Калжыр, Ақ-Қаба, Қара-Қаба, Ақсу, Кендірлік өзендерiнде және олардың құймаларында;
      7) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Шүлбі су қоймасының Қызыл-Су, Шүлбi, Ковалевский, Осиха шығанақтарында, Өскемен су қоймасының Таловский шығанағында және Оба өзенінің жылғасында жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      15. Бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға жыл бойы тыйым салу енгізілсін.

5. Есіл балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу

      16. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
      1) Есіл бассейнінің су айдындарында:
      шортан, аққайран және көксерке – 15 сәуірден 15 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы) – 20 мамырдан 20 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      гамарус – 1 тамыздан 14 қыркүйекті қоса алғандағы аралықта;
      артемия жұмыртқалары – 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      өзен шаяндары – 1 маусымнан 15 шілдені қоса алғандағы аралықта аулауға (жинауға, дайындауға);
      2) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және олардың барлық құймалары мен су қоймаларында 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

6. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу

      17. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
      1) Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында:
      көксерке – 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы) – 15 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға;
      2) Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың барлық су қоймаларында (Екібастұз, № 1-11 гидротораптары, № 29 Тұзды су жібергіші):
      көксерке – 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы) – 1 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға тыйым салу енгізілсін.
      18. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
      1) Шерубай-Нұра су қоймасы – Шерубай-Нұра өзенiнiң сағасынан 1 км, Шерубай-Нұра өзенінің сағасынан су қойманың оңтүстік жағалауымен 2 км және сағадан солтүстiк жағалаумен 1 км жердегі Шерубай-Нұра өзенiнің саға алды учаскесінде;
      2) Самарқанд су қоймасы – солтүстiк жағалаумен 2 км бойы және оңтүстiк жағалаумен 1,5 км бойы су қойманың шығыс бөлігінде, сондай-ақ 500 метр (бұдан әрі – м) сағадан шығысқа қарай Нұра өзенiнiң арнасында;
      3) Шалқар және Рудный көлдерi – өзара байланыстыратын жылғада, шығанаққа дейiнгi Рудный көлiнде, 500 м Шалқар көлінің iшкі бағытындағы учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

7. Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу

      19. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
      1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелдi, Жангелдi аудандарының су айдындарында:
      шортан – 20 наурыз бен 20 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 20 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта аулауға;
      2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:
      мөңке – 20 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      шортан, аққайран – 10 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 20 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      ақсаха балық түрлері – 20 қазаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
      нәлім – 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
      шаян – 15 қазан мен 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға;
      3) Торғай мемлекеттiк табиғи қорықтың (зоологиялық) аумағында орналасқан су айдындарда 15 сәуірден 31 тамызды қоса алғандағы аралықта балық аулауға;
      4) Ақтөбе облысының басқа су айдындарында:
      шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа, тарақ балық – 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан – 20 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      нәлім – 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
      ақсаха балық түрлері – 20 қазан мен 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
      шаян – 15 қазаннан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға;
      5) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 шілдені қоса алғандағы аралықта:
      сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;
      Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      20. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
      1) сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;
      2) Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында;
      3) Ырғыз-Торғай жүйесінің көлдері арасындағы жылғаларда, сондай-ақ сағадан Дүкен аулына дейінгі Өлкейік өзенінде, Ақтөбе облысы шегіндегі Телқара және Торғай өзендерінде жыл бойы кәсiпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

8. Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу

      21. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындарда, учаскелерде және мерзімдерде:
      1) Каспий теңiзi қазақстандық секторы солтүстiк бөлiгiнің су айлағында 10 мамырдан 31 тамызды қоса алғандағы аралықта;
      2) Каспий теңiзi қазақстандық секторының Түпқараған мүйiсiнен Бұрыншық мүйiсiне дейiнгi Маңғышлақ мыңаралы аралдары мен жапсарлас жағалауында 15 қарашадан 15 наурызды қоса алғандағы аралықта;
      3) Жайық пен Қиғаш өзендерiнiң жанама су айдандарында 1 сәуірден 31 тамызды қоса алғандағы аралықта;
      4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде 25 сәуірден 15 тамызды қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;
      5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде 25 мамырдан 15 тамызды қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;
      6) Құшым өзенiнде және Киров, Битик, Донголюк, Пятимар су қоймаларында 1 мамырдан 15 шілдені қоса алғандағы аралықта;
      7) Шалқар көлiнде, Жайық-Құсмұрын суғару-суару жүйесінің көлдерінде және Қамыс-Самара жүйесінің көлдері мен өзендерінде 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      8) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарында 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.04.2013 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.05.2013 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      22. Жайық өзенiндегі стационарлық ұйықтық учаскелерінде (күндіктер) мынадай шектеулер енгізілсін:
      1) көктемдiк балық аулау маусымында 25 сәуiрге дейiн 5:3 (5 күн балық ауланады, 3 күн тыйым салынады);
      2) күздiк балық аулау маусымында мұз қатқанға дейiн 5:2 (5 күн балық ауланады, 2 күн тыйым салынады).
      23. Кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
      1) Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 1 сәуірден 15 шілдені қоса алғандағы аралықта;
      2) Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде мұз қатқан кезеңде сейсенбі және сәрсенбі күндері;
      3) Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      4) Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде және оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 10 сәуірден 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
      5) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарда 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      6) тәуліктің түнгі уақытында балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      24. Барлық суда 1 мамырдан 30 қыркүйекті қоса алғандағы аралықта шаяндарды аулауға тыйым салу енгізілсін.
      25. Мына:
      1) өсімін молайту кәсіпорындарын (мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде);
      2) ғылыми зерттеу үшін аулауды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарын;
      3) бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға квотасы болған жағдайда мемлекеттік монополия субъектісін қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға, бекіре тұқымдас балықтарды және оның дериваттарын (уылдырығын) пайдалануға тыйым салу енгізілсін.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 24.11.2016 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
      1) сағадан Кіші Дамба ұйықтық учаскесіне дейінгі және Төменгі Татар ұйықтық учаскесінен Батыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Жайық өзенінде;
      2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып, Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде;
      3) Жайық өзенінің төменде көрсетілген шегінде:
      батысында – 47003' солтүстік ендіктегі (бұдан әрі – с.е.) 51033' шығыс бойлықтағы (бұдан әрі – ш.б.) нүктесін 46050' с.е. и 51022' ш.б. нүктесімен қосатын тік сызық бойымен;
      шығысында – 460511 с.е. и 520091 ш.б. нүктесін 460381 с.е. и 510421 ш.б. нүктесімен қосатын тік сызық бойымен;
      оңтүстігінде – 460381 с.е. и 510421 ш.б. нүктесін 460501 с.е. и 510221 ш.б. нүктесімен қосатын тік сызық бойымен саға алды кеңістігінде;
      4) Қиғаш өзенінің (Еділ өзені атырауының шығыс бөлігі) төменде көрсетілген шегінде:
      батысында – Каныченский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Телячинский балық өту каналымен қиылысқан жерінен Коневский балық өту каналымен қиылысқан жеріне дейін;
      шығысында – Ганюшкинский балық өту каналының оң жақ жағалауымен 70 км-нан 112 км (Коневский балық өту каналымен қиылысқан жері) дейін;
      оңтүстігінде – Коневский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Каныченский балық өту каналының қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 112 км дейін;
      солтүстігінде – Каныченский балық өту каналымен Телячинский балық өту каналы қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 70 км дейінгі тік сызық бойымен саға алды кеңістігінде;
      Ескертпе: Қиғаш өзенінің саға алды кеңістігінде Птичий, Ватажный, Иголкинский, Коневский, Мальцев, Новинский, Жар-Көсе, Тришкин, Деменьев, Верхняя коса учаскелерінде балық аулауға жол беріледі;
      5) балық өту каналдардан 1 км екі жақ бағытта олардан 2 м тереңдікке дейін балық өту каналдарында;
      6) Каспий теңізі қазақстандық секторының 67, 93, 94, 95, 98, 99, 123, 124, 125, 128, 150, 154, 155, 158, 159, 160, 181, 182, 187, 218, 219, 259, 260, 300 квадраттарында кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып, жыл бой балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      27. Қыс мезгілінде:
      1) Жайық өзенінің мынадай қыстау шұңқырларында:
      Буровиков – Буровиков ауылына қарама-қарсы, Бугорки ұйықтық учаскесінен 1,2 км жоғары Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 98 м, ұзындығы – 95 м, тереңдігі – 9 м, ауданы – 0,93 гектар (бұдан әрі – га). Координаттары: № 47013.062 E051055.350;
      Теңдік – Теңдік ауылына қарама-қарсы Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 150 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 13 м, ауданы – 1,35 га. Координаттары: № 47009.825 E051056.408;
      Водозаборлық – Жайық өзенінде, 1 учаске, қалалық су тарту Су-Арнасы. Параметрлері: ені – 88 м, ұзындығы – 135 м, тереңдігі – 10 м, ауданы – 1,18 га. Координаттары: №47007.813 E051055.733;
      ОСВОД – ОСВОД-қа қарама-қарсы Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 50 м, ұзындығы – 140 м, тереңдігі – 9,8 м, ауданы – 0,7 га. Координаттары: № 47006.750 E051055.147;
      Қалалық – Жайық өзеніндегі АМӨЗ су жинақтағышына қарама-қарсы. Параметрлері: ені – 50 м, ұзындығы – 120 м, тереңдігі – 16 м, ауданы – 0,6 га. Координаттары: №46057.240 E051o44.019;
      Үлкен Дамба – мұз базасынан ағыспен жоғарға қарай 500 м Жайық өзенінің Золотой арнасында. Параметрлері: ені – 100 м, ұзындығы – 300 м, тереңдігі – 8,7 м, ауданы – 3,0 га. Координаттары: №46057.813 E051045.252;
      Кіші Дамба – Золотой арнасы Дамба жылғасымен түйіскен жерінен ағыспен төмен қарай ұзақтығы 200 м. Параметрлері: ені – 75 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 9,0 м, ауданы – 0,7 га. Координаттары: №46057.240 E051044.019;
      Төменгі Пешной – Сасық өзектің жанында Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 100 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 9,8 м, ауданы – 0,9 га. Координаттары: №46054.045 E051030.558;
      Үлкен Ганюшин – Яицкий жылғасындағы, сағадан жылғалармен 10 км ағыспен жоғары қарай балық қадағалау постының маңынан 240 м Жайық өзенінің атырауында. Параметрлері: ені – 60 м, ұзындығы – 50 м, тереңдігі – 8,0 м, ауданы – 0,3 га. Координаттары: №47000.564 E051047.368;
      Кіші Ганюшин – Үлкен Ганюшин шұңқырынан 1 шқ ұзындығы 280 м құрайтын Яицкий жылғасында. Параметрлері: ені – 90 м, ұзындығы – 30 м, тереңдігі – 6,5 м, ауданы – 0,27 га. Координаттары: №47000.668 E051047.438;
      Теңіздік – Яицкийдің оң жақ арнасында, Сол жақ Узенький жылғасының сағасынан 3 шқ ұзақтығы 150 м. Параметрлері: ені – 20 м, ұзындығы – 20 м, тереңдігі – 4,5 м, ауданы – 0,04 га. Координаттары: №47000.317 E051044.802;
      Қара – Золотой арнасынан бөлінген жерінен 300 м Яицкий арнасында. Параметрі: ені – 50 м, ұзындығы – 25 м, тереңдігі – 6,9 м, ауданы – 0,12 га. Координаттары: №47003.516 E051050.895;
      Кукушин – Атырау қаласынан 208 км;
      Абишев – Атырау қаласынан 397 км;
      Круглов – Атырау қаласынан 400 км;
      Камнов – Атырау қаласынан 461 км;
      Сахарлық – Атырау қаласынан 472 км;
      Бабров – Атырау қаласынан 578 км;
      Жыра – Атырау қаласынан 629 км;
      Вонючая – Атырау қаласынан 650 км;
      Вертячая – Атырау қаласынан 654 км;
      Джилимная – Атырау қаласынан 681 км;
      Көк базар – Атырау қаласынан 718 км;
      2) Қиғаш өзенінің мынадай қыстау шұңқырларында:
      Дамба – Сумница өзенiндегi Дамба ұйықтық учаскесінің жылғасынан ағыс бойымен төменгі бағытта 850 м. Параметрлері: ені – 220 м, ұзындығы – 100 м, тереңдігі – 12 м, ауданы – 2,2 га. Координаттары: №46028.41 E048050.52;
      Корзиналық – Корзиналық өзенiндегі Тік Каныча өзенiнiң бастауынан ағыс бойымен төменгі бағытта Манчаус өзенiнiң ойпатына дейiн ұзындығы 2000 м. Параметрлері: ені – 130 м, ұзындығы – 95 м, тереңдігі – 10-12 м, ауданы – 1,3 га. Координаттары: №46028.37 E049004.40;
      Канычин – Каныча өзенiнiң бойындағы Қызыл-Оба өзегінен төмен Тік Каныча өзенінің бастауына дейінгі ұзындығы 2500 м. Параметрлері: ені – 130 м, ұзындығы – 80 м, тереңдігі – 10-12 м, ауданы – 1,1 га. Координаттары: №46028.56 E049002.30 балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

9. Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу

      28. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
      1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 1 наурыздан 1 шілдені қоса алғандағы аралықта;
      2) Шу-Талас бассейнінің басқа су айдындарында 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
      29. Тыныштық аймағын құру мақсатында Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті төрағасының
міндетін атқарушының   
2015 жылғы 24 шілдедегі 
№ 190 бұйрығына      
2-қосымша        

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері
мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері

1. Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні бойынша балық
ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен
дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері

      1. Мынадай:
      1) Шығыс тасталым сызығынан (Құркелес өзенiнің сағасы) Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына дейiнгі Сырдария өзенiнде және Шардара су қоймасының Шығыс тасталым, Құркелес, Отырлы өзендерiнiң сағасы, Корей шығанағы учаскелерiнде 1 маусымнан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
      2) Шардара су қоймасының су айлағында 21 мамыр мен 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      3) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 01.10.2015 № 249 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 1 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      5) сағадан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 31 мамырдан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
      6) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 11 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      7) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарда 11 маусымнан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      8) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасы аумағының шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 тамыздан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері (бұдан әрі – пайдалану орындары мен мерзімдері) белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 01.10.2015 № 249 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері

      2. Мынадай:
      1) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
      Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде 6 маусымнан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      Іле өзенінің атырауында 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 6 шілдеден 24 наурызды қоса алғандағы аралықта;
      2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғарғы бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      3) Балқаш көлінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын өзендерде және су ағындарында 21 мамырдан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      5) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құймалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 2 маусымнан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.

3. Ертiс балық шаруашылығы бассейнi бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері

      3. Мынадай:
      1) Жайсан көлінде және Қарақастан Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 31 мамырдан 15 сәуiрді қоса алғандағы аралықта;
      2) Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiнгі Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      3) Шүлбі және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейінгі және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде 11 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      4) Павлодар өзенінің арқалық, тұщы және тұзды су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 21 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      5) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Павлодар облысының су айдындарында 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
      6) ақсаха балық түрлерін аулау үшін Жайсан көлінде, Бұқтарма және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 29.08.2016 № 211 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Есіл балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері

      4. Мынадай:
      1) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі Есіл, Нұра, Селеті өзендерінде және олардың барлық құймалары мен су қоймаларында 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      2) басқа су айдындарында:
      шортан, аққайран, көксерке – 16 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы) – 21 маусымнан 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      гамарус – 15 қыркүйектен 31 шілдені қоса алғандағы аралықта;
      артемия жұмыртқалары – 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
      өзен шаяндары – 16 шілдеден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.

5. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері

      5. Мынадай:
      1) Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың барлық су қоймаларында (Екібастұз, № 1-11 гидротораптары, № 29 Тұзды су жібергіш):
      көксерке – 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы) – 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      2) басқа су айдындарында:
      көксерке – 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы) – 1 мамырдан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.

6. Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері

      6. Мынадай:
      1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелдi, Жангелдi аудандарының су айдандарында:
      шортан – 21 сәуірден 19 наурызды қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 31 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:
      мөңке – 11 маусымнан 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      шортан, аққайран – 11 мамыр мен 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 1 шілдеден 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      ақсаха балық түрлері – 1 желтоқсаннан 19 қазанды қоса алғандағы аралықта;
      нәлім – 1 ақпаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
      шаян – 1 шілдеден 14 қазанды қоса алғандағы аралықта;
      3) Торғай мемлекеттiк табиғи қорықтың (зоологиялық) аумағында орналасқан су айдындарында 1 қыркүйектен 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      4) Ақтөбе облысының басқа су айдындарында:
      шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпан, тарақ балық – 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан – 16 маусымнан 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      нәлім – 1 ақпаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
      ақсаха балық түрлері – 1 желтоқсаннан 19 қазанды қоса алғандағы аралықта;
      шаян – 1 маусымнан 14 қазанды қоса алғандағы аралықта;
      5) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында, сондай-ақ Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында 2 шілдеден 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.

7. Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері

      7. Мынадай:
      1) балық аулауға тыйым салынған орындарды есептемегенде, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының солтүстiк бөлiгiнің су айлағында 1 қыркүйектен 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      2) Түпқараған мүйiсiнен Бұрыншық мүйiсiне дейiнгi Маңғышлақ мыңаралы аралдары мен жапсарлас жағалауында 16 наурыздан 14 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
      3) Жайық және Қиғаш өзендерінің жанама су айдындарында 1 қыркүйектен 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
      4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыздан 24 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыздан 24 мамырды қоса алғандағы аралықта;
      6) Құшым өзенiнде және Киров, Бітік, Донголюк, Пятимар су қоймаларында 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      7) Шалқар көлiнде, Жайық-Құсмұрын суғару-суару жүйесінің көлдерінде және Қамыс-Самара жүйесінің көлдері мен өзендерінде 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      8) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарында 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      9) шаяндарды аулау үшін барлық суда 1 қазаннан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      10) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
      Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 16 маусымнан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
      Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      Жайық өзенінде, оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 16 маусымнан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
      Батыс Қазақстан облысының шегіндегі басқа су айдындарда 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.

8. Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері

      8. Мынадай:
      1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 2 шілдеден 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
      2) басқа су айдындарында 1 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар  
дүниесі комитеті төрағасының 
міндетін атқарушының     
2015 жылғы 24 шілдедегі 
№ 190 бұйрығына     
3-қосымша        

Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу

   Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 24.11.2016 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі – шектеу мен тыйым салу) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі 310 Қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 378) тармақшасына сәйкес және жануарлар дүниесін сақтап қалу және өсімін молайту мақсатында әзірленді.
      2. Шектеу мен тыйым салу жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға қолданылмайды.
      3. 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейінгі мерзімге аң аулауға тыйым салынсын.
      4. Кәсіпшілік аңшылықты қоспағанда, құстар мен терісі бағалы аңдардың әр түріне тәуліктік алып қою мөлшерін бір аңшыға бес дараққа дейін шектеу қойылсын.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады