Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 26 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 сәуірде № 32373 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 231-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне және 249-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептің нысаны;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық форматта ұсынады.

      3. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 24 сәуірдегі
№ 26 Қаулыға
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1 - NALSPO

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей

  Нысан

1-кесте. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер

      (мың теңгемен)

Атауы

Жол коды

Сомасы

1

2

3

Пруденциялық нормативтерді ескере отырып қалыптастырылған активтер (реттеуші активтер), оның ішінде:

100


Ақшалай қаражат және ақшалай қаражаттың баламалары

101


Орналастырылған салымдар

102


Өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар

103


Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар

104


"Кері репо" операциялары

105


Аффинирленген қымбат металдар

106


Туынды қаржы құралдары

107


Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

108


Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

109


Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

110


Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

111


Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша қайта сақтандыру активтері (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

112


Сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақысы (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

113


Пруденциялық нормативтерге қойылатын талаптарды ескере отырып қайта сақтандыру бойынша есептелген комиссиялық кіріс

114


Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

115


Басқа да дебиторлық берешек (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

116


Сақтанушыларға берілген қарыздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

117


Болашақ кезеңдердің шығысы

118


Ағымдағы салық активі

119


Кейінге қалдырылған салық активі

120


Амортизацияланған құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар

121


Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар

122


Қорлар

123


Негізгі құрал-жабдықтар

124


Пайдалану құқығы нысанындағы активтер

125


Инвестициялық мүлік

126


Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

127


Материалдық емес активтер

128


Басқа да реттеуші активтер

129


Пруденциялық нормативтерді ескере отырып қалыптастырылған міндеттемелер (реттеуші міндеттемелер), оның ішінде:

200


Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві

201


Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын резерві

202


Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын резерві

203


Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын резерві

204


Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын резерві

205


Алынған қарыздар

206


Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу

207


Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша делдалдармен есеп айырысу

208


Дивидендтер бойынша акционерлермен есеп айырысу

209


Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлеуге берілетін шоттар

210


Басқа да кредиторлық берешек

211


Бағалау міндеттемелері

212


Жалдау бойынша міндеттемелер

213


Репо операциялары

214


Туынды қаржы құралдары

215


Шығарылған облигациялар

216


Болашақ кезеңдердің кірісі

217


Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттеме

218


Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі

219


Басқа да реттеуші міндеттемелер

220


Пруденциялық нормативтерді ескере отырып қалыптастырылған капитал (реттеуші капитал), оның ішінде:

300


Жарғылық капитал (құрылтайшылардың жарналары)

301


Алынған капитал (құрылтайшылардың жарналары)

302


Резервтік капитал

303


Қосымша төленген капитал

304


Күтпеген тәуекелдердің реттеуші резерві

305


Тұрақтандыру реттеуші резерві

306


Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздарды қайта бағалау резерві

307


Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құнсыздану резерві

308


Басқа да реттеуші резервтер

309


Сақтандыру резервтерін ескере отырып бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын)

310


оның ішінде:



алдыңғы жылдардың

310.1


есепті кезеңнің

310.2


Пруденциялық нормативтерді ескере отырып есептелген кіріс (реттеуші кіріс), оның ішінде:

400


Сақтандыру қызметінен түсетін кіріс

401


Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақысы

402


Қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақысы

403


Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақысы

404


Сақтандыру сыйлықақысының таза сомасы

405


Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервін өзгерту

406


Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

407


Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысының таза сомасы

408


Пруденциялық реттеу талаптарын ескере отырып есептелетін сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кіріс

409


Сақтандыру қызметінен түсетін басқа да реттеуші кіріс

410


Инвестициялық қызметтен түсетін кіріс

411


Сыйақы алуға байланысты кіріс

412


оның ішінде:



бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кіріс

412.1


орналастырылған салымдар бойынша сыйақы түріндегі кіріс

412.2


Қаржы активтерімен операциялар бойынша кіріс (шығыс) (нетто)

413


оның ішінде:



бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

413.1


Репо операцияларынан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

413.2


аффинирленген қымбат металдармен жасалатын операциялардан түсетін кіріс (шығыс)

413.3


туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялардан түсетін кіріс (шығыс)

413.4


Қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

414


оның ішінде:



өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

414.1


шетел валютасын қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс) (нетто)

414.2


аффинирленген қымбат металдарды қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс)

414.3


туынды қаржы құралдарын қайта бағалаудан түсетін кіріс (шығыс)

414.4


Басқа заңды тұлғалардың капиталына қатысудан түсетін кіріс

415


Инвестициялық қызметтен түсетін басқа да кіріс

416


Өзге де қызметтен түсетін кіріс

417


Активтерді сатудан және активтерді алудан (беруден) түсетін кіріс (шығыс)

418


Өзге де қызметтен түсетін басқа да кіріс

419


Басқа да реттеуші кіріс

420


Пруденциялық нормативтерді ескере отырып есептелген шығыс (реттеуші шығыс), оның ішінде:

500


Сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша реттеуші шығыс

501


Қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша реттеуші шығыс

502


Қайта сақтандыруға берілген тәуекелдер бойынша реттеуші шығысты өтеу

503


Регрессиялық талап бойынша өтемақы (нетто)

504


Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша таза реттеуші шығыс

505


Сақтандыру шығынын реттеу бойынша реттеуші шығыс

506


Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын резервін өзгерту

507


Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

508


Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын резервін өзгерту

509


Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

510


Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын резервін өзгерту

511


Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

512


Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын резервін өзгерту

513


Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығын бойынша қайта сақтандырудың реттеуші активтерін өзгерту

514


Сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша реттеуші шығыс

515


Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға байланысты шығыс

516


Сыйақы төлеуге байланысты шығыс

517


оның ішінде:



бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы түріндегі шығыс

517.1


Жалдау міндеттемелері бойынша пайыздық шығыс

518


Құнсыздану бойынша резервтерге арналған шығыс

519


Құнсыздану бойынша резервтерді қалпына келтіру

520


Құнсыздану бойынша резервтерге арналған таза шығыс

521


Жалпы және әкімшілік шығыс

522


оның ішінде:



еңбекақы төлеуге және іссапарға арналған шығыс

522.1


корпоративтік табыс салығын қоспағанда, ағымдағы салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

522.2


ағымдағы жалдау бойынша шығыс

522.3


жарнамаға арналған шығыс

522.4


үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер

522.5


аудиторлық, консультациялық қызметтерге және ақпараттық шығысқа арналған шығыс

522.6


амортизациялық аударымдар

522.7


Басқа да реттеуші шығыс

523


Кезең ішіндегі пайда (шығын)

524


Тоқтатылған қызметтен пайда (шығын)

525


Корпоративтік табыс салығын төлегенге дейінгі таза пайда (шығын)

526


Корпоративтік табыс салығы

527


оның ішінде:



негізгі қызметтен

527.1


өзге де қызметтен

527.2


Салық төлегеннен кейінгі таза пайда (шығын) жиынтығы

528


      Атауы ________________________________________________

      Мекенжайы_____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық поштасының мекенжайы______________________________

      Орындаушы____________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _____________________________________             ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының салық салынатын
кірісін есептеу үшін
көрсеткіштер бойынша
есептің нысанына
қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есеп (индексі – 1 - NALSPO, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 231-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне және 249-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1 000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін айқындау мақсатында нысанның көрсеткіштері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес есептеледі және көрсетіледі.

      6. Сақтандыру резервтері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18290 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептеледі.

      7. Нысанда 3-бағанды толтыру кезінде есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті кезеңнің соңындағы деректер көрсетіледі.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне веб-портал арқылы "басқа да реттеуші активтер", "басқа да реттеуші міндеттемелер", "басқа да реттеуші резервтер", "басқа да реттеуші кіріс" және "басқа да реттеуші шығыс" баптары бойынша нақтылауды көрсететін есептілікке түсіндірме жазбаны ұсынады.

      9. 100, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 129, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 207, 208, 220, 300, 309, 310, 310.1, 310.2, 400, 401, 402, 403, 404, 405, 406, 407, 408, 409, 410, 420, 500, 501, 502, 503, 504, 505, 506, 507, 508, 509, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 523, 524, 526 және 528-жолдарды қоспағанда, 100 – 528-жолдар аралығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлік есебінен алынған деректер көрсетіледі.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 24 сәуірдегі
№ 26 Қаулыға
2-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салынатын кірісін есептеу үшін көрсеткіштер бойынша есептілікті ұсыну қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне, 231-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне және 249-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі

      2. Есептілікті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде ұсынады.

      3. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның және орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған есептілік электрондық форматта сақталады.

      5. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшысы немесе есепке қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады