"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32451 болып тіркелді

      "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкел келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 370 бұйрығы күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 4 мамырдағы
№ 381 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесі

р/с №

Көлік құралдарының түрі

Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары

Орнатылған арнайы жабдық

Қолдану саласы

1. Әскери автомобильдік полицияның арнайы автомобильдері

1.1 Ілесіп алып жүру автомобилі

1.

Жеңіл

Қозғалтқыш – көлемі 3000 текше см. аспайды; трансмиссиясы – автоматты, механикалық;
екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды.

Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті-графикалық сызбалар бойынша бояу

Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру

2.

Жол талғамайтын автомобиль

Қозғалтқыш – көлемі 4000 текше см. аспайды; трансмиссиясы – автоматты, механикалық;
екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды.

3.

Жеңіл

Қозғалтқыш – көлемі 1600 текше см. кем емес; трансмиссиясы – механикалық;
екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды.

4.

Жол талғамайтын автомобиль

Қозғалтқыш – көлемі 2300 текше см. кем емес; трансмиссиясы – автоматты, механикалық;
екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды.

5.

Жүк

Қозғалтқыш - бензинді, дизельді; трансмиссиясы - автоматты, механикалық;
дөңгелек формуласы - толық жетекті

Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті - графикалық сызбалар бойынша бояу

Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру

1.2 Жылжымалы техникалық байқау пункті

6.

Шағын автобус

Қозғалтқыш – көлемі 2000 текше см. кем емес; трансмиссиясы – автоматты, механикалық

Бақылау-диагностикалық жабдық, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, бейнетіркеуіш, арнайы түсті - графикалық сызбалар бойынша бояу

Міндетті техникалық байқау өткізу кезінде көлік құралдарының техникалық жай - күйін диагностикалау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады