Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 маусымда № 32704 болып тіркелді

      "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полиция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрғасының 2017 жылғы 25 шілдедегі № 51 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 114237 болып тіркелген);

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 15 қазандағы № 104/қе бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтары тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 159646 болып тіркелген).

      4. Осы бұйрықтың орындалуының бақылауын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2023 жылғы 5 маусымдағы
№ 36/қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары (бұдан әрі – әскери полиция органдары) өткізетін патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) патруль – міндетті бағдарды аралау немесе оның жекелеген учаскелерін тексеру жолымен орындайтын, құрамында екі немесе бірнеше әскери қызметші бар жылжымалы наряд;

      2) патруль жетекшісі – патруль бағытында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметінің бөлімшелері), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің, Шекара академиясының, әскери қарсы барлау органдарының және өзге де Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің (бұдан әрі – ҰҚК әскери құралымдары) бірыңғай жүйесі әскери қызметшілерінің құқықтық тәртіпті ұстап тұруын қамтамасыз ететін офицерлік құрам қатарынан тағайындалатын әскери полиция органының әскери қызметшісі;

      3) патрульдеуші – патруль нарядының құрамында болатын және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен әскери тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді орындау кезінде патруль жетекшісіне бағынатын әскери полиция органының немесе ҰҚК Шекара қызметі бөлімшесінің, әскери құралымдарының әскери қызметшісі;

      4) патрульдеу бағыты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және әскери тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді орындау кезінде патрульдің қозғалысы жүзеге асырылатын белгілі бір аумақ учаскесінің сызбасы.

      3. Әскери полиция органдары патрульдеуді көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тәртіпті ұстап тұру және ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің әскери тәртіпті сақтауын бақылау үшін, сондай-ақ әскери объектілердің сақталуын қамтамасыз ету үшін жүргізеді.

      4. Патрульдеу заңдылық, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі, дара басшылық пен субординация, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметіне тәуелсіздік принциптерінің негізінде жүзеге асырылады.

      5. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының басшылығы әскери полиция органдарына патрульдеуді ұйымдастыруға және жүргізуге Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес көмек көрсетеді.

      6. Әскери полиция органдарының әскери көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында патрульдеу жүргізу тәртібі "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары автокөлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 445/ҚБП бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8841 болып тіркелген).

2-тарау. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының аумағында және елді мекендерде патрульдеуді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі

      7. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының аумағында патрульдеуді ұйымдастыру әскери полиция органының бастығына жүктеледі.

      8. Патрульдеу ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелерінде, әскери құралымдарында құқықтық тәртіптің қалыптасқан жағдайына және әскери тәртіптің сақталу деңгейіне сүйене отырып, жүзеге асырылады.

      9. Қызмет көрсетілетін гарнизондағы криминогендік жағдайдың және әскери тәртіптің сақталуының жай-күйін талдау негізінде ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 3-іне дейін еркін нысанда патрульдеу жүргізу кестесі жасалады, оны әскери полиция органының бастығы бекітеді.

      Қол қойылған күні патрульдеу жүргізу кестесі патрульдеу жүргізуге қатыстырылатын әскери полиция органының жеке құрамына таныстырылады.

      10. Әскери полиция органының бастығы патрульдеу жүргізуге дейін бір күн бұрын патрульдің құрамын тағайындау туралы бұйрық шығарады және патрульдеу бағытын бекітеді, ол сол күні патруль нарядына түсетін әскери қызметшілерге қол қойғыза отырып таныстырылады.

      Патруль құрамына ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының әскери қызметшілері қосылған жағдайда бағыт аталған бөлімшелердің басшылығымен келісіледі.

      11. Патрульді әскери полиция органының жеке құрамынан тағайындау мүмкін болмаған кезде (сырқаттану, демалыс, қызметтік іссапар) ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының басшылығымен келісім бойынша әскери полиция органы әскери қызметшісінің әскери атағы бойынша тең не болмаса төмен, патруль жетекшісі тағайындайтын офицерлер қосылады.

      Патруль құрамына қосу үшін тиісті әскери қызметшілерді бөлгеннен кейін әскери полиция органының бастығы және ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының бастығымен патрульді тағайындау туралы бірлескен бұйрық шығарады және патрульдеу бағытын бекітеді.

      12. Патрульдік нарядқа түсер алдында әскери қызметшілер белгіленген үлгідегі жетондарды, сондай-ақ қолдану жағдайы Заңның 10 және 11-баптарында көзделген арнайы құралдарды (қол кісендер, резіңке таяқтар) алады.

      13. Әскери полиция органының бастығы патрульдік нарядқа түсетін әскери қызметшілермен нұсқама жүргізеді, ол туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патрульдік нарядқа түсетін жеке құрамға нұсқама жүргізу журналында белгі жасалады.

      14. Нұсқама аяқталғаннан кейін патруль жетекшісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағыттық парақ беріледі.

      15. Елді мекендердің аумағында патрульдеу жүргізу кезінде әскери полиция органының бастығы ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының басшылығын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша патрульдеу жүргізілетіні, сондай-ақ аталған бөлімшелердің әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған басқа да бұзушылықтар туралы ақпараттандырады.

      16. Әскери полиция органы патрульдеуді ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының аумағында және аталған бөлімшелер орналасқан елді мекендердің аумағында да жүзеге асырады.

      17. Патрульдеу бағытына келгеннен кейін патруль жетекшісі байланыс құралдары арқылы патрульдің қызмет өткеру жеріне келгені туралы әскери полиция органының бастығына баяндайды.

      18. Белгіленген бағыт бойынша патрульдеу айналадағы жағдайды көзбен шолып бақылау арқылы жаяу тәртіпте жүзеге асырылады.

      ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының аумағында патрульдеу уақытында патруль ықтимал әскери тәртіпті бұзушылықтарды анықтау үшін әскери қызметшілердің мінез-құлқын бақылайды.

      19. Патруль өз міндеттерін ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының аумағында, сол сияқты елді мекендерде атқарған кезде, әскери қызметшілер мен қызметкерлер құқық бұзушылықтар жасаған және әскери тәртіпті бұзған кезде, олардың құжаттарын (әскери билет, қызметтік куәлік, жеке куәлік, кадр бөлімшесі берген фотосы бар анықтама) тексеру үшін тоқтатады және құқық бұзушылықты тоқтатуды қамтамасыз ететін және әскери тәртіпті бұзуды жоятын шаралар қолданады.

      20. Әскери тәртіпті және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бұзушылықтар анықталған кезде патруль оларды жасау себебі мен жағдайын анықтайды.

      Егер анықталған бұзушылық жоюға жатса, патруль жетекшісі не болмаса патрульдеуші ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының әскери қызметшісінен тез арада жоюға шара қолдануын сұрайды.

      21. Бұзушылықты жою мүмкіндігі болмаған жағдайда патруль жетекшісі не болмаса патрульдеуші әскери қызметшіге жұмыс күні ішінде жіберілген бұзушылыққа қатысты түсініктеме беру үшін әскери полиция органына келу қажеттігін түсіндіреді.

      Бұзушылық фактісі туралы ақпаратты патруль жетекшісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған әскери тәртіпті бұзушылықтар карточкасына енгізеді.

      Жоғарыда көрсетілген факті туралы патруль жетекшісі ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының басшылығын бұзушылыққа жол берген әскери қызметшінің әскери полиция органына уақтылы келуін қамтамасыз ету үшін тез арада хабарлайды.

      22. Елді мекендерде қызмет өткеру кезінде патрульдік наряд әскери тәртіптің және әскери командалардың (саппен жүретін әскери қызметшілер тобының) және жекелеген әскери қызметшілердің бөлімшелерден тыс жерлерде болған уақытта мерзім бойынша белгіленген киім нысанын сақтауын бақылайды.

      23. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының әскери қызметшісі не болмаса қызметкері масаңдық белгілерімен, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну нәтижесінде, патруль жетекшісі анықталған факт туралы әскери полиция органының бастығына дереу баяндайды, ол құқық бұзушылық анықталған жерге әскери полиция бөлімшесінің әскери қызметшілерін жіберу бойынша шара қабылдайды.

      Әскери полиция органының әскери қызметшісі келгеннен кейін патруль жетекшісі медициналық куәландырудан және тексеру іс-шараларын өткізу үшін ұсталған адамды оған береді.

      ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының аумағында масаңдық күйде, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну нәтижесіндегі әскери қызметшіні ұстаған жағдайда патруль жетекшісі осы факті туралы әскери қызметшінің басшылығына хабарлайды.

      Әскери қызметшінің қызмет уақытында бөлімше аумағынан тыс жерлерде (елді мекен аумағында) мас күйінде болу фактісі анықталған жағдайда әскери полиция органының бастығы хабарлау бойынша шараларды жүзеге асырады.

      24. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жағдайда, патруль "Әкімшілік құқық бұзушылықтар" туралы Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес олардың жолын кесуге және адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды.

      25. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, әскери құралымдарының әскери қызметшілері мен жұмыскерлері қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған жағдайда, патруль Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің талаптарына сәйкес олардың жолын кесуге және адамдарды ұстау бойынша шаралар қабылдайды.

      Патрульдік нарядтың талаптарына бағынбаған не болмаса оны ұстау кезінде әскери қызметші тарапынан қарсылық көрсетілген жағдайда патруль Заңның 10 және 11-баптарына сәйкес оған дене күшін және арнайы құралдарды қолданады.

      Бұл ретте нақты ұстау уақыты (сағаты мен минуты) жазбаша баянатта көрсетіледі.

      26. Патруль құрамы құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін оқиға болған орынды күзетуді қамтамасыз етеді.

      27. Құқық қорғау органдарының анықтаушылары не болмаса тергеушілері қылмыс жасалған орынға келгеннен кейін, ұсталған адамдар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін оларға қылмысқа қатысты белгілі болған мәліметтерді, қабылданған шараларды, сондай-ақ нақты ұстау уақыты (сағаты мен минуты) көрсетілген баянатты ұсына отырып беріледі.

      Қажет болған кезде, патруль тергеу әрекеттерін жүргізуге көмек көрсетеді.

      28. Ұсталған адамдарды тергеу тобына (тергеуші не болмаса анықтаушы) бергеннен кейін патруль, патрульдеудің өз бағытында қызмет өткеруді жалғастырады.

      29. Патрульдеу аяқталған соң патруль жетекшісі қызмет өткеру нәтижелері туралы әскери полиция органының бастығына баянатпен баяндайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
әскери полиция органдарының
патрульдеуді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органының атауы)

Патрульдеу нарядына түсетін жеке құрамға нұсқама жүргізу
№_____ ЖУРНАЛЫ

  20__жыл "__"_____ басталды
20___жыл "__"_____ аяқталды
______ парақта
____ томдарда
Тізбе бойынша сақтау мерзімі – "__" жыл

      Сыртқы жағы

Нұсқама жүргізу күні

Міндеттерді жеткізу

Басқа да құқық қорғау органдарының бөлімшелерімен байланыс жасау тәсілдері

Қызмет өткеру ерекшеліктері

Ескертпе







  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
әскери полиция органдарының
патрульдеуді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Патрульдеудің бағыт парағы

      Осы патрульдеудің бағыт парағы ҰҚК әскери полиция органының

      патрульдік нарядына берілді, оның құрамында:

      _______________________________, ҰҚК әскери полиция органы бастығының

      20___ жылғы "__" _________ №____ бұйрығының негізінде

      ______________________ мекенжайы бойынша ______ Шекара қызметі аумақтық

      бөлімшелерінің, ҰҚК әскери құралымдарының аумағында 20___ жылғы "___"

      __________ сағат ___-ден _____ дейінгі кезеңде патрульдеуді жүзеге асырады.

      ҰҚК әскери полиция органының бастығы

      _____________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20 ____ жыл "___" _________

      М. О. (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
әскери полиция органдарының
патрульдеуді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Анықталған әскери тәртіпті бұзушылықтар К А Р Т О Ч К А С Ы

      20___жыл "____" __________

Ұстау уақыты, күні

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Шекара қызметінің бөлімшесі, ҰҚК әскери құралымдары, мекенжайы

Құқық бұзушылықтың түрі

Қабылданған шаралар








      Патруль жетекшісі

      ________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20 __ жыл "_____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады