Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 маусымда № 32798 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 106-бабының 4-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 218 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы үлгілік шарт


Шарт жасау орны ______________


20___ жылғы "_____" _________


      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын _____________________________

      _________________________________________ Еңбек мобильділігі орталығы

      (облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бизнес-

      сәйкестендiру нөмiрi)

      атынан негізінде әрекет ететін ________________________________________

      (жарғы, 20____жылғы "____"__________ №_______сенiмхат)

      __________________________________________________________________

      (қол қоятын адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      бір тараптан және жеке мансап орталығы ______________________________

      (атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке сәйкестендiру нөмiрі. "Өнім беруші" деп

      аталатын _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке тұлғаның тегі, аты,

      атынан әкісінің аты (бар болса) жеке сәйкестендiру нөмiрі)

      атынан әрекет ететін_______________________________________________

      (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, осы халықты

      жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы

      шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Өнім беруші адам саны ___ құрайтын тіркелген жұмыссыз адамдарға, оның ішінде бірінші санаттағы ___ адамға, екінші санаттағы ___ адамға, үшінші санаттағы ___ адамға қатысты еңбек делдалдығы бойынша, сондай-ақ Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шарттарға, талаптарға және Қызмет бағасына (тарифтерге) сәйкес әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу бойынша қызметттерді көрсетуге (бұдан әрі – Қызметтер) міндеттенеді, ал ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметті қабылдауға және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда ол үшін ақы төлеуге мiндеттенедi:

      "ерекшеліктің коды" ерекшелігі бойынша – "шарттың атауы".

      2. Шартта ескертілген талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

2-тарау. Шарттың жалпы сомасы және ақы төлеу тәртібі

      3. Осы Шарт бойынша жалпы сома ________________________________ (сомасын жазу)

      (бұдан әрі – Шарт сомасы) құрайды, соның ішінде Шарттың сомасы:

      ___ жылға ____ теңгені (сомасын жазу) құрайды;

      ___ жылға ____ теңгені (сомасын жазу) құрайды.

      <соның ішінде, егер Өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, ҚҚС сомасын не Өнім беруші ҚҚС төлеуші болып табылмаған жағдайда ҚҚС болмауын көрсету>

      Тіркелген жұмыссыз адамдарға қатысты еңбек делдалдығы бойынша Қызмет көрсету бойынша бағасы:

      бірінші санаттағы жұмыссыз адамға _____ теңгені,

      екінші санаттағы жұмыссыз адамға _____ теңгені,

      үшінші санаттағы жұмыссыз адамға _____ теңгені құрайды.

      4. Өнім берушінің Қызметтерін қаржыландыру осы Шартта көзделген қаражат шегінде және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі 12-бабы 5) тармақшасының сегізінші абзацына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтерді аутсорсингті ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Шарт сомасы нақты көрсетілген қызметтердің көлемін ескере отырып түзетілуге тиіс.

      6. Осы Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге ақы төлеу:

      1) Қызметтің бірінші кезеңін орындағаны үшін – Шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей Тапсырыс беруші алдын-ала төлемді Шарттың сомасынан 20 (жиырма) пайыздан аспайтын мөлшерде жүргізеді.

      Осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмыссыз адамдар жұмысқа орналастырылмаған жағдайда Өнім беруші алдын ала төлем сомасының бір бөлігін қайтаруды Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, Өнім берушінің ұсынған көрсетілген қызметтер актісі негізінде жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыз адамдардың санына пропорционалды түрде жүзеге асырады;

      2) Қызметтің екінші кезеңін орындағаны үшін – Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей көрсетілген қызметтер актісі негізінде жұмыссыз адам бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) 3 (үш) ай үздіксіз жұмыспен қамтылған кезде Қызмет көрсету үшін бағаның 50 (елу) пайызы;

      3) Қызметтің екінші кезеңін орындағаны үшін – Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойғаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей көрсетілген қызметтер актісі негізінде жұмыссыз адам бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) 6 (алты) ай үздіксіз жұмыспен қамтылған кезде Қызмет көрсету үшін бағаның 30 (отыз) пайызы жүзеге асырылады.

3-тарау. Қызметтерді көрсету

      7. Өнім беруші еңбек делдалдығын жүзеге асырады және Шарт бойынша бір жұмыс орнында (не бір жұмыс берушіде) кемінде 6 (алты) ай үздіксіз жұмыспен қамту ұзақтығымен жұмыссыз адамдарды тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізеді қамтамасыз етеді.

      8. Шарт жасалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жұмыссыз адамды Шарт бойынша жұмысқа орналастыру қамтамасыз етіледі.

      9. Осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыз адамдарға еңбек делдалдығы және тұрақты жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуді Тапсырыс беруші жүзеге асырады.

4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      10. Өнім берушінің:

      1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін ақы төлеуді талап етуге;

      2) Тапсырыс берушіден осы Шарттың талаптары бойынша ақпарат сұратуға және оны уақтылы және толық көлемде алуға;

      3) Қызмет көрсету кезінде enbek.kz.порталын пайдалану.

      11. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық және тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;

      2) Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсаттарға Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ақпаратты пайдаланбауға;

      3) Тапсырыс берушінің талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      4) Өнім берушінің Шарт талаптарын тиісінше орындамауына және (немесе) өзге де заңсыз әрекеттеріне байланысты келтірілген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болуға;

      6) Тапсырыс берушіге шартты іске асыру туралы ақпаратты ай сайын беруге;

      7) осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қаржы қаражатының болмауы немесе жеткіліксіз болуы қатерлерін болдырмау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге;

      8) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін үшінші тұлғаларға бермеуге міндетті.

      12. Тапсырыс берушінің:

      1) осы Шарт бойынша Қызметтерді көрсетумен байланысты кез келген ақпаратты сұратуға құқығы бар.

      13. Тапсырыс берушінің:

      1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) Осы шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өнім берушіге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізу;

      2) көрсетілген қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде Өнім берушіні дереу жазбаша хабардар етуге міндетті;

      3) Өнім берушінің сұрау салуы бойынша шарттың талаптарын түсіндіруге;

      4) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық және тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;

      5) жұмыссыздар туралы анық (өзекті) ақпарат беруге міндетті;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болуға міндетті.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      14. Тараптар осы Шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

      15. Тараптардың осы Шартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

      16. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы тараптарды осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

6-тарау. Шартты өзгерту және бұзу

      17. Шартқа өзгерістер мынадай:

      1) Қызметтердің осы Шартта көзделген сомасы немесе көлемі өзгерген жағдайда;

      2) Қызметтердің бағасын және тиісінше Шарт сомасын азайту бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;

      3) егер Өнім беруші өзімен жасалған Шартты орындау процесінде Қызмет бірлігі үшін бағаны өзгертпей анағұрлым жақсы сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларды не өзімен жасалған Шарттың мәні болып табылатын Қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайларда енгізіледі.

      18. Осы шарттың сомасы мына:

      1) Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтер көлемін өзгерткен;

      2) Өнім беруші осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған;

      3) жұмыссыз адам Өнім беруші көрсететін еңбек делдалдығы қызметтерінен бас тартқан;

      4) осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жұмыссыз адам өз бетінше жұмысқа орналасқан;

      5) Өнім беруші осы Шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындаудан бас тартқан жағдайларда өзгертілуге тиіс.

      19. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайда Тараптар 3 (үш) жұмыс күні ішінде соманы, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды тоқтату себебін, күнін көрсетіп, жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      20. Тараптардың осы Шарт талаптарын орындамауы, уақтылы және тиісінше орындамауы оны біржақты тәртіппен бұзуға негіз болып табылады.

      21. Осы Шарт Тараптардың еркін нысанда хабарлама жіберуі арқылы осы Шарттың 20-тармағында көзделген фактілер анықталған күннен бастап бұзылады.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      22. Осы Шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған немесе тиiсінше түрде орындамаған Тараптар, егер тиісінше орындамағаны еңсерілмейтін күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және алдын алуға болмайтын жағдаяттардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары) салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауапкершілікте болады.

      23. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары орын алған жағдайда Тараптар осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      Қазақстан Республикасы уәкілетті органының еңсерілмейтін күш жағдаяттарының туындағанын растайтын ресми құжаттары еңсерілмейтін күш жағдаяттарына дәлел болады.

      24. Уақтылы хабарламау Тараптарды осы Шарт бойынша жауапкершіліктен босататын негіздеме ретінде осы Шарттың 22-тармағында көзделген жағдаяттарға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      25. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары тоқтағаннан кейін Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын тез арада жалғастырады және осы Шарттың 22-тармағында көзделген жағдаяттар тоқтағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

8-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      26. Тараптар арасында осы Шарт бойынша немесе онымен байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

      27. Осы Шарт аясында Тараптар өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шешіледі.

9-тарау. Өзге де талаптар

      28. Осы Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада жасалды, бір данасы Тапсырыс берушіде, басқасы Өнім берушіде болады.

      29. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде жасалды.

      30. Осы Шартқа сәйкес басқа Тарапқа жіберілетін Тараптардың хабарламалары кейіннен түпнұсқалары беріліп, почта байланысы, жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылады.

      31. Осы Шарт Қол қойылған күніненбастап күшіне енеді және _______ дейін қолданылады.

      32. Қажет болған жағдайда Шарт мерзімі Тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

10-тарау. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші

Өнім беруші

_____________________________________
(толық атауы)
_____________________________________
(заңды мекенжайы)
_____________________________________
(телефон, факс)
_____________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
_____________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
_____________________________________
(банк атауы)
_____________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
_____________________________________
(қолы)

_____________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/ жеке
тұлғаның тегі, аті, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________
(мекенжайы)
_____________________________________
(телефон, факс)
_____________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
_____________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
_____________________________________
(банк атауы)
_____________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
_____________________________________
(қолы)

_____________/_________
М.О.

______________/___________
М.О. (бар болса)


  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  орынбасары - Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрі
  2023 жылғы 13 маусымдағы
  № 218 бұйрығына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 256 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17186 болып тіркелді).

      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 400 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17428 болып тіркелді).

      3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 345 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 18912 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады