"Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 маусымда № 32843 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларында:

      1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау тәртібін анықтайды.";

      2-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы ұсынысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеу актісін алған сәттен бастап бір күн ішінде:

      шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу енгізілетін әкімшілік-аумақтық бірлікті;

      шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу себептерін (аурудың атауын), жануардың түрін көрсете отырып, ерікті нысанда жазбаша түрде ресімделеді.

      Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу туралы ұсынысына эпизоотологиялық зерттеу актісінің көшірмесі қоса беріледі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы шешімінің күшіне енгенінен кейін, бір жұмыс күні ішінде оның көшірмесі тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына жолданады.";

      3-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау туралы ұсынысы туынды түрде жазбаша нысанда жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешені аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:

      ұсыныс енгізілетін шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы шешімнің күнін және нөмірін;

      дезинфекцияның сапасына бактериологиялық зерттеуді көрсете отырып сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) күнін және нөмірін көрсете отырып еркін нысанда жазбаша түрде ресімделеді.

      Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау туралы ұсынысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес ветеринариялық зертханалар беретін дезинфекцияның сапасына бактериологиялық зерттеуді көрсете отырып, сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қоса беріледі.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау туралы шешімнің көшірмесі оны қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына жолданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады