Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 709 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32926 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 26-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 709 Бұйрықпен
бекітілді
  Нысан

20____ жылдың _____ кезеңіне цифрлық майнингтік пулмен цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында бөлінген цифрлық активтер туралы мәліметтер

Цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

Цифрлық майнердің аты

Лицензия ның нөмірі берілген күні

Электронды әмиянның деректемелері (адресі)

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін бөлінген күні

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін аты

Цифрлық майнерге берілен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін саны

1

2

3

4

5

6

7

8

      Кестенің жалғасы

майнингтік пул комиссиясы

Цифрлық активтерде

валютада

Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін аты

Саны

Валютының аты

Саны

9

10

11

12

      Цифрлық майнингтік пулдың жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі: _____________
      ____________________________________ ________________________________________________
      Цифрлық майнингтік пулдың аты Басшының немесе оның міндетін атқаратын адамның
      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Цифрлық майнингтік пул
цифрлық майнинг жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар арасында өзі
бөлген цифрлық активтер
туралы мәліметтерді ұсыну
нысанына
қосымша

Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанына түсіндірме

      1. Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтер цифрлық майнингтік пул мен цифрлық майнерлердің салық салу мақсатында олардың табысын анықтау үшін ұсынылады.

      2. Цифрлық майнингтік пул бекітілген нысанға сәйкес уәкілетті органға цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді, мұндай мәліметтер ұсынылатын айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей жолдайды.

      3. Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанында мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;

      2-бағанада цифрлық майнердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанада цифрлық майнердің аты көрсетіледі;

      4-бағанада цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмірі мен оны берген күні көрсетіледі;

      5-бағанада электронды әмиянның деректемелері (адресі) көрсетіледі;

      6-бағанада қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің бөлінген күні көрсетіледі;

      7-бағанада цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін аты көрсетіледі;

      8-бағанада цифрлық майнерге бөлінген қамтамасыз етілмеген цифрлық активтін саны көрсетіледі;

      9-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің аты көрсетіледі;

      10-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтің саны көрсетіледі;

      11-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған валютаның аты көрсетіледі;

      12-бағанада цифрлық майнинг пулмен комиссия ретінде алынған валютаның аты көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады