"Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 715 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32928 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16575 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 16) және 16-1) тармақшаларына, 26-бабының 10-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағының 1-3) тармақшасына және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сатып алынған және өндіріп алынған қарыздардың көлемі бойынша ұсынатын мәліметтер нысаны;

      3) коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын

      реттеу және дамыту

      агенттігінің төрағасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің төрағасы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 715 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 291 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

20___ жылғы "___" ________ жағдай бойынша құқықтың (талап етудің) өту
жағдайларын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі сатып алынған және өндіріп алынған қарыздардың
көлемі бойынша ұсынатын мәліметтер

      мың теңге

Коллекторлық агенттіктің атауы

Коллекторлық агенттіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Есепті кезеңде сатып алынған талап ету құқықтарының көлемі, оның ішінде

Барлығы

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдары

Микроқаржы ұйымдар

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Есепті кезеңде өндіріп алынған берешек сомасы, оның ішінде

Есепті кезеңнің соңында ағымдағы қалдығы сатып алынған талаптар құқығы, оның ішінде

Барлығы

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары

Микроқаржы ұйымдар

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

Барлығы

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдары

Микроқаржы ұйымдар

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

7

8

9

10

11

12

13

14









  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 715 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 291 бұйрығына
3-қосымша
  нысан

20____ жылғы "___" __________ бастап 20___ жылғы "___" ___________ кезең үшін
коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын, коллекторлық агенттікпен
жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша
өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске
асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтер

      мың теңге

Коллекторлық агенттіктің атауы

Коллекторлық агенттік БСН

Талап ету құқығын берген кредитордың атауы

Талап ету құқығын басқаға берген кредитордың (екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезиденті- банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары) БСН

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кредитордың ТАӘ/атауы

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кредитордың ЖСН/БСН

Қарыз алушының (борышкердің)ТАӘ/ атауы

Қарыз алушының (борышкердің) БСН/ЖСН

Қарыз шартының

Қарыз шартын жасасу күні

Қарыз шартының аяқталу күні

Шарттыңжәне құқықтың (талаптың) ауысу талаптарын қамтитын шартты жасасу күні

7

8

9

10

11

12

13








      кестенің жалғасы

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кредитордың сатып алған берешегі

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап есептелген сыйақы

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап айыппұлдар, өсімпұлдар және басқалар түріндегі өзге де есептеулер

Барлығы

негізгі қарыз

сыйақы

айыппұлдар, өсімпұлдар және басқалар түріндегі өзге де есептеулер

14

15

16

17

18

19







      кестенің жалғасы

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша есептелген сыйақылар мен өзге де есептеулерді қоспағанда, сатып алынған сәттен бастап өспелі қорытындымен берешек өтелді

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап өспелі қорытындымен есептелген сыйақылар мен өзге де есептеулер өтелді

Есепті салық кезеңі үшін коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша есептелген сыйақыларды және құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап өзге де есептеулерді қоспағанда, сатып алынған сәттен бастап өспелі қорытындымен берешек өтелді

Есепті салық кезеңі үшін коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап өспелі қорытындымен есептелген сыйақылар мен өзге де есептеулер өтелді

20

21

22

23





      Аббревиатураларды ашып жазу:

      СН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке-сәйкестендіру нөмірі. ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

      Ескертпе:

      18, 19, 20, 21, 22 және 23-бағандарды – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады