Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 259 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 29 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32958 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 36-1-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. "Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 567 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 798 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19512 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
__________Д. Щеглова
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
__________Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
міндетін атқарушының
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 474 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 259
бірлескен бұйрығына
қосымша

Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 36-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін (бұдан әрі – Шетелдік жұмыскерлер санаттарының тізбесі мен саны) және санын айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

      3) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) комиссия – құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

      6)

      7) арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаларға тартатын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау мәселесін қарау жөніндегі комиссия;

      8) арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Бірыңғай үйлестіру орталығы) – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Комиссияның шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттарының тізбесін және санын айқындау тәртібі

      3. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесін айқындау туралы өтінішті (ерікті нысанда) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес негіздемесін қоса бере отырып, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына береді.

      4. Өтінішке шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мынадай құжаттары қоса беріледі

      1) жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 тіркелген) сәйкес заңдастырылған білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері мен аудармалары (қазақ немесе орыс тілдерінде);

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасы;

      4) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тартуының негіздемесі;

      5) құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаның (келісімшарт/шарт) көшірмесі.

      5. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы оларды арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына пысықтауға қайтарады.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тартуға арналған арнайы экономикалық аймақ қатысушысының өтінішін пысықтауға қайтару арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына қайта жүгінуге кедергі болмайды.

      Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында мазмұндалған құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынады, олар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысында сақталады.

      Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шетелдік қызметкерлердің кәсіптік стандарттармен, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығымен, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларымен, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 4-тармағында және 5-тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылған кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы оларды қарау үшін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

      6. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы ұсынған материалдар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келіп түскен материалдарды комиссия мүшелеріне қарау үшін жолдайды.

      7. Комиссияны арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган құрады.

      Комиссияның құрамына арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті органның, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, тиісті жергілікті атқарушы органдардың және бірыңғай үйлестіру орталығының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелері тақ саннан тұрады, олардың қатарынан төраға тағайындалады.

      Комиссия жұмысын ұйымдастыру үшін комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы тағайындалады.

      8. Комиссия отырыстары:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы ұсынған құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен;

      2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан осы Қағидалардың 21-тармағы негізінде шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі және тағайындалады.

      9. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тізбесі және саны Заңның 11-бабының 14-4) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      10. Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелері санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып есептеледі

      11. Комиссияның шешімі арнайы экономикалық аймақтың әрбір қатысушысына қатысты жеке қабылданады және ресімделеді.

      12. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      13. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хатшы хаттама ресімдейді, оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелері комиссия отырысы болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.

      14. Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде комиссия арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына хаттамадан үзіндіні жібереді.

      15. Хаттамадан үзіндіні арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді.

      16. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы хаттамадан үзіндіні алғаннан кейін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жұмыс визасын ресімдейді.

      17. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындаудан бас тарту үшін мыналар:

      1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесінің (өтілінің) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипатамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылардың, мамандардың және қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың жеке (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы негіз болып табылады.

      18. Комиссия мүшелері арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының өтініштерін қосымша қарау қажет болған не комиссия отырысының хаттамасы шешімінің күші жойылған жағдайда комиссия отырысына бастамашылық етеді.

      19. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жұмыстардың жоспарланған көлемін аяқтаған кезде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы бұл туралы екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын хабардар етеді.

      20. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жұмыстардың жоспарланған көлемін аяқтағаны туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы бұл туралы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

3-тарау. Шағымдану тәртібі

      21. Комиссия шешімімен келіспеген кезде өтініш беруші әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жүгінеді.

      22. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа шағымдануға жол беріледі.

  Комиссияның құны миллион
айлық есептік көрсеткіштен
асатын жобалары бар арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары болып
табылатын заңды тұлғаларда,
сондай-ақ көрсетілген арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары (не олардың
мердігерлері) бас мердігер,
мердігер, қосалқы мердігер
немесе арнайы экономикалық
аймақтардың аумағында
құрылыс-монтаждау
жұмыстарын орындау кезеңінде
қызметтерді орындаушы ретінде
және объект (объектілер)
пайдалануға берілгеннен кейін
бір жыл өткенге дейін тартатын
ұйымдарда жұмыс істейтін
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар санатының тізбесін
және санын айқындау
қағидаларына
қосымша

Жұмыс берушінің құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту негіздемесі

Р/с №

АЭА қатысушысының атауы, заңды мекенжайы

АЭА қатысушысының қызмет түрі

Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Жобаның атауы

Жобаның сомасы

Нақты шетелдік жұмыскерге қажеттіліктің негіздемесі

Шетелдік жұмыскердің Т.А.Ә.

Санаты

Кәсібі (мамандығы)

Лауазымдық міндеттері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Басшы ______________________________________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (бар болса) (лауазымы)

      20__ жылғы " ___"_____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады