ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осымен қоса ұсынылған Пилоттық жобаны іске асыру мерзімдері мен электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде қолданылады, сондай-ақ ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 725 Бұйрықпен бекітілді |
Пилоттық жобаны іске асыру мерзімдері мен электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің тәртібін және пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру мерзімін айқындайды.
2. Пилоттық жобаның мақсаты:
салықтық әкімшілендіруде клиентке бағдарланған тәсілді қалыптастыру;
арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлердің қателіктерін болдырмау және салық міндеттемелерін орындауын оңайлату;
салық кезеңі ішінде салық жүктемесін біркелкі бөлу болып табылады.
3. Пилоттық жоба 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Пилоттық жобаға қатысу ерікті болып табылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
оператор – Комитетке Пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген, сатушылармен электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру құқығын беру туралы шарт жасасатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
пуш-хабарлама – Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде салықтарды төлеу қажеттілігі туралы серіктес-банктен келіп түсетін хабарлама;
сатушы – электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын серіктес-банкте есеп айырысу шоты бар және операторға пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері;
серіктес-банк – Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) Пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
тауарлардың электрондық саудасы – Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жеке тұлғаларға интернет-алаңы арқылы ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік іс-қимыл;
электрондық сауда алаңы – тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру үшін интернет желісінде жұмыс істейтін ақпараттық жүйе, онда:
сатып алушыларға тауарды сатып алуға (тапсырыс беруге) мүмкіндік беретін сервистер қолжетімді;
сатып алушының төлем шарттары немесе сатып алушының төлемді ұйымдастыру шарттары орналастырылған;
тауарларды сатып алушыға жеткізу шарттары немесе оларды сатып алушыға жеткізуді ұйымдастыру шарттары орналастырылған.
5. Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады:
Комитет, оператор, сатушы серіктес-банк.
2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
6. Оператор/серіктес банк Пилоттық жобаға қатысу үшін Комитетке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш ұсынады.
7. Сатушы Пилоттық жобаға қатысу үшін, оператор арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) ұсынады.
Өтініште Салық кодексінің 30-бабына сәйкес алынған кірістер сомасы бөлігінде салық құпиясын Комитетпен жария етуге келісімі көрсетіледі.
Пилоттық жобаға қатысудың басталу күні Өтініш берілген айдың 1-ші күні болып табылады.
8. Оператор Комитетке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатушылардың кірістері мен қайтарылған тауарлардың сомасы туралы мәліметтерді, мәліметтер ұсынылатын айдан кейін әрбір айдың 25-і күнінен кешіктірмей ұсынады.
9. Комитет оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі немесе бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданбайтын сатушылар анықталған жағдайда операторға сатушылар Пилоттық жобаға қатысу шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты, Пилоттық жобадан шығарып тастау туралы ақпаратты жолдайды.
10. Оператор пуш-хабарлама арқылы сатушыға қолданылатын салық режимінін Пилоттық жобаға қатысу шарттарына сәйкес еместігі және сатушыны Пилоттық жобадан шығару туралы хабарлайды.
11. Комитет серіктес-банкілер пуш-хабарламаларды қалыптастыру үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатушылармен бюджетке төленуге жататын салықтардың сомасы туралы мәліметтерді, оператормен мәліметтер ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-і күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
12. Серіктес-банк салықтарды біркелкі төлеуді қамтамасыз ету мақсатында Комитет мәліметтерді ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінде сатушыларға пуш-хабарламалар ұсынады.
13. Сатушы пуш-хабарламаларда көрсетілген салық сомаларын төлейді.
14. Салық кезеңінің 6 (алтыншы) айының қорытындысымен оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын сатушыларға пуш-хабарламалар жіберілмейді.
15. Комитет осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларациясы (910.00-нысан)" және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациясы (913.00-нысан)" салық есептіліктерінің нысандарын алдын ала толтыруды жүзеге асыру үшін серіктес-банктерге салық кезеңінің қорытындылары бойынша сатушылар кірісінің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді салық кезеңінен кейінгі 2-ші (екінші) айдың 1-і күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
16. Серіктес-банк Комитеттен алынған мәліметтер негізінде "Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларациясы (910.00-нысан)" және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациясы (913.00-нысан)" ақпарат жүйелері арқылы алдын ала толтыруды қамтамасыз етеді.
17. Осы Қағидаларға 3, 4 және 5-қосымшалармен көзделген ақпарат Excel форматында File Transfer Protocol (FTP) арқылы жүзеге асырылады.
18. Пилоттық жобаға қатысу Салық кодексінде белгіленген жағдайларда сатушылардың тәуекелдің төмен, орташа немесе жоғары дәрежелі санаттарына жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлу кезінде оң әсерін тигізеді.
Электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш
____________________________________________________________________,
(аты)
бұдан әрі "Оператор/Серіктес банк" деп аталатын тұлғасында
қажетісін астын сызыңыз
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
негізінде әрекет етуші_________________________________________________,
(құжаттың аты)
Электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын
жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану
жөніндегі пилоттық жобаға қатысуға дайын екендігін мәлімдеймін.
__________________________________ _____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
20___ жылғы "___" _________
Электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш
Мен, _________________________, жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________:
1. Электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаға қатысуға дайын екенімді мәлімдеймін.
2. Салық есептілігі нысандарын алдын ала толтыру мақсатында серіктес-банкке беру үшін Салық кодексінің 30-бабында көзделген тәртіпте алынған кірістер сомасы бөлігінде салық құпиясын ашуға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне келісім беремін.
Оңайлатылған декларация/бөлшек салық (керек емесін алып тастау) негізінде арнаулы салық режимін қолданатынымды растаймын.
________________________________ _________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
20___ жылғы "___" _________
Сатушылардың кірістері мен қайтарылған тауарлардың сомасы туралы мәліметтер
№ | Жыл | Ай | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Өткізулердің сомасы | Қайтарылған тауарлардың сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Excel форматында толтырылады
__________________________ Оператордың аты
Нысанға қосымша |
Сатушылардың кірістері мен қайтарылған тауарлардың сомасы туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;
2-бағанада ұсынылатын мәліметтердің жылы көрсетіледі;
3-бағанада: ұсынылатын мәліметтердің айы көрсетіледі;
4-бағанада әрбір сатушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5-бағанада әрбір сатушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
6-бағанада есепті айда әрбір сатушы бойынша өткізулердің сомасы көрсетіледі;
7-бағанада есепті айда әрбір сатушы бойынша қайтарылған тауарлардың сомасы көрсетіледі.
Сатушылармен бюджетке төленуге жататын салықтардың сомалары туралы мәліметтер
№ | Жыл | Ай | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Қайтаруды ескере отырып, пилоттық жобаға қатысатын барлық электрондық сауда алаңдарында өткізуден алынған кірістің жиынтық сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Жеке табыс салығының сомасы | Әлеуметтік салық сомасы | Мемлекеттік кірістер органының коды | Ауылдық округ аумағында қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер жеке табыс салығын төлеу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының бизнес сәйкестендіру нөмірі |
7 | 8 | 9 | 10 |
Excel форматында толтырылады
Нысанға қосымша |
Сатушылармен бюджетке төленуге жататын салықтардың сомалары туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;
2-бағанада ұсынылатын мәліметтердің жылы көрсетіледі;
3-бағанада: ұсынылатын мәліметтердің айы көрсетіледі;
4-бағанада әрбір сатушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5-бағанада әрбір сатушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
6-бағанада әрбір сатушының қайтаруды ескере отырып, Пилоттық жобаға қатысатын барлық электрондық сауда алаңдарында өткізуден алынған кірістің жиынтық сомасы көрсетіледі;
7-бағанада сатушымен бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;
8-бағанада сатушымен бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі;
9-бағанада мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;
10-бағанада ауылдық округ аумағында қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер жеке табыс салығын төлеу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Салық кезеңінің қорытындылары бойынша сатушылар кірісінің жиынтық сомалары туралы мәліметтер
№ | Салық кезеңі | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | Қайтаруды ескере отырып, пилоттық жобаға қатысатын барлық электрондық сауда алаңдарында өткізуден алынған кірістің жиынтық сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Excel форматында толтырылады
Нысанға қосымша |
Салық кезеңінің қорытындылары бойынша сатушылар кірісінің жиынтық сомалары туралы мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанада жолдың реттік саны көрсетіледі;
2-бағанада ұсынылатын мәліметтердің салық кезені көрсетіледі;
3-бағанада әрбір сатушының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанада әрбір сатушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
5-бағанада қайтаруды ескере отырып, Пилоттық жобаға қатысатын барлық электрондық сауда алаңдарында өткізуден алынған кірістің жиынтық сомасы көрсетіледі.