"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 3 шілдедегі № 195 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 114) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары қызметінің құнын айқындаудың бірыңғай тәсілін белгілейді.
2. Осы Әдістеме білім беру саласындағы уәкілетті орган қаржыландыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарына қолданылады.
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары қызметінің құнын есептеу кезінде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен бекітілген базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА);
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары қызметінің құнын есептеуді айқындау
4. Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары қызметінің құнын есептеуді қалыптастыру оны іске асыруға байланысты барлық шығындарды жинақтау жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары қызметінің құны, 1 адамға-сағатқа есептегенде, мынадай формула бойынша айқындалады:
S = (G с + R) * N,
мұндағы:
S – мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары қызметінің құны;
G с – сағатына 1 тыңдаушыға шаққандағы еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар нормасы персоналдың жылдық еңбекақы төлеу қорының оқу курсының орташа ұзақтығына және бір жыл ішіндегі айлар санына қатынасы ретінде айқындалады:
G с = G / P с /12,
мұндағы:
P – оқу курсының орташа ұзақтығы – 76;
12 – бір жыл ішіндегі айлар саны;
G – персоналдың жылдық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша айқындалады:
G = T + Q,
мұндағы:
Т – 1 тыңдаушыға есептегенде, әкімшілік-басқарушы персонал мен педагогтердің жылдық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша айқындалады:
T = 12 * W * sno * mp * mv1,
мұндағы:
W – педагогтердің айлық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша айқындалады:
W = (ЛА + БЛА * f) + БЛА * u,
мұндағы:
ЛА – педагогтің лауазымдық айлықақысы БЛА-ны 14,402 лауазымдық айлықақыны есептеу коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады;
f – педагогтің жалақысындағы әкімшілік-басқарушы персонал жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 4,75;
u – ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,685;
sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0836;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;
mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және міндетті зейнетақы жарналарының коэффициенті:
2022 жылға– 1,03;
2023 жылға – 1,03;
2024 жылға – 1,045;
2025 жылдан бастап – 1,055;
mv1 – бір педагогке шаққандағы білім алушылар саны арақатынасының коэффициенті – 0,2;
Q – 1 тыңдаушыға оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың жылдық еңбекақы төлеу қоры, мынадай формула бойынша айқындалады:
Q = 12 * Fпрп * sno * mp * mv2,
мұндағы:
F – оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың айлық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша айқындалады:
F = БЛА * h,
мұндағы:
h – оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың жалақысының педагогтің жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 2,59;
mv2 – оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың бір қызметкеріне шаққандағы білім алушылар саны арақатынасының коэффициенті – 0,04;
R – оқу процесіне қызмет көрсетуге және сүйемелдеуге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығындар нормасы мынадай формула бойынша айқындалады:
R = (D + L + U + К) / P с,
мұндағы:
D – жұмыс берушінің бір жыл ішіндегі жарналары (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар, алымдар және аударымдар) – 0,05 АЕК;
L – тауарларды сатып алуға жұмсалатын шығындар (шаруашылық және кеңсе тауарлары, сертификаттар) – 0,196 АЕК;
U – жеткізушілердің жұмыстары мен қызметтерін сатып алуға жұмсалатын шығындар (коммуналдық қызметтер; байланыс қызметтері; операциялық жалдау; банктік қызметтер; біліктілікті арттыру; негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу; өрт қауіпсіздігі; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шараларға ақы төлеу; лицензия беру жөніндегі қызметтер; тазалау қызметтері және күзет дабылы жөніндегі қызметтер) – 1АЕК;
К – іссапарға жұмсалатын шығындар – 0,24 АЕК (күндізгі бөлімде өткізілетін курстар үшін);
N – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес қосылған құн салығының коэффициенті, қосылған құн салығын төлеушілер үшін 1,12-ге тең, қосылған құн салығын төлемейтін ұйымдар үшін N 1-ге тең.