Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 739 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 шiлдеде № 33082 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданыста болу тәртібін 3 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-бабы 2-тармағының 14-1) және 14-2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктері айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 739 бұйрығымен
бекітілген

Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктері (бұдан әрі – Ерекшеліктер) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 2-бабы 2-тармағының 14-1) және 14-2) тармақшаларына сәйкес әзірленді және Кодекстің 45-тарауына сәйкес Кедендік декларациялаудың, тауарлар санатының, Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті іске асырушы өңірдің және электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктерін айқындайды.

      2. Осы Ерекшеліктердің мақсаттары үшін негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және тараптарының бірі жеке тұлға болып табылатын мәміле шеңберінде Интернет желісін пайдалана отырып электрондық сауда алаңдарында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлғаларға өткізуге арналған тауарлар;

      2) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлға мен шетелдік адам арасындағы мәміле шеңберінде Интернет желісін пайдалана отырып электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алған, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден халықаралық пошта жөнелтілімдерінде немесе осындай тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлғалардың атына тасымалдаушы әкелген тауарлар;

      3) Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментке қатысушылар – уәкілетті орган, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган, электрондық сауда операторлары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлғалар;

      4) электрондық сауда операторлары – уәкілетті орган Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы экспериментті (бұдан әрі – эксперимент) іске асыруға қатысуға жіберген және электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операциялар жасайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

      5) электрондық сауда тауарлары – жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарлары және жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары;

      6) осы Ерекшеліктерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізу эксперимент деп түсініледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын экспериментті іске асыруға қатысуға жіберу өтініш негізінде және олар Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағының 2), 4) және 12) тармақшаларында белгіленген міндеттерді сақтаған кезде жүзеге асырылады.

      4. Электрондық сауда операторы ретінде экспериментті іске асыруға қатысу туралы өтінішті заңды тұлға уәкілетті органға электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште еркін нысанда береді.

      5. Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағының 2), 4) және 12) тармақшаларында белгіленген міндеттерге сәйкестігін қарайды.

      6. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары Қазақстан Республикасының аумағында болуы және пайдаланылуы үшін кеден органдарының кедендік рәсімдерге орналастырмай, осы тарауда көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік декларациялауына және шығаруына жатады.

      7. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды декларант – осындай тауарларды алушы болып табылатын жеке тұлға дербес не декларанттың (жеке тұлғаның) атынан электрондық сауда операторлары жасайды.

      8. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығаруды кеден органы Комиссия бекіткен кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелеріне сәйкес жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төленген жағдайда жүргізеді.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында болуы және пайдалануы үшін жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығару Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімдерде аяқталады.

      10. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі болып табылады.

      11. Кеден қоймасы кедендік рәсімі Кодекстің 392-6-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен және шарттарда жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылады.

      12. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды осындай тауарлардың декларанттары атынан электрондық сауда операторлары жасайды.

      13. Қазақстан Республикасында жүргізілетін тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында экспериментті іске асыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

2-тарау. Тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында эксперимент қолданылатын электрондық сауда тауарлары санатының ерекшеліктері

      14. Тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында эксперимент Ерекшеліктердің 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына және жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты жүргізіледі.

3-тарау. Экспериментті іске асыру өңірінің ерекшеліктері

      15. Эксперимент Астана, Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында іске асырылады.

4-тарау. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау ерекшеліктері

      16. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау осындай тауарларды алушы болып табылатын декларант – жеке тұлға не декларанттың (жеке тұлғаның) атынан электрондық сауда операторлары мемлекеттік кірістер органдарына "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізу шеңберінде декларациялау жүзеге асырылатын тауарларға қатысты экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшеліктері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 93 шешімімен (бұдан әрі – № 93 Шешім) көзделген толтыру ерекшеліктерін ескере отырып, "Тасымалдаушы экспресс-жүк ретінде жеткізетін тауарларды тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, кедендік декларациялау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен (бұдан әрі – № 142 Шешім) бекітілген нысан бойынша экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ЭЖТД) немесе электрондық сауда операторлары пайдаланатын және шығару үшін қажетті мәліметтерді қамтитын электрондық түрдегі өзге құжатты (бұдан әрі – өзге электрондық құжат) беру жолымен жүзеге асырылады.

      17. Электрондық сауда операторлары тауарлар Қазақстан Республикасына келгенге дейін немесе келген кезде мемлекеттік кірістер органдарына электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған, ЭЖТД не өзге де электрондық құжатты толтыру және "АСТАНА-1" мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "АСТАНА-1" АЖ) жіберу арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдерінде (бұдан әрі – ХПЖ) жіберілетін немесе жеке тұлғалардың атына тасымалдаушы жеткізетін тауарлар туралы ақпаратты (бұдан әрі – тауарлар туралы мәліметтер) электрондық түрде ұсынады.

      18. Электрондық сауда операторларының ЭЖТД немесе өзге де электрондық құжатты толтыруы және беруі, "АСТАНА-1" АЖ-ға әкелуге күтілетін немесе келген электрондық сауда тауарлары туралы мәліметтерді беру, "АСТАНА-1" АЖ-да көрсетілген мәліметтерді өңдеу және мұндай мәліметтерді электрондық сауда операторлары мен мемлекеттік кірістер органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы автоматты режимде ЭЖТД-да қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

      19. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығаруды мемлекеттік кірістер органы "Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен (бұдан әрі - № 107 Шешім) бекітілген кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелеріне сәйкес жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төленген жағдайда жүргізеді.

      20. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік алымдар алынбайды.

      21. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау Кодекстің 392-9-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес электрондық сауда операторларының үй-жайларында жүзеге асырылады.

      Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 5) тармақшасының шарттары тауарларға қолданылған жағдайда, электрондық сауда операторларының үй-жайларында электрондық сауда тауарларымен бірге электрондық сауда операторларының атына жалпы жүкқұжат бойынша немесе Дүниежүзілік пошта одағының (бұдан әрі - ДПО) актілерінде көзделген құжаттар бойынша келіп түсетін басқа да тауарлар сақталуы мүмкін.

5-тарау. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялаудың ерекшеліктері

      22. Экспериментке қатысатын электрондық сауда операторлары "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешіміне сәйкес толтырылған тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) қолдана отырып, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырады. 

      23. Бұрын кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары, оларды сатып алған жеке тұлғаларға жеткізу үшін кеден қоймасынан осындай тауарларды беру және кеден қоймасы рәсімін аяқтау мақсатында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізу шеңберінде декларациялау жүзеге асырылатын тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру ерекшеліктері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 95 шешімімен (бұдан әрі – № 95 шешім) белгіленген оны толтыру ерекшеліктерін ескере отырып, "Тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен (бұдан әрі – № 171 Шешім) бекітілген нысан бойынша тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің негізінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылады. 

      24. Экспериментке қатысатын электрондық сауда операторлары тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастыру кезінде Кодекстің 7-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады, сондай-ақ "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 107 шешімімен бекітілген, Одаққа мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында пилоттық жобаны (эксперимент) жүргізу шеңберінде, электрондық сауда тауарларына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттері талаптарының сақталуын растаудың уақытша тәртібінің талаптарын сақтайды.

      25. Кодекстің 237-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы кедендік рәсімнің қолданысы:

      1) жеке тұлғалар Интернет желісінің ресурстарын пайдалана отырып электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын сатып алғаннан кейін оларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырумен;

      2) мемлекеттік кірістер органдары Кодекстің 241-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес аварияның немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан электрондық сауда тауарларын жою және (немесе) қайтарымсыз жоғалту фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осындай тауарларды қайтарымсыз жоғалту фактісін танумен;

      3) жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.

      26. Жеке тұлғаның кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты сатып алу-сату мәмілесін жасағаны туралы шетелдік интернет-алаңнан ақпарат алғаннан кейін электрондық сауда операторы Кодекстің 237-бабында белгіленген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін № 171 Шешімінде көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін оларды шығаруға өтініш беру арқылы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайды.

      27. Бір өтініште бір жеке тұлғаның бір интернет-алаңда сатып алған электрондық сауда тауарлары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      28. Электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау № 142 Шешіммен бекітілген Толтыру тәртібіне сәйкес және "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізу шеңберінде кеден қоймасының кедендік рәсімімен бұрын орналастырылған электрондық сауда тауарларын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған кезде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшеліктері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 94 Шешімімен (бұдан әрі - № 94 Шешім) белгіленген оны толтыру ерекшеліктерін ескере отырып, ЭЖТД қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      29. Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не Кодекстің 392-6-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын шығару үшін қажетті мәліметтерді қамтитын өзге де электрондық құжатты электрондық сауда операторлары кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде, бірақ жеке тұлға осы тауарларды сатып алған айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей беруге тиіс.

      30. Бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған және жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын ішкі тұтыну үшін шығару кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері бойынша кедендік әкелу баждары есептеледі және төленеді.

      Кедендік баждар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін төленеді.

      31. Тағайындалған пошта байланысының операторы электрондық сауда операторы ретінде әрекет еткен жағдайларда, кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау тағайындалған пошта байланысының операторын алушы ретінде тағайындалған елді көрсете отырып және тауарларға арналған декларацияда халықаралық пошта жөнелтілімдерін сүйемелдейтін пошта құжаттары туралы мәліметтерді көрсете отырып (CN22, CN23), сондай-ақ кедендік транзит процедурасын қолдана отырып, тауарларға арналған декларацияны беру жолымен жүргізіледі.

      32. Бір ЭЖТД-ға 500-ден аспайтын жеке жүкқұжат бойынша өткізілетін тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі.

6-тарау. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшеліктері

      33. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты экспресс-жүктер үшін ЭЖТД № 93 Шешімде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, № 142 Шешіммен бекітілген Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне (бұдан әрі - Тәртіп) сәйкес электрондық сауда операторы толтырады. 

      34. Электрондық сауда операторының электрондық сауда тауарларына қатысты ЭЖТД толтыруы мынадай ерекшеліктерді сақтай отырып жүргізіледі:

      "Алушы (жалпы жүкқұжат бойынша)" деген бағанда электрондық сауда операторы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "ЭЖТД" деген бағанда электрондық құжат түрінде ЭЖТД толтыру кезінде ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде "ЭҚ" (электрондық құжат түріндегі ЭЖТД) және "ЭC" (электрондық сауда тауарларына қатысты ЭЖТД) аббревиатуралары көрсетіледі.

      "Жалпы мәліметтер" деген баған мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады. 

      1-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжаттың немесе халықаралық почта жөнелтілімінің реттік нөмірі көрсетіледі.

      2-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) жалпы жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.

      3-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжаттың нөмірі немесе ХПЖ бірегей нөмірі (әрбір почта жөнелтіліміне жазылатын ДПО техникалық стандарттар жинағының S10 стандартына сәйкес жазбаша хат-хабарлар мен сәлемдемелердің бірегей 13 таңбалы әріптік-цифрлық сәйкестендіргіші) көрсетіледі.

      4-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжатқа немесе ДПО құжатына сәйкес (Тәртіптің 16-тармағына сәйкес) жөнелтуші туралы мәліметтер көрсетіледі. 

      5-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжатқа немесе ДПО құжатына сәйкес алушы туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ;

      жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер (Тәртіптің 14-тармағына сәйкес), сондай-ақ жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі болған кезде;

      жеке жүкқұжатқа немесе ДПО құжатына сәйкес (Тәртіптің 13-тармағына сәйкес) жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе электрондық сауда тауарларын жеткізу мекенжайы.

      Жеке жүкқұжатқа немесе ДПО құжатына сәйкес (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген кезде) латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып, жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсетуге жол беріледі.

      "Тауарлар туралы мәліметтер" деген баған мынадай ерекшеліктерді ескеріле отырып толтырылады.

      6-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) ЭЖТД бойынша электрондық сауда тауарының реттік нөмірі және "/" бөлгіш белгісі арқылы жеке жүкқұжат немесе ДПО құжаты бойынша осы тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

      7-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) электрондық сауда тауарының атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге де дәстүрлі атауы) көрсетіледі. Егер электрондық сауда тауарының атауында жеке жүкқұжатқа немесе ДПО құжатына сәйкес латын әліпбиінің әріптері пайдаланылса, онда мұндай мәліметтерді латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып көрсетуге жол беріледі.

      8-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес электрондық сауда тауарының коды кемінде алғашқы 6 белгі (анықтама) деңгейінде көрсетіледі.

      9-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) электрондық сауда тауарларының саны көрсетіледі.

      10-бағанда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) жеке жүкқұжат немесе ДПО құжаты бойынша электрондық сауда тауарларының жалпы брутто (кг) массасы көрсетіледі. Көрсетілген мән математикалық ережелер бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. 

      11-баған (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесі) толтырылмайды.

      12-бағанада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да "/" бөлгіш белгісі арқылы, ал электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде валюта сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік коды және коммерциялық құжаттарға немесе ДПО құжаттарына сәйкес цифрлармен электрондық сауда тауарының құны көрсетіледі. Тауар құнының мәні математикалық ережелер бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.

      13-бағанада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да "/" бөлгіш белгісі арқылы, ал электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде валюта сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік коды және ЭЖТД тіркелген күнге Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында цифрлармен электрондық сауда тауарының құны көрсетіледі. Тауар құнының мәні математикалық ережелер бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.

      "Құжаттар туралы мәліметтер" деген баған мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады.

      Бағанда электрондық сауда тауарларын сатып алуды растайтын мәліметтер (болған кезде) және тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл ретте мұндай құжаттар туралы мәліметтер ЭЖТД-мен бірлесіп іс-жүзінде құжат ұсынылатынына немесе Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 80-бабы 2-тармағының негізінде ұсынылмайтынына қарамастан бағанда көрсетілуге тиіс.

      ЭЖТД-нің 14-бағанасында электрондық құжат түрінде – ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі:

      тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттың коды құжаттар мен мәліметтер түрлерінің жіктеуішіне сәйкес және "/" бөлгіш белгісі арқылы ЭЖТД беру кезінде құжаттың ұсынылғанын не ұсынылмағанын растайтын белгі:

      "0" – құжат ұсынылмаған;

      "1" – құжат ұсынылды;

      электрондық сауда тауарларын сатып алуды растайтын мәліметтер коды құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес және "/" бөлгіш белгісі арқылы ЭЖТД беру кезінде осындай мәліметтерді қамтитын құжатты ұсынуды не ұсынбауды растайтын белгі:

      "0" – құжат ұсынылмаған;

      "1" – құжат ұсынылды.

      Электрондық сауда тауарларын сатып алуды растайтын мәліметтер үшін құжаттар мен мәліметтер түрінің жіктеуішіне сәйкес мынадай кодтар пайдаланылады:

      "04200" – интернет-тапсырыстың күні мен нөмірін көрсету үшін;

      "10046" – электрондық сауда тауары туралы мәліметтерді қамтитын "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі интернет-алаң (интернет-дүкен) сайтының бетіне сілтемені көрсету үшін (бұдан әрі – сайт беті);

      "10047" – интернет-алаңның атауын көрсету үшін (интернет-дүкен). 

      15-бағанада қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі ЭЖТД-да "/" бөлгіш белгісі арқылы жеке жолда, ал электрондық құжат түріндегі ЭЖТД-да – ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде:

      кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында күні және интернет-тапсырыстың нөмірі, интернет-алаңның (интернет-дүкеннің) атауы, сайт бетіне сілтеме. Аталған мәліметтер электрондық сауда операторында болған кезде көрсетіледі. 

      кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жылы) форматында күні және тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың нөмірі көрсетіледі.

      "Жеке жүкқұжат бойынша барлығы (брутто жалпы салмағы, кедендік құн)" деген жолда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) жеке жүкқұжат немесе ДПО құжаты бойынша өткізілетін электрондық сауда тауарларының брутто жалпы салмағы және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы жалпы құны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларация бойынша барлығы (брутто жалпы салмағы, кедендік құн)" деген жолда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелерінде) ЭЖТД-да мәлімделген барлық электрондық сауда тауарларының брутто жиынтық салмағы және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы құны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "B. төлемдерді есептеу" деген баған мынадай ерекшеліктерді ескере отырып толтырылады.

      Бағанда № 107 Шешімге № 2 қосымшада айқындалған бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды (бұдан әрі – бірыңғай мөлшерлемелер) және өсімпұлдарды есептеу туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды (бұдан әрі – кедендік төлемдер), өсімпұлдарды есептеу төлемнің әрбір түрі бойынша бөлек жүргізіледі.

      Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу, егер мұндай кедендік баждар, салықтар төленуге жататын болса, әрбір жеке жүкқұжат немесе ДПО құжаты бойынша бөлек жүргізіледі.

      1-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) ЭЖТД "Жалпы мәліметтер" деген бағанының 1-бағанасында көрсетілген жеке жүкқұжаттың немесе халықаралық почта жөнелтілімінің реттік нөмірі көрсетіледі.

      Кедендік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді көрсету кезінде:

      2 және 3-6-бағаналар (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелері) Тәртіпке сәйкес толтырылады.

      "Жеке жүкқұжат бойынша барлығы" деген жолда (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) бір жеке жүкқұжат немесе ДПО құжаты бойынша төленуге жататын кедендік төлемдердің жалпы сомасы, сондай-ақ өсімпұлдардың есептелген сомалары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Төлеуге жататын кедендік төлемдер туралы мәліметтерді көрсету кезінде:

      2-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) өндіріп алу кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлем түрлерінің сыныптауышына сәйкес төлем түрінің коды көрсетіледі;

      3-5-бағаналар (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелері) толтырылмайды;

      6-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) төлемнің тиісті түрі бойынша осындай төлемнің сомасы көрсетіледі.

      Өсімпұлдардың есептелген сомалары туралы мәліметтерді көрсеткен кезде 2-6-бағаналар (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелері) Тәртіпке сәйкес толтырылады. 

      "Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларация бойынша барлығы" деген жолда:

      2-5-бағаналар (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемелері) Тәртіпке сәйкес толтырылады;

      6-бағанада (ЭЖТД құрылымының тиісті деректемесінде) төленуге жататын кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың жалпы сомасы көрсетіледі.

7-тарау. Бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырған кезде экспресс-жүктерге тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшеліктері

      35. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен бұрын орналастырылған электрондық сауда тауарларын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырған кезде ЭЖТД № 94 Шешімде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, № 142 Шешіммен бекітілген Экспресс-жүктерге тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібімен (бұдан әрі – Тәртіп) электрондық сауда операторы толтырады.

      36. "Жалпы мәліметтер" деген баған мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады.

      1-бағанада электрондық сауда тауарлары ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған өтініштің реттік нөмірі көрсетіледі.

      2-бағана толтырылмайды.

      3-бағанада өтініштің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      4-бағанада жеке тұлға электрондық сауда тауарын сатып алған интернет-дүкен (интернет-алаң) туралы мәліметтер көрсетіледі (Тәртіптің 16-тармағының "б" тармақшасына сәйкес). 

      5-бағанада электрондық сауда тауарларын сатып алған жеке тұлға туралы мынадай мәліметтер:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер (Тәртіптің 14-тармағына сәйкес), сондай-ақ жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      өтінішке сәйкес жеке тұлғаның тұрғылықты жері (Тәртіптің 13-тармағына сәйкес) көрсетіледі.

      "Тауарлар туралы мәліметтер" деген баған мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады.

      6-бағанада ЭЖТД бойынша электрондық сауда тауарының реттік нөмірі және мәлімдеу бойынша осы тауардың реттік нөмірі "/" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі.

      7-бағана Тәртіпке сәйкес толтырылады.

      8-бағанада Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес 10 белгі деңгейінде (арасында бос орын қалдырмай) электрондық сауда тауарының коды көрсетіледі.

      9-бағанада, егер ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес декларацияланатын электрондық сауда тауарына қатысты қосымша өлшем бірлігі қолданылса, өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес қосымша өлшем бірлігінің шартты белгісі, өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды және қосымша өлшем бірлігіндегі тауардың саны көрсетіледі. 

      10 және 11-бағаналарда тиісінше электрондық сауда тауарларының брутто (кг) және нетто (кг) салмағы көрсетіледі. Көрсетілген мәндер математикалық ережелер бойынша үтірден кейін 3 таңбаға дейінгі дәлдікпен, ал егер электрондық сауда тауарларының жалпы массасы 1 грамнан аз болса, үтірден кейін 6 таңбаға дейін дөңгелектенеді.

      12-бағана Тәртіпке сәйкес толтырылады.

      13-бағанада валюта жіктеуішіне сәйкес валютаның әріптік коды және өтініш тіркелген күнге Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы цифрлармен электрондық сауда тауарының кедендік құны көрсетіледі. Тауардың кедендік құнының мәні математикалық ережелер бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. 

      "Құжаттар туралы мәліметтер" деген баған мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады.

      Бағанда электрондық сауда тауарларын сатып алуды растайтын мәліметтер және тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл ретте құжаттар туралы мәліметтер ЭЖТД-мен бірлесіп іс жүзінде құжат ұсынылатынына немесе Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 80-бабы 2-тармағының негізінде ұсынылмайтынына қарамастан бағанда көрсетілуге тиіс.

      14-бағанада мыналар көрсетіледі:

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттың коды және ЭЖТД беру кезінде құжаттың ұсынылғанын не ұсынылмағанын растайтын белгі:

      "0" – құжат ұсынылмаған;

      "1" – құжат ұсынылды;

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес "04200" коды (интернет-тапсырыстың күні мен нөмірін көрсету үшін) және ЭЖТД беру кезінде осындай мәліметтерді қамтитын құжаттың ұсынылғанын не ұсынылмағанын растайтын белгі:

      "0" – құжат ұсынылмаған;

      "1" – құжат ұсынылды.

      15-бағанада мыналар:

      кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында күні және интернет-тапсырыс нөмірі;

      кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында күні және тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттың нөмірі көрсетіледі.

      "Жеке жүкқұжат бойынша барлығы (брутто жалпы салмағы, кедендік құн)" деген жолда бір өтініш бойынша ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған бруттоның жалпы салмағы және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы электрондық сауда тауарларының жалпы кедендік құны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "Экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларация бойынша барлығы (брутто жалпы салмағы, кедендік құн)" деген жолда ЭЖТД-да мәлімделген барлық электрондық сауда тауарларына мүше мемлекеттің валютасындағы брутто жиынтық салмағы және кедендік құн туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "В. төлемдерді есептеу" деген баған мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып толтырылады.

      1-бағанада ЭЖТД бойынша электрондық сауда тауарының реттік нөмірі және ЭЖТД "Тауарлар туралы мәліметтер" деген бағанының 6-бағанасында көрсетілген өтініш көрсетіледі.

      "Жеке жүкқұжат бойынша барлығы" деген жолда шығарылуы бір өтініш бойынша жүргізілген электрондық сауда тауарларының жиынтығы бойынша төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың жалпы сомасы, сондай-ақ кедендік алымдарды, өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген сомаларын есептеу туралы мәліметтер көрсетіледі.

      "С" деген бағанда тауарларды шығару туралы белгі 2 деп қойылған кезінде өтінішке сәйкес электрондық сауда тауарларын шығару күні көрсетіледі.

8-тарау. Электрондық сауда тауарларына қатысты техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібін қолдану ерекшеліктері

      37. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 7 Өкіміне (бұдан әрі – № 7 Өкім) қосымшаға сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізу шеңберінде электрондық сауда тауарларына қатысты "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 107 Шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттері талаптарының сақталуын растаудың уақытша тәртібінің талаптарын сақтай отырып, Электрондық сауда тауарларының тізбесіндегі тауарларға техникалық регламенттерді сақтаудың хабарламалық тәртібі қолданылады.

      38. Электрондық сауда операторы үшінші елдердің интернет-дүкендерінің (интернет-алаңдарының) мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларына тауарларды сату туралы жария ұсынысы бар "Интернет" желісіндегі өз сайттарының беттерінде осы тауарлардың дайындаушылардан алынған мәліметтер негізінде тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы өтініштерді (нотификацияларды) жариялау қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      39. Электрондық сауда операторы № 7 Өкімнің 1-тармағы г) тармақшасының 7-абзацына сәйкес хабарламалық тәртіпті іске асыру шеңберінде, өтініштердің (нотификациялардың) болуын тексеруді және мониторинг мақсаттары үшін cауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға өтініштердің (нотификациялардың) болуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етеді.

9-тарау. Пилоттық жоба (эксперимент) шеңберінде жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары үшін кедендік декларациямен танылатын өзге де электрондық құжатты толтыру ерекшеліктері

      40. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау кезінде электрондық сауда операторлары жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау үшін кедендік декларацияның пилоттық жоба (эксперимент) шеңберінде танылатын, электрондық сауда операторлары пайдаланатын және шығару үшін қажетті, осы Ерекшеліктерге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзге де электрондық құжатты қолданады.

      41. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты өзге электрондық құжатты толтыруды электрондық сауда операторы мынадай ерекшеліктерді сақтай отырып жүргізеді:

      1) тауарлар туралы мәліметтер тізілімінің тіркеу нөмірі мынадай түрде қалыптастырылады:

      1-элемент – кеден органының коды;

      2-элемент – ХПЖ тізілімін тіркеу күні (күні, айы, жылдың соңғы екі цифры);

      3-элемент – күнтізбелік жыл шеңберіндегі өтпелі нөмірлеу бойынша реттік нөмір; 

      2) "ХПЖ трек-нөмірі" деген бағанда ХПЖ бірегей нөмірі туралы мәліметтер толтырылады (әрбір ХПЖ-ға жазылатын ДПО техникалық стандарттар жинағының S10 стандартына сәйкес келетін жазбаша хат-хабарлар мен сәлемдемелердің бірегей 13 таңбалы әріптік-цифрлық сәйкестендіргіші); 

      3) "Жөнелтуші (жөнелтуші ел, ұйымның атауы, жөнелтушінің мекенжайы)" деген бағанда ДПО актілерінде көзделген құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген жөнелтуші туралы мәліметтер толтырылады; 

      4) "Тауарларды алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)" деген бағанда ДПО актілерінде көзделген құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген ХПЖ алушысы туралы мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, сондай-ақ болған кезде, тауарды алушының жеке сәйкестендіру нөмірі толтырылады; тегін, атын, әкесінің атын толтыруға жол беріледі (ол болған кезде) ДПО құжатына сәйкес латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып (жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін көрсеткен кезде); 

      5) "Тауарларды алушы жеке тұлғаның мекенжайы" деген бағанда жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе ДПО актілерінде көзделген және ілесіп жүретін ХПЖ құжаттарында көрсетілген тауарларды жеткізу мекенжайы толтырылады; 

      6) "Тауардың атауы" деген бағанда ДПО актілерінде көзделген құжаттарда және ілесіп жүретін ХПЖ-да көрсетілген тауардың атауы толтырылады. Латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып тауар атауын толтыруға жол беріледі; 

      7) "ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды" деген бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды кемінде алғашқы 6 белгі (болған кезде) деңгейінде толтырылады; 

      8) "Тауар саны" деген бағанда өлшем бірліктеріндегі тауар саны толтырылады; 

      9) "ХПЖ салмағы, кг" деген бағанда ДПО актілерінде көзделген және ХПЖ-мен бірге жүретін құжаттарда көрсетілген тауарлардың жалпы брутто массасы толтырылады; 

      10) "Құны" деген бағанда тауардың құны коммерциялық құжаттарға немесе ДПО құжаттарына сәйкес цифрлармен толтырылады; 

      11) "Валюта" деген бағанда валюта сыныптауышына сәйкес валютаның әріптік коды толтырылады.

  Кедендік декларациялаудың,
тауарлар санатының,
Қазақстан Республикасында
жүргізілетін тауарлардың
сыртқы электрондық саудасы
саласындағы экспериментті іске
асырушы өңірдің және
электрондық сауда тауарларына
қатысты техникалық
регламенттерді сақтаудың
хабарламалық тәртібін
қолдану ерекшеліктеріне
қосымша

      Нысан

Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау үшін кедендік декларациямен пилоттық жоба (эксперимент) шеңберінде танылатын электрондық сауда операторлары пайдаланатын өзге де электрондық құжат

ХПЖ трек-нөмірі

Жөнелтуші (ел
жөнелтілімдер, ұйымның атауы, жөнелтушінің мекен-жайы)

Тауарлар алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Тауарлардың алушы – жеке тұлғаның мекен жайы

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

Таурдың саны

ХПЖ салмағы, кг

Құны

Валюта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      ХПЖ – халықаралық пошта жөнелтілімі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады