Бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 шiлдеде № 33085 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженінің 15-тармағының 273) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 14 шілдедегі
№ 138 бұйрығымен
бекітілген

Бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженінің 15-тармағының 273) тармақшасына сәйкес әзірленді және бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпарат алмасуға қатысушылар (бұдан әрі – қатысушылар) – мемлекеттік органдар ‒ ақпараттық жүйелердің иелері және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) – бизнес-әріптестер тізілімінің ақпараттық жүйесінің иесі.

      2) алдын ала индекс – кәсіпкерлік субъектісінің адалдығын көрсететін, бір мемлекеттік органның мәліметтерін пайдалана отырып есептелген скоринг индексінің бір бөлігі. Алдын ала индекс ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және салықтық, кедендік құпия мен дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Алдын ала индексті есептеу тиісті мемлекеттік органның қорғалған периметрінде жүзеге асырылады;

      3) әлеуетті контрагент – кәсіпкер мәміле жасасуды жоспарлап отырған заңды тұлға не дара кәсіпкер;

      4) бизнес-әріптестердің тізілімі – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланған, кәсіпкерлік субъектілері туралы заңмен қорғалатын құпияны құрамайтын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

      5) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал мен өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҰКО) – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;

      8) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті (интернетке қол жеткізе алатын жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің талап етілетін ақпараттық қауіпсіздік деңгейін сақтай отырып, өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;

      9) скоринг индекстері ‒ кәсіпкерлік субъектісінің адалдығын талдау кезінде қолданылатын және кәсіпкерлік субъектісімен іскерлік қатынастарға түсумен байланысты тәуекелдерді көрсететін индекстер жиынтығы. Скоринг индекстері бизнес-әріптестер тізілімінің ақпараты базасында қалыптастырылады;

      10) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Бизнес-әріптестердің тізілімі кәсіпкерлерге әлеуетті контрагенттің адалдығын өз бетінше бағалауына мүмкіндік беруге арналған.

      4. Бизнес-әріптерстер тізілімінің пайдаланушылары жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      5. Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдығын бағалауды пайдаланушылар бизнес-әріптестердің тізілімінде ұсынылған ақпарат негізінде дербес жүзеге асырады.

2-тарау. Бизнес-әріптестердің тізілімін жасау тәртібі

      6. Бизнес-әріптестердің тізілімін ҰКП жасайды.

      7. Бизнес-әріптестер тізілімі жүйесінің ЭҮШ-мен ақпарат алмасуы электрондық хабарламалар арқылы ҰКО берген ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, "сұрау-жауап" режимінде жүзеге асырылады.

      8. Қатысушылар ақпараттық жүйелердің жұмысындағы техникалық іркілістер мен технологиялық үзілістерді қоспағанда, өзара іс-қимыл сервисіне тәулік бойы рұқсат береді, ақпараттық жүйелердің жұмысында технологиялық үзіліс жоспарланып отырған қатысушы бұл туралы басқа қатысушыларды жұмыстар басталғанға дейін кемінде 36 сағат бұрын хабардар етеді.

      9. Ақпарат алмасу кезінде ақпаратты қорғау "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 9-3) тармақшасына, сондай-ақ "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      10. Бизнес-әріптестердің тізілімін пайдаланушыларға кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін мына скоринг индекстері қолжетімді:

      салық төлеушінің адалдық индексі – әлеуетті әріптестің шот-фактураны және (немесе) өзге де құжатты жазып беру жөніндегі іс-қимылдарды сот немесе қылмыстық қудалау органының ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулысымен іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жасалған деп тануы мүмкін мәмілелерді (операцияларды) қолдану ықтималдығының көрсеткіші;

      қаржылық орнықтылық индексі – контрагенттің қаржылық проблемаларға байланысты өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдығының көрсеткіші;

      төлем тәртібінің индексі – кәсіпкердің контрагенттен төлем алуында проблемалар туындау мүмкіндігі ықтималдығының көрсеткіші;

      іскерлік бедел индексі – барлық факторлардың жиынтығын біріктіретін жиынтық көрсеткіш.

      11. Бизнес-әріптестердің тізілімі скоринг индекстерін есептеу жөніндегі сервисті қамтиды.

      12. Бизнес-әріптестер тізілімінің скоринг индекстері пайдаланушының сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдардан, ашық ақпарат көздерінен алынған ақпарат негізінде есептеледі.

      13. Салықтық, кедендік құпияны құрайтын мәліметтер және дербес деректер пайдаланылатын скоринг индекстерін есептеу кезінде алдын ала индекстер қолданылады.

      14. Алдын ала индекстер кәсіпкерлік субъектісіне санмен берілген тәуекел мәнін не тәуекелдің белгілі бір санатына жатқыза отырып (жоғары, орташа, төмен), тәуекелдің сандық мәнін беруді білдіреді.

      15. Есептелген алдын ала индекстер скоринг индекстерін есептеу жөніндегі бизнес-әріптестер тізілімінің сервисіне беріледі.

      16. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген скоринг индекстерін түпкілікті есептеуді скоринг индекстерін есептеу жөніндегі бизнес-әріптестер тізілімінің сервисі мемлекеттік органдардан, ашық ақпарат көздерінен, басқа да дереккөздерден алынған ақпарат, сондай-ақ алынған алдын ала индекстер мәндерінің негізінде жүзеге асырады.

      17. Алдын ала индекстерді есептеуді салықтық, кедендік құпияның және дербес деректердің иесі болып табылатын мемлекеттік орган ҰКП беретін есептеу алгоритмінің негізінде жүзеге асырады.

      18. Скоринг индекстер мен алдын ала индекстерді есептеу алгоритмін ҰКП мемлекеттік органдар беретін кәсіпкерлік субъектілері бойынша иесі көрсетілмеген тест деректерінің тестілік іріктелімін талдау мен модельдеудің негізінде әзірлейді.

      19. Скоринг индекстері мен алдын ала индекстерді есептеу алгоритмін әзірлеу кезінде салықтық, кедендік құпияның және дербес деректердің сақталуын қамтамасыз ету үшін:

      ҰКП мемлекеттік органдарға иесі көрсетілмеген тест деректерін қалыптастыру үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуге қойылатын талаптарды ұсынады;

      мемлекеттік органдар ұсынылған тест деректеріне қойылатын талаптардың негізінде кәсіпкерлік субъектілері бойынша иесі көрсетілмеген деректердің іріктелімін ұсынады;

      кәсіпкерлік субъектілері бойынша иесі көрсетілмеген тест деректерінің іріктелімін қалыптастыру үшін салықтар және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган кәсіпкерлердің еркін түрде қалыптастырылған тізімін жасайды және оларға сәйкестендіру нөмірін береді;

      мемлекеттік органдар салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастырған кәсіпкерлер тізіміне сәйкес кәсіпкерлер бойынша иесі көрсетілмеген деректерді ұсынады;

      ҰКП кәсіпкерлер бойынша алынған иесі көрсетілмеген деректердің негізінде әрбір мемлекеттік орган үшін скоринг және алдын ала индекстерін есептеу алгоритмін әзірлеуді жүзеге асырады.

3-тарау. Бизнес-әріптестердің тізілімін жүргізу тәртібі

      20. Бизнес-әріптестердің тізілімін жүргізуді "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 17) тармақшасына сәйкес ҰКП жүзеге асырады.

      21. Бизнес-әріптестердің тізілімі пайдаланушыларға кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпарат береді.

      22. Бизнес-әріптестердің тізілімін пайдаланушы кәсіпкерлік субъектісі туралы мынадай мәліметтерді алады:

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен және ашық дереккөздерден алынған деректерге негізделген кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер қамтылған есеп;

      кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес қалыптастыратын тізілімдерге, тізімдерге, тізбелерге енгізілгені туралы ақпарат.

      23. Кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпарат мемлекеттік органдармен және өзге де деректерді иеленушілермен өзара ақпараттық іс-қимыл жасасу арқылы қалыптастырылады:

      1) салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган соңғы үш жылда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай мәліметтерді ұсынады:

      БСН/ЖСН;

      есепке қойылған күні (мемлекеттік тіркеу);

      тіркеу есебінен шығарылған күні;

      тіркеу есебінен шығару себебі;

      қызметті тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күні;

      салық төлеушінің резиденттігі;

      салық органы ‒ салық төлеушінің тіркелген жері;

      қолданылатын салық режимі;

      тәуекел дәрежесін бағалаудың негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін жартыжылдық салықтық тексерулер кестесі туралы деректер;

      салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін ұсынбағаны туралы деректер;

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын оңалту және банкроттық туралы деректер;

      салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін салық жүктемесінің коэффициенті туралы деректер;

      тәуекел дәрежесіне қарай салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы деректер;

      жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасы;

      салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегінің сомасы;

      салық төлеушінің таратылуына (қызметінің тоқтатылуына) байланысты салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы деректер;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы деректер;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 650-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелуінің болуы (болмауы) туралы деректер (кәсіпкерлік субъектісінің БСН/ЖСН).

      Осы Қағидалардың 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес алдын ала индекстерді есептеу кезінде салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган соңғы үш жылда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай мәліметтерді пайдаланады:

      жарғылық капитал;

      жиынтық капитал;

      жиынтық активтер;

      жиынтық міндеттемелер;

      негізгі құралдар;

      салық төлеуші (салық агенті) түрлері бойынша бөле отырып төлеген (аударған) салықтар мен бюджетке төленетін кедендік төлемдердің сомасы;

      төленген салықтардың жалпы сомасы;

      түзетулер ескерілген жылдық жиынтық кіріс;

      шеккен залалдар ескеріле отырып, салық салынатын кіріс;

      корпоративтік табыс салығы;

      барлық шегерімдер;

      қосылған құн салығы;

      есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін бюджеттен салық төлеушіге қайтару сомасы;

      мүлік салығы;

      көлік салығы;

      персонал саны;

      еңбекақы төлеу қорынан аударымдар (салық түрлері бойынша бөлінген);

      тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің тізімдері:

      әрекет етпейтін салық төлеушілер;

      жалған кәсіпорындар деп танылғандар;

      заңды мекенжайында болмағандар;

      банкрот деп танылғандар;

      әрекет етпейтін деп танылғандар;

      тіркелуі жарамсыз деп танылғандар;

      Салық кодексінің нормаларын бұза отырып, қайта ұйымдастырылғандар;

      салықтық берешегі барлар;

      2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтерді береді;

      3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган тіркелген, жұмыс істеп тұрған, таратылған және өзге де кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді, оның ішінде мыналарды ұсынады:

      сәйкестендіру мәліметтері;

      БСН;

      субъектінің мәртебесі;

      ұйымды тіркеген тіркеуші орган;

      бастапқы тіркелген күні;

      соңғы қайта тіркелген күні (бар болса);

      қазақ тіліндегі атауы;

      орыс тіліндегі атауы;

      ағылшын тіліндегі атауы (бар болса);

      қазақ тіліндегі қысқартылған атауы (бар болса);

      орыс тіліндегі қысқартылған атауы (бар болса);

      ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы (бар болса);

      ұйым нысаны;

      ұйымдық-құқықтық нысаны (бар болса);

      жеке кәсіпкерлік түрі (бар болса);

      заңды тұлғаның сыныптамалық деректері:

      құрылу тәсілі (заңды тұлғалар үшін);

      меншік нысаны;

      коммерциялық ұйым;

      кәсіпкерлік субъектісі (заңды тұлғалар үшін);

      халықаралық ұйым (заңды тұлғалар үшін);

      шетелдік инвесторлар қатысатын (заңды тұлғалар үшін);

      азаматтығы жоқ адамдар қатысатын (заңды тұлғалар үшін);

      қызметі үлгілік жарғы бойынша жүзеге асырылады (заңды тұлғалар үшін);

      филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметтер;

      тарату туралы мәліметтер;

      қызметті тоқтату негізі;

      тарату түрі;

      тарату туралы шешім шығарылған күн;

      тарату тіркелген күн;

      қайта құру түрі;

      құқықтық мирасқордың БСН;

      жетекші:

      басшының лауазымы туралы мәліметтер (бар болса);

      басшының лауазымы (бар болса);

      тағайындалған күні (бар болса);

      басқарушыны лауазымынан шеттету немесе лауазымға тағайындау күшін жоғалтқан күн (бар болса);

      тұрақты тұратын елі;

      азаматтық елі;

      азаматтық тиесілігі;

      ЖСН (бар болса);

      тегі;

      аты;

      әкесінің аты (бар болса);

      қызмет түрлері:

      негізгі қызмет түрі;

      экономикалық қызмет түрлері жалпы жіктеуішінің коды (бұдан әрі – ЭҚЖЖ);

      қызмет түрінің қазақ тіліндегі атауы;

      қызмет түрінің орыс тіліндегі атауы;

      орналасқан жерінің мекенжайы:

      мекенжайдың тіркеу коды (бар болса);

      пошта индексі;

      әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші (бұдан әрі – ӘАОЖ) бойынша код;

      геоним коды (бар болса);

      облыс атауы қазақ тілінде;

      облыс атауы орыс тілінде;

      аудан атауы қазақ тілінде;

      аудан атауы орыс тілінде;

      ауылдық округі атауы қазақ тілінде;

      ауылдық округі атауы орыс тілінде;

      елді мекен атауы қазақ тілінде;

      елді мекен атауы орыс тілінде;

      көше атауы қазақ тілінде;

      көше атауы орыс тілінде;

      құрылыс түрі (бар болса);

      құрылыс нөмірі;

      блок нөмірі (бар болса);

      корпус нөмірі (бар болса);

      үй-жай түрі (бар болса);

      үй-жай нөмірі;

      офис нөмірі;

      құрылтайшы заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

      БСН (бар болса);

      инкорпорация елі;

      инкорпорация еліндегі тіркеу нөмірі (бейрезиденттер үшін);

      тіркелген (қайта тіркелген) күні;

      қазақ тіліндегі толық атауы;

      орыс тіліндегі толық атауы;

      құрылтайшы жеке тұлғалар туралы мәліметтер:

      тұрақты тұратын елі;

      азаматтық тиесілігі;

      азаматтық елі;

      ЖСН (бар болса);

      инкорпорация еліндегі салық нөмірі (бейрезиденттер үшін);

      тегі;

      аты;

      әкесінің аты (бар болса);

      қатысушылардың, құрылтайшылардың жалпы саны;

      оның ішінде жеке тұлғалар;

      оның ішінде заңды тұлғалар;

      филиалдың немесе өкілдіктің бас ұйымы туралы мәліметтер:

      БСН (бар болса);

      инкорпорация елі;

      инкорпорация еліндегі тіркеу нөмірі (бейрезиденттер үшін);

      тіркелген (қайта тіркелген) күні;

      қазақ тіліндегі толық атауы;

      орыс тіліндегі толық атауы;

      қызмет түрі (бейрезиденттер үшін);

      4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай деректерді ұсынады:

      БСН/ЖСН;

      ӘАОЖ коды;

      ЭҚЖЖ бойынша экономикалық қызмет түрі;

      экономикалық қызмет түрінің атауы;

      қайталама ЭҚЖЖ (ол болған кезде/тікелей код және оның атауы);

      жұмыскерлердің саны бойынша заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің өлшемділік жіктеуіші бойынша коды (бұдан әрі – ӨЖК);

      ӨЖК атауы;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік субъектілеріне тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан жері туралы мәліметтерді береді;

      6) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілік депозитарийінен кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді береді:

      БСН/ЖСН;

      мемлекеттік тіркелген күні;

      базалық көрсеткіштер;

      бейіні;

      ерекше деректер;

      атқарушы орган;

      үлестес тұлғалар;

      рұқсаттар;

      директорлар кеңесі/байқау кеңесі;

      құрылтайшылар туралы деректер;

      жария мүдделі ұйымдар үшін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген нысандар бойынша қаржылық есептілік;

      ұсынылған есеп бойынша кәсіпорынның қаржылық талдауы (қаржылық есептілік депозитарийіне қосылған ақпарат негізінде орындалған қаржылық-шаруашылық қызметтің экспресс-талдауы);

      аудиторлық есептер;

      басқару органдарының шешімдері;

      құрылтай құжаттары;

      акциялар туралы ақпарат;

      7) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілеріне (құрылтайшы/басшы) қатысты адамдарды іздестіру туралы мәліметтер береді;

      дербес деректерді берместен, мынадай:

      кәсіпкерлік субъектілерін тексеру туралы;

      кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер бойынша есептелген алдын ала индекстер беріледі.

      Осы Қағидалардың 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес алдын ала индекстерді есептеу кезінде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган соңғы үш жылдағы мәліметтерді пайдаланады;

      8) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық істер бойынша мынадай мәліметтерді береді:

      инстанция;

      өңір;

      сот;

      өндіріс түрі;

      істің нөмірі;

      сот актісінің күні;

      сот актісінің түрі;

      сот актісінің мәтіні;

      9) көлік құралдары және оларға иелік ету туралы мәліметтерді қалыптастыру жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерінің БСН/ЖСН сұрату бойынша автокөлік иелерінің тіркелген көлік құралдары жөніндегі мәліметтерді ұсынады;

      10) табиғи монополиялар субъектілері (бұдан әрі – ТМС) бизнес-әріптестердің тізілімін қалыптастыру үшін ҰКП-ға жіберетін мәліметтерді ай сайын өзектілендіре отырып, заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің коммуналдық қызметтері бойынша төлемдерді бір айдан астам мерзімге төлемеу фактілері туралы мәліметтерді ұсынады.

      ТМС деректерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей ұсынады, ал ҰКП ұсынылған деректерді бизнес-әріптестердің тізіліміне орналастырады;

      11) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мынадай мәліметтерді ұсынады:

      құқық иеленушінің ЖСН;

      құқық иеленушінің (компанияның) БСН;

      құқық иеленушінің (компанияның) толық атауы;

      тұрғын үй/тұрғын емес үй қорының белгісі;

      объект пайдалануға берілген жыл;

      объектінің кадастрлық нөмірі;

      бастапқы объектінің кадастрлық нөмірі;

      жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

      жер учаскесінің ауданы;

      құрылыс ауданы;

      жылжымайтын мүлік түрі;

      қабаты;

      пайдалы ауданы;

      объектінің салық салынатын құны (бар болса);

      ауыртпалықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер;

      шектеулердің бар-жоғы туралы мәліметтер;

      объектінің орналасқан жері;

      облыс;

      аудан/қала;

      объектінің мекенжайы (елді мекен, көше, үй, пәтер);

      объектінің нысаналы мақсаты;

      тіркелген ауыртпалықтар туралы мәліметтер:

      ауыртпалық түрі;

      ауыртпалықтың мазмұны;

      мүдделі тұлға;

      ортақ меншік нысаны, үлесі;

      мәміле сомасы (құны);

      негізгі міндеттемелердің мөлшері (кепіл сомасы);

      ауыртпалық салу мерзімі;

      ауыртпалықты тіркеу күні, уақыты;

      ауыртпалықтың туындауының негізі:

      құжат түрі;

      құжаттың нөмірі мен күні;

      12) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою саласындағы уәкілетті орган бизнес-әріптестердің тізілімінде жариялау үшін контрагенттің иесі не басшысы болып табылатын жеке тұлғаның жақын туысы (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, ұлы, қызы), жегжаты (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, қарындасы, ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылатын, онымен некеде тұрған жеке тұлғасы бар, контрагентпен үлестес заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің тізбесі туралы мәліметтерді бизнес-әріптестер тізіліміне береді. Бұл ретте заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің үлестестігі туралы мәліметтер берілмейді;

      13) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган мынадай мәліметтерді ұсынады:

      заңды тұлғаның тіркелген көлік заңнамасын бұзуының саны туралы ақпарат;

      халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі мен карточкасының болуы туралы ақпарат;

      халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат беру карточкаларының саны туралы ақпарат (заңды тұлғаның халықаралық тасымалдарға жіберілген автокөлік құралдарының санын айқындайды).

      24. Тәуекелдерді болжаудың өзектілігін сақтау мен дәлдігін арттыру үшін ҰКП мезгіл-мезгіл, жылына кемінде бір рет скоринг және алдын ала индекстерді есептеу алгоритмдерін нақтылауды жүзеге асырады.

      25. Скоринг және алдын ала индекстерді есептеу алгоритмдерін нақтылау осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Мемлекеттік органдар скоринг және алдын ала индекстерді есептеу алгоритмін нақтылау үшін сұрау салуды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ҰКП-ға осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес тестілік іріктеуді ұсынады.

4-тарау. Бизнес-әріптестердің тізілімін пайдалану тәртібі

      27. Кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпарат пайдаланушыларға тізілімнің порталында мәліметтерді көрсету нысанында, сондай-ақ ЭЦҚ-мен куәландырылған, кәсіпкерлік және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға арналған электрондық құжат түрінде ұсынылады.

      28. Мәліметтерді беру ақпарат көзінде мәліметтерді қалыптастыру және беру жылдамдығы ескеріле отырып, онлайн режимде жүзеге асырылады.

      29. Бизнес-әріптестердің тізілімінде қамтылған кәсіпкерлік субъектілерінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Бизнес-әріптестер тізілімінің порталында пайдаланушыларды тіркеу, кәсіпкерлік субъектілерін іздеу, кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты сұрату, пайдаланушыларға кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты беру жүзеге асырылады.

      31. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға қатысты мәліметтерді сұрату бизнес-әріптестердің тізілімінде оның кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі расталған жағдайда жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлік субъектілерін іздеу мынадай белгілер бойынша жүзеге асырылады:

      БСН немесе ЖСН;

      заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны;

      дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және (немесе) атауы.

      32. Бизнес-әріптестердің тізілімін пайдаланушы кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпарат сұратуды жүзеге асырады.

      33. МО БКЖ, ЭҮШ және басқа қатысушылардың ақпараттық жүйелері іркіліссіз жұмыс істеген жағдайда бизнес-әріптестер тізілімінің ақпараттық жүйесінен пайдаланушыға есепті қалыптастыру уақыты 1 (бір) сағаттан аспайды.

      34. Бизнес-әріптестер тізілімін мынадай жағдайларда:

      кәсіпкерлік субъектілерінің адалдығын, сондай-ақ әлеуетті контрагентпен ынтымақтастыққа байланысты тәуекелдерді өз бетінше бағалау үшін пайдаланушылар;

      өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелер пайдаланады.

      35. Бизнес-әріптестердің тізілімі пайдаланушының кәсіпкерлік субъектісін әрбір тексеру фактісін тіркеуді жүзеге асырады, пайдаланушыға тексеру фактісі туралы тексеру күні мен уақыты көрсетілген, алынған ақпарат қамтылған, скоринг индекстерінің мәндері көрсетілген есепті электрондық түрде алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне сұрау салудың күні мен уақытын көрсете отырып, ол туралы ақпаратты сұратқан пайдаланушылар туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

      36. Әлеуетті контрагентті тексеру үшін мемлекеттік тіркеу, жүзеге асырылатын қызмет түрлері, мемлекеттік органдар тізілімдерінде бар/жоғы, төленген салықтар мен салық берешегінің сомалары туралы мәліметтер, қолдағы бар жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензиялар, рұқсаттар туралы мәліметтер, салық төлеушінің адалдық индексінің мәні кәсіпкерлерге бизнес-әріптестер тізілімінің порталында тегін беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады