"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 317/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 тамызда № 33255 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17437 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Технопарктің қатысушысы ретінде тіркеу үшін өтінішті ұсыну, оны одан әрі Технопарктің қарауы, өтініштің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама Технопарктің интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші Технопарктің қатысушысы ретінде тіркелу үшін осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, технопаркке қатысуға арналған электрондық өтінішті (бұдан әрі – қатысуға өтініш) Технопарктің интернет-ресурсында толтырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қатысуға өтінішке қоса мынадай құжаттар тіркеледі:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген қажетті мәліметтерді қамтитын жобаның (жобалардың) бизнес-жоспары;

      2) салық органдарында есепке алынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң алты еселенген мөлшерiнен аспайтын борыштардың болмауы (болуы) туралы Технопаркке қатысуға өтініш берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей берiлген мәлiметтер;

      3) өтініш беруші қызметін жүзеге асыруды жоспарлап отырған жерді растайтын құжат (жалға алу, мүлікті өтеусіз пайдалану, мүлікті сенімгерлік басқару шарттарының көшірмелері, заңды тұлғаның орналасқан жері үшін үй-жай беру туралы жеке тұлғаның нотариат куәландырған келісімі). Мекенжайы өзгерген кезде өтініш беруші жедел түрде ол туралы Технопаркті хабардар етеді."

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Технопарк қатысуға өтініш, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Технопаркке қатысуға арналған өтініш пен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар толық және дұрыс, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда Технопарк осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Комиссияның қарауына жібереді. Комиссияның Ережесі мен құрамын Технопарк айқындайды."

      Комиссия мемлекеттік органдардың өкілдерінен және (немесе IT-технологиялар саласындағы) тиісті біліктілігі бар және (немесе) мамандардан тұрады, сондай-ақ Комиссияның құрамына халықаралық сарапшылар тартылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қатысуға арналған өтініште, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтер толық емес және (немесе) шынайы емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда, Технопарк қатысуға өтініш жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ескертулерді көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлама жібереді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Технопарк Комиссия осындай шешімді қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Технопарктің қатысушысы ретінде тіркелгені немесе мұндай тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      Өтінішті қабылдамау өтінішті қабылдамауға негіз болған себептер жойылған кезде өтініш берушінің қайта өтініш беруіне кедергі келтірмейді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Технопарк қатысушысының қызмет шарттары туралы шарт жасалған Технопарк қатысушысы туралы мәліметтер үш жұмыс күні ішінде Технопарктің интернет-ресурсында орналасқан Технопарк қатысушыларының тізбесіне енгізіледі.";

      21-тармақ алынып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бейрезиденттер тартылған жағдайда қатысушы тоқсан сайынғы есептерді ұсынған кезде тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), соның ішінде латын әріптерімен;

      туған күні;

      азаматтық (тұрақты тұратын ел);

      паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы;

      Қазақстан Республикасының аумағында болжалды болу мерзімі (айы, жылы);

      біліктілігі туралы мәліметтер;

      визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса);

      Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсаты;

      бейрезиденттердің отбасы мүшелері туралы мәліметтер.

      Бұл ретте, отбасы мүшелері туралы мәліметтер мыналарды қамтуға тиіс:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), соның ішінде латын әріптерімен;

      туған күні;

      Технопарк тартқан, олар отбасы мүшелері болып табылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), соның ішінде латын әріптерімен;

      туыстық дәрежесі және туыстығын растайтын құжаттар туралы (неке туралы, туу туралы куәлігі немесе туыстығы туралы мәліметтерді растайтын өзге құжаттар);

      паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы;

      визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса);

      Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсаты.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Технопарк орын-жайлар бар болса қатысушыға жобаны іске асыру үшін қажетті әкімшілік, өндірістік, қосалқы мақсаттағы орын-жайларды уақытша пайдалануға береді.

      Үйжайларды беру шарттары Технопарк қатысушысымен жасасқан шартпен айқындалады.";

      33-тармақ алынып тасталсын;

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Технопаркке қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату мынадай:

      1) Технопарк осы тараудың 9-параграфына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелері бойынша жобаны одан әрі іске асырудың орынсыздығы туралы анықтаған;

      2) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізген;

      3) қатысушы Технопарк бағдарламалары шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудан бас тартқан;

      4) заңды тұлға-қатысушыны тарату;

      5) қатысушының орналасқан жерінің өзгеруі, қызмет түрінің өзгеруі және (немесе) толықтырылуы туралы хабарламауы, сондай-ақ қатысушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда;

      6) осы Қағидалардың 64 және 66 тармақтарында көзделген мәліметтер мен есептерді ұсынбаған;

      7) осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес алымдар мен төлемдерді төлемеген;

      8) Технопарк пен қатысушы арасында жасалатын қызмет шарттары туралы шартта көзделген міндеттемелерді қатысушы орындамаған жағдайларда жүзеге асырылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Технопарк осы Қағидалардың 39-тармағы 1), 2), 8) тармақшаларында көзделген жағдайда қатысушының Технопаркке қатысуы мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.

      Комиссия осы Қағидалардың 39-тармағы 1), 2), 8) тармақшаларында көзделген негіздемелер болған жағдайда Технопаркке қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Технологиялық бизнес-инкубациялау Технопарк қатысушыларының АКТ саласындағы өнеркәсіптік - инновациялық жобаларды олардың жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде қолдау бағдарламасын көздейді, оған үй-жайларды, жабдықтарды (Технопаркте осындай орындар болған жағдайда) ұсыну, бухгалтерлік және заң мәселелері бойынша консультациялар беру, сондай-ақ инвестициялар және өзге де ақпараттық қызметтер тартуда қолдау көрсету жатады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Технопарк өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға және оны нарыққа жылжытуға байланысты маркетингтік және өзге де іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша консультациялар береді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Қызметтерді алуға арналған электрондық өтінішке мынадай мәліметтер қоса беріледі:

      1) жобаның атауы, жобаның бағыты, жобадан күтілетін нәтижелер бар жобаның қысқаша сипаттамасы;   

      2) өтініш берушінің байланыс деректері:

      телефон нөмірі;

      электрондық мекенжайы;

      қала және елі;

      3) жобаның (өнімнің) дайындық сатысы, қолданылатын технологиялар, өнім шешетін проблема, жобаның бизнес-моделі, жобаның қолданыс мерзімі (қажет болған жағдайда тиісті қызмет бойынша);

      4) жобаға қатысушылардың саны, команданың жобаға тартылуы (қажет болған жағдайда тиісті қызмет бойынша);

      5) жоба таныстырылымына сілтеме (қажет болған жағдайда тиісті қызмет бойынша).";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Шарт жасасу талаптары өтінішдерді қабылдау басталған күнге дейін бір айдан кешіктірілмей Технопарктің интернет-ресурсында жарияланады.

      Көрсетілетін қызметті алушымен жасалатын шарт жобасында Технопарктің қызметтерді көрсету талаптары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының Технопарктің көрсетілген қызметінің төлем тәртібі мен мөлшері қамтылады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Жобаларды іске асыру мониторингі Технопарктің қатысушылары ұсынатын құрамында мынадай есептер:

      1) қол жеткізілген нәтижелердің талдауы бар жоба қызметінің және оның іске асырылу барысы туралы тоқсан сайынғы есеп.

      2) мониторинг шеңберінде Технопарк сұрататын қосымша ақпаратты қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 64-1) тармақпен толықтырылсын:

      "64-1. Қатысушы Технопаркке осындай сұратуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қызметтің мониторингі және олардың жобасын іске асыру шеңберінде алынған сұратуға сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Есептің нысаны мен мазмұны Технопарк пен қатысушы арасында жасалатын шартта айқындалады";

      67-тармақ алынып тасталсын;

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Тоқсандық есептерді жасау үшін күнтізбелік тоқсан тиісінше есепті кезең болып табылады.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Қатысушылардың қызметін мониторингілеу және бағалау нәтижелері бойынша Технопарк Технопаркке қатысу шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы не жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы қорытынды береді.

      Мониторинг кезеңі аяқталғаннан кейін Технопарк қатысушыға мониторинг нәтижелері туралы хабарлама жібереді және қажет болған жағдайда Қатысушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде анықталған ескертулерді түзетеді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Технопарк уәкілетті органға тоқсан сайын есепті кезеңнен кейін бір ай ішінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша қатысушылардың жобаларын іске асырудың орындылығы туралы талдамалық ақпарат дайындайды.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі 2023 жылғы
4 тамыздағы № 317/НҚ
Бұйрыққа 1-қосымша
  "Астана Хаб" халықаралық
технологиялық паркі
қызметінің қағидаларына
1-қосымша

  "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде қатысушыны тіркеу туралы КУӘЛІК

      ________________________________________________________ берілді

      атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________

      мекенжайы

      ____________________________________________________________

      қызмет түрі

      Берілген күні: _____________

      Қолданылу кезеңі: _________

      Тіркеу нөмірі: _________

      Мөр орны / Электрондық цифрлық қолтаңба

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 317/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
  "Астана Хаб" халықаралық
технологиялық паркі
қызметінің қағидаларына
2-қосымша

"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысу мерзімін ұзарту туралы КУӘЛІК

      _________________________________________________________берілді

      атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________

      мекенжайы

      ____________________________________________________________

      қызмет түрі

      Берілген күні: _____________

      Қолданылу кезеңі: _________

      Тіркеу нөмірі: _________

      Мөр орны / Электрондық цифрлық қолтаңба

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі 2023 жылғы
4 тамыздағы № 317/НҚ
Бұйрыққа 3-қосымша
"Астана Хаб" халықаралық
технологиялық паркі қызметінің
қағидаларына
3-қосымша

Жобаның бизнес-жоспарында сипаттауға қажетті мәліметтер

Р/с

Жобаның (жобалардың) бизнес-жоспарында сипаттауға қажетті мәліметтер тізбесі

1.

Сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттері бар жобаның (жобалардың) атауы

2.

Жобаны (жобаларды) іске асырудың орны

3.

Ақпараттандыру объектісіне меншік құқығының туындау негізі.
Патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер (болған кезде).

4.

Команда туралы мәліметтер. Жобаны нақты жүзеге асыру үшін қажетті біліктілігі және (немесе) еңбек өтілі және (немесе) тәжірибесі көрсетілген қызметкерлердің штат саны, соның ішінде жобаны іске асыру үшін резидент пен бейрезиденттерді тарту жоспарланып отырғаны туралы.

5.

Жобаның (жобалардың) дайындық сатысы

6.

Жоба (жобалардың) тиімділігінің түйінді көрсеткіштері (KPI)

7.

Жобаның техникалық сипаттамасы (сәулет, құрылымы, қолданылатын шешімдер)

8.

Технопаркке қатысу кезеңіне жобаны (жобаларды) іске асыруға жоспарланған шығыстардың сметасы.

9.

Жоба (жобалар) шеңберінде ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, мүліктік құқықтардың түрлері.
Сату тәсілі және болжамды сатудың күтілетін жыл сайынғы көлемі, кіріс (кіріс) (технопаркке қатысу кезеңіне көрсетіледі)

10.

Клиенттер/әлеуетті клиенттер

11.

Технопаркке қатысу кезеңіне жобаны (жобаларды) іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспары (жобаны іске асыру және дамыту үшін қажетті нақты іс-шараларды (қадамдарды) сипаттау).

12.

Жобаның (жобалардың) қоғамдық маңызы

      * Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің бірнеше басым түрлерін жүзеге асыру жоспарлағанда өтініш беруші бизнес-жоспарда әрбір қызмет түрі шеңберіндегі барлық жобаларды көрсетеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады