ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты жұмыскерді тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері портал арқылы электрондық нысанда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) сұраным жолдайды.
10. Келісуші органның қызметкері сұраным келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны келісу туралы жауапты немесе пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны келісуден бас тарту туралы жауапты (бұдан әрі – жауап) жасайды.
Келісуші орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жауап портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
Келісуші орган белгіленген мерзімдерде жауап бермеген жағдайда Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабы 3-тармағына сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымша келісілді деп есептеледі.
11. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны келісу туралы жауап алынған не осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзім өткен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияны, және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияға қосымшаны ресімдейді.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін негіздер айқындалған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыны лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабардар етеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
12. Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 2-тармағына сәйкес пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:
1) жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің тіркелген орны бойынша;
2) Қазақстан Республикасының аумағында филиалы немесе өкілдігі жоқ шетелдік заңды тұлғаға қызметін жүзеге асыратын орны бойынша беріледі.";
13-тармақ алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттар берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) тиісінше ресімделуін тексереді.
Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.";
18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне келіп түседі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі және осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген мерзімдерде қаралуы тиіс.
Шағым ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін, оның ішінде заңды тұлға-лицензиатты бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 11 (он бір) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетiледi. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға негіздер |
1) жеке және заңды тұлғалар осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Нысан
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
(кімге) ___________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен) _________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауын көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
__________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық почтасы ______________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________________
Факсы ____________________________________________________________________
Банктік шоты ______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
_________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Жеке тұлға ___________ ________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"____
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
(кімге) ___________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен)___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауын көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________________
(почталық индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық почтасы ______________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________________
Факсы ____________________________________________________________________
Банктік шоты ______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
_________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Осымен мен ұсынатын (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты екенімді растаймын.
Басшы _________________________ ______________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ____
Нысан
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші
(кімге) ___________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен)__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің (лерінің) толық атауы)
_____________________________________________________ жүзеге асыруға арналған
20___жылғы ___ _________ берілген №_____________________________________
__________________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген
лицензиярдың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын сызу)
мынадай негіз (дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) жеке тұлға-лицензиаттың аты, әкесінің аты (бар болса), тегінің өзгеруі
__________________________________________________________________________
2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның атауының өзгеруі
__________________________________________________________________________
3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның заңды мекенжайының өзгеруі
__________________________________________________________________________
4) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________________________
5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________________________________
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы _______________________________________
__________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ ғимараттың нөмірі)
Электрондық почтасы ______________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________________
Факсы ___________________________________________________________________
Банктік шоты _____________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
__________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Жеке тұлға
_____________________________ ____________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші
(кімге) ____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен) __________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес
сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының
немесе өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің (лерінің) толық атауы)
____________________________________________________ жүзеге асыруға арналған
20___ жылғы "___" _________ берілген №__________
_________________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген күні,
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиярдың
атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын
сызу) мынадай негіз (дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді
сұраймын:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиатты (тиісті ұяшықта Х
көрсетіңіз):
бірігу _______________
қайта құру ___________
қосылу ______________
бөліп шығару ________
бөліну _____________ жолымен қайта ұйымдастыру
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _________________________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _____________________
4) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________________
5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________________
_______________________________________________________________________
(ел –шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше
атауы, үйдің/ ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық почтасы ____________________________________________________
Телефондары ___________________________________________________________
Факсы _________________________________________________________________
Банктік шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
_______________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Басшы ____________________________ _____________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______