"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 қыркүйекте № 33448 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) тізілімнің веб-порталы – Интернет желісінде: www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді құрылтайшы қабылдайды, ол туралы мәліметтерді құрылтайшы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға енгізеді.

      Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді келіседі.

      Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға жол берілмейді.

      Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша шарттың қолданылу мерзімін ұзарту Сенімгерлік басқарушы Шартты тиісінше орындаған кезде жүзеге асырылады.

      Сенімгерлік басқарушы шартта көрсетілген қолданылу мерзімін ұзарту ниеті туралы теңгерімді ұстаушыны жазбаша хабардар етеді.

      Егер шартта мұндай мерзім көрсетілмеген жағдайда, сенімгерлік басқарушы шарттың қолданысы аяқталғанға дейін он жұмыс күні бұрын теңгерімді ұстаушыны жазбаша хабардар етеді.";

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) объектіні мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша объект жарғылық капиталды төлеуге берілетін мемлекет қатысатын заңды тұлғаға беру;"

      6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда республикалық мүлік тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы негізінде тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беріледі.

      Бұл ретте акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) және стратегиялық объектілерді сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталын) төлеуге беру туралы шешімі болған кезде жүзеге асырылады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру кезінде өтінішті құрылтайшы он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Құрылтайшы үш жұмыс күні ішінде алынған өтінішті теңгерім ұстаушыға немесе басқарушы органға (акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге де заңды тұлғаның) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін ұсынған кезде) келісуге жібереді. Өтінішке қоса берілген құжаттар теңгерімді ұстаушыға жіберілмейді.

      Теңгерімді ұстаушы немесе басқару органы (акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе өзге заңды тұлғаның) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін ұсынған кезде) өтініш түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келіседі не дәлелді жауап ұсына отырып объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тартады.

      Өтініш келісілген жағдайда жазбаша нысанда объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі талаптарды және сыйақының 50%-нан аспайтын шекті мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түскен таза кірісіне пайыздық қатынаста) белгілеу немесе объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тарту туралы ұсыныстар беріледі.

      Құрылтайшы үш жұмыс күні ішінде объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру немесе бермеу туралы өтінішті қараудың нәтижелері туралы өтініш берушіні хатпен хабардар етеді.

      Сыйақы мөлшерін белгілеу жөніндегі талап пайдаланылуын табиғи монополиялар субъектісі жүзеге асыратын объектілер, сондай-ақ басқару үшін мемлекеттің кепілдігімен халықаралық қарыздар тартылған объектілер сенімгерлік басқаруға берілетін жағдайларға қолданылмайды.

      8. Объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға берген кезде сенімгерлік басқарушымен шартты құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға өтініш берілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЭЦҚ пайданана отырып, тізілімнің веб-порталында жасайды.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде:

      сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуына;

      мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің және салықтық берешегінің болмауына автоматты түрде тексеру жүргізеді.

      Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында Салық кодексінің 6-тарауына сəйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек және салықтық берешек туралы мәліметтердің болуы тізілім веб-порталының қатысушының өтінімінен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорда бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі және мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында Салық кодексінің 6-тарауына сəйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі және салықтық берешегі туралы мәліметтер болмаған жағдайда тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды жүзеге асырады.

      Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      29. Тізілімнің веб-порталында тендер немесе жабық тендер демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма күндері өткізіледі. Тендер Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі және тендерді өткізген күні аяқталады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Объектіні сенімгерлік басқару шарттың негізінде туындайды (құрылады).

      Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға берілетін объектілерді қоспағанда, құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы адам және жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында шартқа қол қояды.

      Объектіні қабылдау-тапсыру актісіне Сенімгерлік басқарушы және теңгерім ұстаушы қол қояды және ЭЦҚ пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында Құрылтайшы бекітеді.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 166 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты

_____________ қаласы



20__ жылғы "___" _________

      Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) атынан

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___" _________ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__жылғы "__"_______№ ____ бұйрығымен бекітілген

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы) туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін Басшы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      атынан ______________________________________________________________

      (20__ жылғы "__" ______ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың) негізінде әрекет ететін

      _____________________________________________________________________

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 20___"___" ________ № ____ шешімнің негізінде (объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі құрылтайшының бұйрығы/объектіні тендер өткізумен сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі электрондық сауда нәтижелерінің хаттамасы) төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

      1. Шарттың нысанасы

      1.1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға бұдан әрі "Объект" деп аталатын

      _____________________________________________________________________

      (мүліктің атауы)

      сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан Құрылтайшы әрекет ететін Пайда алушының мүддесінде Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      Объектінің нарықтық құны ________________теңгені құрайды, Шартты жасау кезінде кепілдік жарна ретінде оның ____________теңгесі төленді. "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 101-105-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сай Объектінің нарықтық құны индекстеледі (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады)

      1.2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруға беріледі.

      1.3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын және жылжымалы мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығарады немесе кепілге береді.

      1.4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

      1.5. Құрылтайшы Объектінің Сенімгерлік басқарушыға берілген күні:

      1) кепілде тұрмағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын /салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      1.6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

      1.7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объект Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаны енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _______________________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Объектіні қабылдап алу-беру актісі теңгерімді ұстаушы (беруші тарап) мен Сенімгерлік басқарушы (қабылдаушы тарап) арасында Құрылтайшы, Сенімгерлік басқарушы және теңгерімді ұстаушы (егер құрылтайшы мен теңгерімді ұстаушы әртүрлі заңды тұлғалар болуы шартымен) үшін 3 (үш) данада жасалады.

      2. Тараптардың құқықтары

      2.1. Құрылтайшының:

      1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Сенімгерлік басқарушының Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдау арқылы бақылауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      2.2. Сенімгерлік басқарушының:

      1) сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты Құрылтайшының мүддесіне заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

      2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі жүргізген қажетті шығыстарды (тендерлік негізде объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған кезде/ тендер өткізусіз объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде басқару органының/теңгерімді ұстаушының ұсынысы болған кезде қолданылады):

      кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен немесе осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенімгерлік басқару объектісі бойынша Шығыстарды өтеу актісін ұсынған кезде тиісті қаржы жылына арналған бюджетте бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің ___________________ (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы) ағымдағы __________________ (бюджеттік бағдарлама атауы) бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен;

      кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеуге;

      3) құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан алынған______ мөлшеріндегі таза кіріс болған кезде және оның есебінен кейіннен сатып алу құқынсыз объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақы (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан алынған таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста, бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын) алуға (тендерлік негізде объект сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендерлік комиссияның тиісті шешімі болған кезде/объектіні тендер өткізусіз сенімгерлік басқаруға беруі кезінде басқару органының/теңгерімді ұстаушының ұсынысы болған кезде объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);

      5) оған cенімгерлік басқаруға берілген Объектіні мерзімінен бұрын сатып алуға (объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезеінде қолданылады);

      6) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Тараптардың міндеттері

      3.1. Құрылтайшы:

      1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;

      2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;

      3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

      4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.

      3.2. Сенімгерлік басқарушы:

      1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

      2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

      5) осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;

      6) осы Шарттың 1.3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;

      7) сенімгерлік басқаруға алған Объектіні өз меншігінен оқшаулауға міндетті. Объект Сенімгерлік басқарушының жеке теңгерімінде көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізіледі;

      8) Объектіні сенімгерлік басқарумен байланысты қызмет бойынша есеп айырысу жүргізу үшін жеке банк шотын ашуға (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде осындай есептемелерді жүргізу қажет болған жағдайда қолданылады);

      9) __________ бюджет кірісіне_________________ бюджеттік сыныптама кодына тиісті мемлекеттік кірістер департаментінің бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, мынадай деректемелер бойынша: ____________________________________ құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кірісін (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі сыйақыны шегере отырып) аударуды қамтамасыз етуге (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерінғқоспағанда, объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);

      10) Заңның 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) пайыздық арақатынаста белгілеген мөлшерде дивиденттер (кіріс) төлеуге акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза кірісінің бір бөлігін __________ бюджетінің кірісіне бағыттауды қамтамасыз етуге (бағалы қағаздарды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде қолданылады);

      11) мемлекеттік мекеменің теңгерімінде бекітілген республикалық және коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруді қоспағанда, мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы жөнінде Объект бойынша салықтық міндеттемелерін орындауға;

      12) өзінің Шартты тиісінше орындамауының салдарынан Құрылтайшыға келтірілген шығындарды өтеуге;

      13) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындаған міндеттерді орындауға;

      14) Құрылтайшыға ____________________(беру мерзімі) жазбаша нысанда жылдық есеп беруге;

      15) Құрылтайшыға _____________________(беру мерзімі) жазбаша нысанда шарттың барлық қолданылу мерзімінің есебін беруге;

      16) сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 130 қаулысында (бұдан әрі – Қаулы) айқындалған тәртіппен беруге;

      17) _____________________ (ұсыну мерзімдері) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы немесе оны кепілге беру туралы мәміле жасасқан жағдайда, мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті Қаулыда айқындалған тәртіппен беруге;

      18) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

      19) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) он жұмыс күні ішінде беруге;

      20) өзге міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін Сенімгерлік басқарушы жауапты болады.

      4.2. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5. Форс-мажор

      5.1. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл міндеттемелер Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.

      5.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа мөлшерлес мерзімге кейінге қалдырылады.

      5.3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа күнтізбелік 30 күн ішінде жазбаша түрде осы мән-жайлардың туындағаны туралы хабарлауға міндетті.

      5.4. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

      5.5. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауына күнтізбелік 2 (екі) айдан астам уақыт мүмкін болмаса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

      6. Құпиялылық

      6.1. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      6.2. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

      7. Дауларды шешу

      7.1. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

      7.2. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуға тиіс.

      8. Шарттың қолданылу мерзімі

      8.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және _____________________________________________ дейін қолданылады.

      Кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға жол берілмейді.

      Кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту Сенімгерлік басқарушының Шарт талаптарын тиісінше орындаған кезінде жүзеге асырылады.

      9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      9.1. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады. Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруге тиіс.

      10. Шарттың қолданылуын тоқтатуға қойылатын талаптар

      10.1. Осы Шарттың қолданылуы:

      1) осы Шарттың 9-бөлімінің 10.2-тармағына сәйкес Тараптардың келісуі бойынша не бір жақты тәртіпте мерзімінен бұрын бұзылған;

      2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады.

      10.2. Тарап осы Шарттың талаптарын орындамаған және/немесе тиісінше

      орындамаған жағдайда екінші Тарап күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою қажет екені туралы жазбаша ескертеді.

      Бұзушылықтар осы Шарттың 10.2-тармағында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, ескерту жасаушы Тарап осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      10.3. Осы Шартты тоқтатудың өзге негіздері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      11. Өзге талаптар

      11.1. Осы Шартта көзделмеген басқа барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алатын болады.

      11.2. Құрылтайшы мен Сенімгерлік басқарушы өзара келісу бойынша қосымша келісімдер жасасу арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      11.3. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс.

      11.4. Осы Шарттың қолданылу мерзімін тоқтату Тараптардың ол бойынша міндеттемелерін тоқтатуына әкеп соғады, бірақ егер Тараптар осы Шарттың талаптарын орындаған кезде осындай жағдайлар орын алса, осы Шарттың Тараптарын оны бұзғаны үшін жауаптылықтан босатпайды.

      11.5. Сенімгерлік басқару шарты сатып алу құқығынсыз тоқтатылған жағдайда Сенімгерлік басқарушы Объектіні қабылдау-беру актісі бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде теңгерімді ұстаушыға қайтарады (осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасының негізінде сенімгерлік басқаруға берілген объектілерді беру жағдайларына қолданылмайды).

      11.6. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды күші бірдей 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан жасалды.

      12. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:


Құрылтайшы __________________



Сенімгерлік басқарушы __________________

(қолы) (басшының немесе алмастыратын
адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады