"Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 қазанда № 33571 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму министрлігі,

      инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 367 бұйрығымен
бекітілген

"Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

      2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтерді көрсету шеңберінде төлемдерді жүзеге асыру туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі –Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға лицензиялар бергені үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Портал мен ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі құжаттар жолданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңбамен қол қою арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензияны / осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензияны не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды толығымен автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолданады.

      8. Лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына (бұдан әрі – Лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидалары) № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтама ұсынады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.09.2024 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Берілген лицензияларға өзгерістер енгізуге, оның ішінде техникалық сипаттағы себептер бойынша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      10. Егер заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының, заңды мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі) немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сериясы, нөмірі, қашан және кім берді) туралы мәліметтер өзгертілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы (өкіл) берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы және көрсетілген өзгерістерді растайтын өтініш пен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, сондай-ақ Лицензиялар мен рұқсаттарды беру қағидаларының 24-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда Лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 23-тармағына сәйкес кеден органы берген лицензияның орындалуы туралы анықтаманы қоса бере отырып, жаңа лицензияны ресімдеу туралы өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.09.2024 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша) 19-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда лицензияның қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы сұраныммен жүгінуі;

      2) заңды тұлға ретінде тіркелген көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының не оның орналасқан жерінің өзгеруі) немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының паспорттық деректерінің өзгеруі;

      3) лицензия алу мақсатында көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің анықталуы;

      4) лицензия беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;

      5) лицензия беруге негіз болған шартты (келісімшартты), мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау кезіндегі бұзушылық;

      6) егер қызметтің түрі өзіне қатысты лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын осындай қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияны кері қайтарып алу;

      7) белгіленген тәртіп сақталған кезде берілуі мүмкін болмайтын лицензияның берілуіне әкеп соққан лицензияны беру кезінде жол берілген бұзушылықтардың анықталуы;

      8) лицензия иеленушінің халықаралық нормативтік құқықтық актілерде немесе осы Қағидаларда белгіленген лицензия беру шарттарын сақтамауы;

      9) сот шешімінің болуы;

      10) лицензия иеленушінің осы Қағидалардың 8-тармағын орындамауы.

      12. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және жою Лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына № 2 қосымшаға сәйкес Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және жою тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.09.2024 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Сандық шектеулер (квоталар)
енгізілген кезде жекелеген
тауарлар түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына
лицензия беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.09.2024 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар жолданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия/жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия не мемлекеттiк қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке немесе заңды тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма- қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Тауарлардың экспортына лицензия алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Тізбеге қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына лицензия алуға өтініш;
2) шарттың (келісімшарттың), оның қосымшаларының және (немесе) оған толықтырулардың электрондық көшірмесі, немесе шарттан (келісімшарттан) мәліметтер:
шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні;
тауардың сипаттамасы;
өлшем бірлігі көрсетілген тауардың саны, шарттың (келісімшарттың) валютасы көрсетілген тауардың құны;
тауардың межелі елі;
тауар шыққан елі;
шарттың (келісімшарттың) қолданылу мерзімі (шартта (келісімшартта) оның қолданылу мерзімі туралы ережелер болмаған жағдайда шарттың (келісімшарттың) мерзімсіз болып табылатындығы көрсетіледі);
тауарды сатып алушы туралы ақпарат;
мәміле түрі туралы ақпарат (экспорт);
3) ауыл шаруашылығы жануарларының экспорты кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтік актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10223 тіркелген) Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес берілген эпизоотикалық зерттеп-қарау актісі.
Тауарлардың импортына лицензия алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Тізбеге қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша жекелеген тауарлар түрлерінің импортына лицензия алуға өтініш;
2) шарттың (келісімшарттың), оның қосымшаларының және (немесе) оған толықтырулардың электрондық көшірмесі немесе шарттан (келісімшарттан) мәліметтер:
шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні;
тауардың сипаттамасы;
өлшем бірлігі көрсетілген тауардың саны, шарттың (келісімшарттың) валютасы көрсетілген тауардың құны;
тауарды жөнелтуші ел;
тауар шыққан елі;
шарттың (келісімшарттың) қолданылу мерзімі (шартта (келісімшартта) оның қолданылу мерзімі туралы ережелер болмаған жағдайда шарттың (келісімшарттың) мерзімсіз болып табылатындығы көрсетіледі);
тауарды сатушы туралы ақпарат;
мәміле түрі туралы ақпарат (импорт).
Көрсетілетін қызметті беруші шарттан (келісімшарттан) мәліметтердің дұрыс еместігі белгілерін анықтаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін сұратуға құқылы.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, қызметінің жекелеген түрлерімен айналысуға лицензиялар бергені үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1)  көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11, 12 және 22-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензия беру үшін негіз болып табылатын бір немесе бірнеше құжаттың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) іске асыру үшін лицензия сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы
5) экспорттың және (немесе) импорттың сандық шектеулері ретінде экспорттық және (немесе) импорттық квотаның, арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық немесе арнайы квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия рәсімделген жағдайда);
6) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
9) сот орындаушысының ұсынуы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге соттың уақытша тыйым салуы;
10) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
11) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімнің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

"Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағына сәйкес экспортқа және (немесе) импортқа сандық шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ 1414, 8 800 080 77 77 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  "Сандық шектеулер (квоталар)
енгізілген кезде жекелеген
тауарлар түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
қосымша

      1-нысан

Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына лицензия алуға өтініш *

1.Өтініш

2.Қолданылу кезеңі
бастап дейін

3. Лицензия түрі

4. ______жылғы

/ ЭКСПОРТ

№ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел |

8. Сатып алушы ел

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елі |

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16.Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

      Ескертпе: *Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына лицензия беруге арналған өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының № 1 қосымшасына сәйкес Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар беруге арналған өтініштерді ресімдеу және осындай лицензияларды ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес толтырады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      ____________ ____________________________________ ________

      (лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      20___ жылғы "____" _____

  Жекелеген тауарлар түрлерінің
экспортына лизенция
алуға өтінішке
қосымша

№ ___ өтінішке қосымша

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Барлық парақ № парақ

Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

      2-нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия алуға өтініш*

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі

бастап дейін

3. Лицензия түрі

4. ___жылғы "__" _________
№ келісімшарт

/ ИМПОРТ

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелтуші ел |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елі |

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

      Ескертпе: *Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына лицензия беруге арналған өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының № 1 қосымшасына сәйкес Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына лицензиялар беруге арналған өтініштерді ресімдеу және осындай лицензияларды ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес толтырады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      ____________ ____________________________________ ________

      (лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      20___ жылғы "____" _____

  Жекелеген тауарлар түрлерінің
импортына лизенция
алуға өтінішке
қосымша

№ ___ өтінішке қосымша

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Барлық парақ № парақ

Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні

  "Сандық шектеулер (квоталар)
енгізілген кезде жекелеген
тауарлар түрлерінің экспортына
және (немесе) импортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
  1-нысан

Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына лицензия

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.09.2024 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Уәкілетті орган

1. Лицензия

2. Қолданылу кезеңі

бастап дейін

3. Лицензия түрі

4. _______жылғы "__"___________
№ келісімшарт

/ ЭКСПОРТ

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел |

8. Сатып алушы ел |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елі |

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті адам
Көліктік қолтаңба
Күні

  Жекелеген тауарлар түрлерінің
экспортына лицензияға
қосымша

Уәкілетті орган

___жылғы "__" _________№ лицензияға қосымша

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Барлығы парақ № парақ

Уәкілетті адам
Көліктік қолтаңба
Күні

      2-нысан

Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына лицензия

Уәкілетті орган

1. Лицензия

2. Қолданылу кезеңі
бастап дейін

3. Лицензия түрі

4. ___жылғы "__" _________
№ келісімшарт

/ ИМПОРТ

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушы елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елі |

13. Мөлшері

14. Өлшем бірлігі

15. Еуразиялық экономикакалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Уәкілетті адам
Көліктік қолтаңба
Күні

  Жекелеген тауарлар түрлерінің
импортына лицензияға
қосымша

Уәкілетті орган

№ лицензияға қосымша

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

р/с №

Тауардың сипаттамасы

мөлшері

өлшем бірлігі

құны

Барлық парақ № парақ

Уәкілетті адам
Көліктік қолтаңба
Күні

  "Сандық шектелулер
(квоталар) енгізілген кезде
жекелеген тауарлар түрлерінің
экспортына және (немесе)
импортына лицензия беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

[Уәкілетті органның
атауы]



 

[Уәкілетті органның
атауы]


Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту

      Берілген күні: [Берілген күні]

      [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

      Тіркеу орны: облыс:

      [Облыс] Аудан: [Аудан]

      Қала / елді мекен: [Қала/елді мекен]

      [жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН / ЖСН]

      Мемлекеттік тіркеу күні [күні]

      Бас тарту себебі:

      [Бас тарту себебі]

      Көліктік қолтаңба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады