ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1 "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
6. Лицензияны алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік немесе фумигациялық тәсілдермен қолдануға лицензияның бар-жоғы туралы, салық органында есепке қойылғаны туралы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты жұмыскерді тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілген қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Нұсқаулыққа және "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға сәйкес ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады. Тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияны не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды ресімдейді.
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабардар етеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беру туралы не өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";
15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жібереді.
Уәкілетті орган Қағидалар өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі және осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген мерзімдерде қаралуға тиіс.
Шағым ҚР ӘРПК 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалынған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалынған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 422 бұйрығына қосымша |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледi. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтiнiш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 арқылы алу мүмкіндігі бар. |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымша |
Нысан
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтініш
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беруге арналған өтінішке қосымша |