"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Репсубликасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Репсубликасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Репсубликасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 361 бұйрығына қосымша |
"Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) - электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтерді көрсету шеңберінде төлемдерді жүзеге асыру туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі.
3. Сандық шектеулерд (квоталар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңның 18-бабына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен енгізеледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы экология және табиғи министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі –Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
6. Тауарларды әкелуге (әкетуге) квота көлемін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал мен ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі автоматты түрде толық өңдейді және қалыптастырады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолданады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жолдайды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.
14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-ның 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде, жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы экология және табиғи министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | 1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсету мерзімі – өтінішті тапсыру сәтінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына лицензия/жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия не мемлекеттiк қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің -Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Тауарлардың экспортына лицензия алу үшін: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) өтініш берушінің лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
"Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағына сәйкес экспортқа және (немесе) импортқа сандық шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады. |
"Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
1-нысан |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия алуға өтініш *
Ескертпе: * жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия беруге арналған өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
____________ ____________________________________ _______________
((лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20___ жылғы "____" _____
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лизенция алуға өтінішке қосымша |
2-нысан
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия алуға өтініш *
Ескертпе: * жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия беруге арналған өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
____________ ____________________________________ _______________
((лауазымы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20___ жылғы "____" _____
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лизенция алуға өтінішке қосымша |
"Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
1-нысан |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
Уәкілетті орган | ||
1. Лицензия |
2. Қолданылу кезеңі 20 жылғы " " | |
3. Лицензия түрі | 4. ___ жылғы "__" ____ № келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатып алушы | |
7. Межелі ел | | 8. Сатып алушы ел | | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шыққан елі | | 13. Мөлшері | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме: |
18. Көліктік қолтаңба |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензияға қосымша |
Уәкілетті орган | |||
№ лицензияға қосымша | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
Барлық парақ № парақ |
Көліктік қолтаңба |
2-Нысан
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
Уәкілетті орган | ||
1. Лицензия |
2. Қолданылу кезеңі | |
3. Лицензия түрі | 4. ___ жылғы "__" ____ № келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | | 6. Сатушы | |
7. Жөнелту елі | | 8. Сатушы елі | | |
9. Келісімшарт валютасы | | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шыққан елі | | 13. Мөлшері | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме: |
18. Көліктік қолтаңба |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензияға қосымша |
Уәкілетті орган | |||
№ лицензияға қосымша | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | мөлшері | өлшем бірлігі |
құны | |||
Барлық парақ № парақ |
Көліктік қолтаңба |
Сандық шектелулер (квоталар) енгізу кезде жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
[Уәкілетті органның атауы] |
| [Уәкілетті органның атауы] |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [Берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны: облыс:
[Облыс] Аудан: [Аудан]
Қала / елді мекен: [Қала/елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН / ЖСН]
Мемлекеттік тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі:
[Бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
[Қол қоюшының лауазымы] [аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]