"Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы № А-10/547 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № А-2/69 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 наурызда № 8517-03 болып тіркелді

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы №А-10/547 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25014 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев


  Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 1 наурыздағы
№ А-2/69 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 қазандағы
№А-10/547 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қосымша білім беру бағыты

Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны

Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Ерекше білім беруді қажет ететін бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

қала

ауыл

қала

ауыл

1

Ғылыми-техникалық

3000

12 235

15 217

12 810

15 800

2

Туризм және өлкетану

400

12 235

15 217

12 810

15 800

3

Экологиялық-биологиялық

300

12 235

15 217

12 810

15 800

4

Көркемдік-эстетикалық

1900

12 235

15 217

12 810

15 800

5

Әлеуметтік-педагогикалық

1000

12 235

15 217

12 810

15 800

6

Гуманитарлық

1600

12 235

15 217

12 810

15 800

7

Жаратылыстану-математикалық

1600

12 235

15 217

12 810

15 800


Жиыны:

9800






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады