Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 111 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 8477 болып тіркелді

      Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 298 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-181 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен айқындалған, Ақтөбе қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінде:

      10-тармақтың 9)-тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 33200 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес белгіленеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының төрағасы
А. Даржанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады