Мәртөк аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 265 "Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 52 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 қарашада № 8433 болып тіркелді

      Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәртөк аудандық мәслихатының "Мәртөк ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2019 жылғы 14 мамырдағы № 265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6153 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      12-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады