Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы "Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" № 61 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 138 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 25 сәуірде № 5984-05 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 және 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы "Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" № 61 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3092 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады