Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 798 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 172-17 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Экология

      және табиғи ресурстар министрлігі

      Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      Және қорғау жөніндегі

      Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық

      Сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Шымкент қаласының

      санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау департаменті"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

  Шымкент қаласы
әкімдігінің 2023 жылғы 7
сәуірдегі № 798
қаулысына қосымша

Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтары

Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының өлшемдері

I белдеуі

II белдеуі

III белдеуі

Шекаралары

Ауданы

Шекаралары

Ауданы

Шекаралары

Ауданы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Бадам-Сайрам кен орнының Бас су қабылдағышы 25 су тарту ұңғымалары №№1, 1а, 2, 3, 4, 5, 6/1, 6/3, 6/4, 7/3, 7/4, 8/3, 8/4, 9, 10, 11, 12, 12а, 13, 13а, 14, 14/1, 14/2, 15, 16

Тұрақты емес пішіндегі 3 учаске:
Максималды ұзындығы - 0,42км, максималды ені-0,27км
Әр ұңғыманың айналасында 30м радиуста.

10,6 га

Ұзындығы – 1,52 км,
ені – 3,275 км

498 га

Сайрамсу және Бадам өзендерінің аңғарлары су жинау ағысынан жоғары.

6 859 га

2

Тассай-Ақсу кен орнының Тассай-1 су қабылдағышы 12 су тарту ұңғымалары №№1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14

7 ұңғыма учаскесі.
Әр ұңғыманың айналасында 15 м радиуста.

0,864 га

Ұзындығы – 2,5 км,
ені - 2,1 км.

536 га

Су тоғанынан Сайрам су өзеніне дейінгі Безымянный алқап және Сайрам тұрғын алабы ағысынан жоғары Сайрам өзенінің алқабы

5 299 га

3

Тассай-Ақсу кен орнының Тассай-2 су қабылдағышы 17 су тарту ұңғымалары №№15, 16, 16а, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 21, 21а, 22, 22а, 23, 24, 25, 26

6 ұңғыма учаскесі.
Әр ұңғыманың айналасында 50 м радиуста.

7,475 га

Ұзындығы – 3,3 км,
ені - 1,9 км

620 га

Тассай алқабы бас тоғаннан Сайрам су өзеніне дейін және Шапрашты тұрғын алабының ағысымен жоғары Сайрамсу өзенінің алқабы

4 148 га




18,939 га


1 654 га


11 834 га


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады