Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 "Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 201 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 қарашада № 157-18 болып тіркелді

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы әкімдігінің "Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32-18 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының 38-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 17 қарашадағы
№ 201 Қаулыcына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 52 қаулысына
қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері

Бюджет түрі

Тұқым
шаруашылығын дамытуды субсидиялауға
қажет етілетін
ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)
 

оның ішінде (мың теңге)

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

Жергілікті

790 000,000

0

20 189,192

6 099,242

763 711,566

Республикалық

615 000,000

0

66 878,724

73 995,907

474 125,369

Барлығы

1 405 000,000

0

87 067,916

80 095,149

1 237 836,935


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады