Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қарашадағы № 310 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 қарашада № 5113 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мойынқұм ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Мойынқұм ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      1) Жамбыл облысы Мойынқұм аудан әкімдігінің 2014 жылғы 05 қыркүйектегі "Сайлаулар кезінде барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" №265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2349 болып тіркелген) қаулысы;

      2) Жамбыл облысы Мойынқұм аудан әкімдігінің 2015 жылғ 03 наурыздағы "Сайлаулар кезінде барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2014 жылғы5 қыркүйектегі №265 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" №58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2567 болып тіркелген) қаулысы.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм ауданының әкімі А. Балкыбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мойынқұм аудандық

      сайлау комиссиясы

  2023 жылғы 3 қарашадағы
№ 310 қаулыға қосымша

Мойынқұм ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Кеңес ауылдық округі

Айдарлы ауылы, Биназар көшесі №39, "Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

2

Бірлік ауылдық округі

Бірлік ауылы, Исабек көшесі №17, "Диас" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы

3

Биназар ауылдық округі

Сарыөзек ауылы, Ж.Қуанышбаев көшесі №78/2, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мойынқұм аудандық мәдениет үйі" Биназар ауылдық клуб ғимаратына қарама-қарсы

4

Қызылтал ауылдық округі

Көкжелек ауылы, Биназар көшесі №21, "Жан-Төре" мейрамханасы ғимаратына қарама-қарсы

А.Назарбеков ауылы, Мұратбаев көшесі №20, "Мойынқұм аудандық орталық аурханасы" шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны А.Назарбеков дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының сол жағында

5

Қызылотау ауылдық округі

Күшаман ауылы, Шалабаев көшесі №12, "Мойынқұм ауданы Қызылотау ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

6

Жамбыл ауылдық округі

Жамбыл ауылы, Жазылбек көшесі №29, "Мойынқұм аудандық орталық аурханасы" шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Жамбыл дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының оң жағында

7

Мойынқұм ауылдық округі

Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі №2, "Талас" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы, Амангелді көшесі №99, "Магнит+" дүкенінің ғимаратының сол жағында және Б.Омаров көшесі №10, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

8

Қылышбай ауылдық округі

Қылышбай ауылы, Көшкімбайұлы көшесі №12, "Жеңіс" саябағының оң жағында

9

Қарабөгет ауылдық округі

Қарабөгет ауылы, С.Сейфуллин көшесі №11, "Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

Құмөзек ауылы, Жамбыл көшесі №11, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

Сарыөзек ауылы, Ж.Қуанышбаев көшесі №78/2, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мойынқұм аудандық мәдениет үйі" Қарабөгет ауылдық клуб ғимаратына қарама-қарсы

10

Ұланбел ауылдық округі

Ұланбел ауылы, С.Сейфуллин көшесі №4, "Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

11

Хантау ауылдық округі

Хантау ауылы, Биназар көшесі №4, "Мойынқұм аудандық орталық аурханасы" шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Хантау фельдшерлік-акушерлік тірегі ғимаратының оң жағында

Қияхты стансасы, Вокзальная көшесі №1, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің "Ағыбай батыр атындағы шағын орталықты негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

12

Шығанақ ауылдық округі

Шығанақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі №13, "Аружан" дүкенінің ғимаратының оң жағында

Бурылбайтал стансасы, Бурылбайтал көшесі №58, "Мойынқұм аудандық орталық аурханасы" шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Бурыл-Байтал медициналық тірегі ғимаратының сол жағында

Байтал ауылы, Жаңа көшесі №34, "Балқаш" дүкенінің ғимаратының оң жағында

13

Мыңарал ауылдық округі

Мыңарал ауылы, Садықов көшесі №1, "Мын-Арал" компаниясы ғимаратының оң жағында

Мыңарал стансасы, Абай көшесі №38, "Нұр-ай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының оң жағында

Қашқантеңіз стансасы, Теміржолшылар көшесі №15, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің "Қашқантеңіз бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

14

Ақсүйек ауылы

Ақсүйек ауылы, Балхаш көшесі №23, "Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

15

Мирный ауылы

Мирный ауылы, 1 мөлтек ауданы көшесі №14, "Алтын" дүкенінің ғимаратының сол жағында

16

Ақбақай ауылы

Ақбақай ауылы, Ж.Қуанышбаев көшесі №1, "Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады