Луговой ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 16 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 маусымда № 5034 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Луговой ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Луговой ауылдық округінің Луговой ауылының төмендегі көшелері:

      Степная көшесін Арай көшесіне;

      2-я Луговская көшесін Ақсарай көшесіне;

      Гостиница көшесін Байқоңыр көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Луговой ауылдық
      округінің әкімі М. Сванов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады