"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлытау облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2023 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 маусымдағы № 3/39 шешіміне қосымша |
Ұлытау облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2023 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
№ р/р | Арнаулы су пайдалану түрі | Өлшеу бірлігі | 2023 жылға төлемақы мөлшермелері, теңге |
I | Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бассейні | ||
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 205,77 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 587,04 |
3 | Ауыл шаруашылығы (төмендеткіш коэффицентті есепке ала отырып – 0,5) | теңге/1000 текше метр | 84,73 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 160,38 |
5 | Су энергетикасы | теңге/1000 килоВатт сағат | - |
6 | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | - |
I I | Торғай, Тобыл, Ырғыз өзендерінің бассейні | ||
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 184,59 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 526,52 |
3 | Ауыл шаруашылығы (төмендеткіш коэффицентті есепке ала отырып – 0,5) | теңге/1000 текше метр | 72,62 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 145,25 |
5 | Су энергетикасы | теңге/1000 килоВатт сағат | - |
6 | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | - |