Ұлытау облысы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ жұмыстың белгілі бір түрлерін жүргізуге шектеу қою туралы

Жаңа

Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 46/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 тамызда № 43-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 63-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлытау облысы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникациялар тарту және барлық орман дақылды мен орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізу шектелсін.

      2. "Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып:

      1) мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезең туралы уақтылы хабарласын;

      2) мемлекеттік орман қоры аумағына кіреберістегі негізгі жолдарда күзет бекеттерін орнату бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Әбдіғалиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады