Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 21 маусымда № 43-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, сондай-ақ "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Тойлыбаева

  2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 Шешіміне қосымша

Жетісу облысының әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесі

      1. Текелі қаласы:

      1) № 6 шеңбер – "Текелийский энергокомплекс" ЖШС – Қонаев көшесі – "Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) № 3 шеңбер – "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі ықшам орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – орталық базар.

      2. Қаратал ауданы:

      1) № 1 Бастөбе ауылы, Юн көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі;

      2) № 2 Үштөбе қаласы, Мартынов көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі.

      3. Талдықорған қаласы:

      1) № 3 "Самал" шағын ауданы – "Қызыл тас" саяжайлары;

      2) № 5 "Самал" шағын ауданы – "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Талдықорған қаласының ауруханасы) – Н. Семашко көшесі;

      3) № 12 "Көктем" (7) шағын ауданы – Талдықорған қаласының ауруханасы – Н. Семашко көшесі;

      4) № 226 арбат – Мойнақ ауылы;

      5) № 23 "Самал" шағын ауданы – "Уйтас" саяжайлары;

      6) № 25 "Самал" шағын ауданы – Еркін ауылы;

      7) № 14 "Шаған" базары – "Қаратал" саяжайлары;

      8) № 31 "Қалалық әмбебап дүкені" сауда үйі – Ә. Әлімжанов көшесі;

      9) № 228 арбат – Еңбек ауылы;

      10) № 8 "Самал" шағын ауданы – "Шығыс" шағын ауданы, С. Шанышев көшесі;

      11) № 33 "Самал" шағын ауданы – "Болашақ" (6), "Көктем" (7) шағын аудандары – "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      12) № 1, 1а "Самал" шағын ауданы – "Қызыл тас" саяжайлары;

      13) № 10 "Самал" шағын ауданы – "Көктал" тұрғын ауданы;

      14) № 2 "Қарағаш" базары – "Ащыбұлақ" саяжайлары;

      15) № 4, 4а Өтенай ауылы – № 19 лицей;

      16) № 7, 7а автовокзал – 1 бөлімше;

      17) № 13 "Шығыс" шағын ауданы – 3 бөлімше;

      18) № 18 "Қызыл тас" саяжайлары – Орман шаруашылығы;

      19) № 20 "Самал" шағын ауданы – "Сарыбұлақ" саяжайлары (маусымдық);

      20) № 227 арбат – 3 бөлімше;

      21) № 24 "Самал" шағын ауданы – "Оптмаркет" сауда орталығы;

      22) № 16 "Рахат" гастрономы – "Уйтас", "Көктем" саяжайлары.

      4. Алакөл ауданы:

      1) Қабанбай ауылы – Үшбұлақ ауылы;

      2) Қабанбай ауылы – Лепсі ауылы;

      3) Қабанбай ауылы – Жыланды ауылы – Шынжылы ауылы;

      4) Үшарал қаласы – Ақши ауылы – Көктұма ауылы.

      5. Ескелді ауданы:

      1) № 1 Қарабұлақ ауылының ауылдық маршруты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады