Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамызындағы "Ескелді ауданындағы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 241 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 23 қарашада № 95-19 болып тіркелді

      Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 тамызындағы "Ескелді ауданындағы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" №179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4329 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ескелді ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ескелді ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ескелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Ахметов

  2023 жылғы 22 қарашадағы № 241 шешіміне қосымша

Ескелді ауданындағы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алатын алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауалар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Қарабұлақ ауылы Алдабергенов көшесінде

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

80

5 жыл

Сауда базары
ЖК "Нусупов"

2

Қарабұлақ ауылының бөлігі, Ескелді би көшесі, Автобекет аумағында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

200

5 жыл

жоқ

3

Қаратал ауылы, Алмабал Жетпісбайқызы көшесі № 63А

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

"Амина"
дүкені

4

Ақын Сара ауылы, Біржан сал көшесі № 32

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

жоқ

5

Жетісу ауылының мәдениет үйінің жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

жоқ

6

Алдабергенов ауылы Байсов және Шұбар көшелерінің арасында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

"Балдаурен" тойханасы

7

Бақтыбай ауылы Тауке хан № 56 Г үйінің жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

жоқ

8

Жалғызағаш ауылының г. Орманов көшесінің № 38 үйінің жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

жоқ

9

Көкжазық ауылының Қашаубаев және Жандосов көшелерінің қиылысындағы Көкжазық мәдениет үйінің жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

жоқ

10

Сырымбет ауылының Ескелді би және Абай көшелерінің қиылысындағы Сырымбет ауылының мәдениет үйінің жанында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

жоқ

11

Қайнарлы ауылы Тельжанов пен Нұрманбетов көшелерінің қиылысында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

жоқ

12

Қоңыр ауылының Жамбыл және Абай көшелерінің қиылысында

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары

30

5 жыл

"Сәуле"
дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады