"Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/310 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 4/40 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 мамырда № 6420-09 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 15/147 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/310 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2674 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      4 тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 баптың 1 тармағы 2) тармақшасында, 11 баптың 1 тармағы 2) тармақшасында, 12 баптың 1 тармағы 2) тармақшасында, 13 баптың 2) тармақшасында, 17 бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, осы Қағидаларда айқындалған тәртіпте көрсетіледі.";

      6 тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:

      1) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы:

      1, 2 топтағы мүгедек адамдарға 9 600 (тоғыз мың алты жүз) теңге мөлшерінде;

      18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға 9 600 (тоғыз мың алты жүз) теңге мөлшерінде;

      адамның иммун тапшылығы вирусы бар адамдар 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      2) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні:

      бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс - қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі - КСР Одағы) ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      оқу-жаттығу жиындарына шақырылған және жауынгерлік іс - қимылдарын жүргізу кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен не бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге жауынгерлік іс - қимылдарды қамтамасыз етуге қатысқаны үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлік операциялар кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек адамдарға, атап айтқанда майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектік белгіленген жұмысшылар мен қызметшілерге, әскери іс-қимылдар ауданында, темір жолдардың маңдай алды учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, Әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтарының құрылыстарында 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек қайтыс болған адамның зайыбына (жұбайына) немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедек адамдарға теңестірілген адамдарға, сондай - ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының қайтыс болған зайыбына (жұбайына) соғыс, партизан, астыртын әрекет жасаушы, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруы салдарынан мүгедек деп танылған азамат, қайта некеге тұрмаған еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қарсы себептерден басқа) 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1991 жылдар кезеңінде Таулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс - қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі - КСР Одағы) ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      оқу - жаттығу жиындарына шақырылған және жауынгерлік іс -қимылдарын жүргізу кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен не бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге жауынгерлік іс - қимылдарды қамтамасыз етуге қатысқаны үшін - 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      4) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      80 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге - 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      5) 25 қазан - Республика күні:

      Абай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға білім беру бөлімінің тізімдеріне сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ата - ана жарналарына жұмсалатын шығындарды өтеуге;

      6) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халықтық жасақтың өміріне қол сұғушылық жасағаны үшін сотталған, оларға қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге мөлшерінде.";

      7 тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына табыс есебінсіз бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) өтініш бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға растайтын құжаттың негізінде, бірақ босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей-біржолғы, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Абай ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға растайтын құжаттың негізінде, бірақ сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей біржолғы 10 (он) айлық - есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келген жағдайда бір реттік, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы:

      туберкулез амбулаториялық емдеу кезеңіне ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      балалардағы адамның иммун тапшылығы вирусының ата-аналарына немесе диспансерлік есепте тұрған балалардың өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді;

      ағымдағы жылы операция жүргізілгеннен кейінгі кезеңге тұлғаларға онкологиялық ауру, бір мезгілде - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д. Сакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады