Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 6539-09 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д. Сакенов

  Абай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 15/147
шешіміне 1-қосымша

Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Абай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – әлеуметтік кодекс) 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдар мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндердің тізбесі:

      1) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы:

      2) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні:

      3) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      4) 1 қазан - Қарттар күні;

      4-1) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні;

      5) 25 қазан - Республика күні;

      6) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 08.04.2024 № 17/170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.03.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) шешімімен.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдар бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:

      1) Наурыз мейрамы– 21-23 наурыз:

      адамның иммун тапшылығы вирусы бар адамдарға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;

      2) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс - қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      оқу-жаттығу жиындарына шақырылған және жауынгерлік іс - қимылдарын жүргізу кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен не бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге жауынгерлік іс - қимылдарды қамтамасыз етуге қатысқаны үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлік операциялар кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет атқарган әскери қызметшілерге 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек адамдарға, атап айтқанда майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектік белгіленген жұмысшылар мен қызметшілерге, әскери іс-қимылдар ауданында, темір жолдардың маңдай алды учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, Әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтарының құрылыстарында 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек қайтыс болған адамның зайыбына (жұбайына) немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан жеңілдіктер бойынша мүгедек адамдарға теңестірілген адамдарға, сондай - ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының қайтыс болған зайыбына (жұбайына) соғыс, партизан, астыртын әрекет жасаушы, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруы салдарынан мүгедек деп танылған азамат, қайта некеге тұрмаған еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қарсы себептерден басқа) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1991 жылдар кезеңінде Таулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      4) Қарттар күні - 1 қазан:

      75 жасқа толған және одан асқан зейнеткерлерге – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      4-1) қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні:

      1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;

      5) Республика күні - 25 қазан:

      Абай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, білім беру бөлімінің тізімдеріне сәйкес әрбір балаға ата - ана жарналарына арналған шығындарды өтеуге атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларды қоспағанда-10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халықтық жасақтың өміріне қол сұғушылық жасағаны үшін сотталған, оларға қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда – 400 000 (төрт жүз мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 08.04.2024 № 17/170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.03.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) шешімімен.

      8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      9. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек табысы есепке алынбай, біржолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылады:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар өтініш бойынша растайтын құжаттың негізінде, бірақ босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей-біржолғы, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) растайтын құжат негізінде Абай ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған, бірақ сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей-біржолғы, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне бір мезгілде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде залал келтіру. 6 (алты) ай ішінде әлеуметтік көмекке жүгіну кезеңі;

      4) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы:

      туберкулез амбулаториялық емдеу кезеңіне ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      балалардағы адамның иммун тапшылығы вирусының ата-аналарына немесе диспансерлік есепте тұрған балалардың өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді;

      онкологиялық ауру, операциядан кейінгі кезеңде адамдарға бір мезгілде - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. 1 (бір) жыл ішінде әлеуметтік көмекке жүгіну кезеңі;

      5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы таңдаған санаторий-курорттық емделуге алып жүретін адамдар растайтын құжаттарды қоса бере отырып, санаторий-курорттық емделуде нақты болғаны үшін құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшеріндегі кірісті есепке алмағанда бір рет: санаторийден анықтама, шот текстура, төлем туралы чек. Ілесіп жүрушінің жол жүру шығыстарын төлеу ілесіп жүрушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 08.04.2024 № 17/170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.03.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) шешімімен.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы органдар белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      3) мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеменің болу фактісін растайтын құжат.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      15. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.

      16. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      17. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Үлгілік қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш берушінің адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартуы, жалтаруы.

      20. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру Абай ауданының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      21. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      22. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Абай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 15/147
шешіміне 2-қосымша

Абай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2674 болып тіркелді).

      2. Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 наурыздағы 54 сессиясының № 54/590 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3742 болып тіркелді).

      3. Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 мамырдағы 3 сессиясының № 3/34 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3783 болып тіркелді).

      4. Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 шілдедегі 7 сессиясының № 7/69 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3927 болып тіркелді).

      5. Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қазандағы 21 сессиясының № 21/220 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 болып тіркелді).

      6. Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы 28 сессиясының № 28/312 Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4672 болып тіркелді).

      7. Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 40/438 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5126 болып тіркелді).

      8. Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 48/517 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5313 болып тіркелді).

      9. Қарағанды облысы Абай аудандының мәслихатының 2019 жылғы 27 қарашадағы № 55/587 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5548 болып тіркелді).

      10. Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 62/671 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 болып тіркелді).

      11. Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 65/696 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5908 болып тіркелді).

      12. Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 3/36 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6213 болып тіркелді).

      13. Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 31/292 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31043 болып тіркелді).

      14. Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 4/40 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/310 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6420-09 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады