ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарқаралы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы | С. Оспанов |