Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 12/01 "Инватакси қызметтерін алушылар санатын кеңейту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 22/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 маусымда № 6434-09 болып тіркелді

      Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 12/01 "Инватакси қызметтерін алушылар санатын кеңейту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27792 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нұра ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданының әкімі Б. Муканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады