Қазалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 92 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 маусымда № 8425-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қазалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Қазалы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 04 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6152 болып тіркелген);

      2) "Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6893 болып тіркелген).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы К. Назымбеков

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 92 Қаулысына қосымша

Қазалы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі
(жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Қазалы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, "Нұрбек" кәмпит цехына қарама-қарсы

800

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

3

"Айдана" дәмханасы

2

Әйтеке би кенті, Қ.Ерімбет көшесі, Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жатақханасының оң жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Тұрар" дүкені

3

Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі, "Нұршуақ" автостанциясына қарама-қарсы

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Анвар", "Еркебұлан" дүкендері

4

Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі, "Казпошта" акционерлік қоғамы ғимаратының сол жағында

50

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Орын-Ай", "Сезім", "Ару-Илья" сауда үйлері

5

Әйтеке би кенті, С.Мұханов көшесі, № 13 үйдің сол жағында

150

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Жансая", "Қарақұм" дүкендері

6

Әйтеке би кенті, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолы бойындағы "Арзан-City" кешенінің сол жағында

400

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Арзан-City" кешені

7

Аранды ауылдық округі, Қожабақы ауылы, Темірбай Емешұлы көшесі, "Қожабақы ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарама-қарсы

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

3

"Адина" дүкені

8

Алға ауылдық округі, Ү.Түктібаев ауылы, Жаңа жол көшесі, Алға ауылдық округі әкімі аппаратының "Үрмәш Түктібаев ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының сол жағында

500

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

3

"Катюша", "Лунара" дүкендері

9

Ғ.Мұратбаев ауылдық округі, Ғ.Мұратбаев ауылы, Ғ.Мұратбаев көшесі, орталық саябақтың оң жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Ақерке", "Анар" дүкендері

10

Бозкөл ауылдық округі, Бозкөл ауылы, Қ.Өтепбергенов көшесі, "Бала ахун" мешітінің оң жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Мұхат", "Алмас" дүкендері

11

Сарыкөл ауылдық округі, Абай ауылы, Зейнолла Шыраев көшесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамы ғимаратының сол жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Нұртілек" дүкені

12

Басықара ауылдық округі, Басықара ауылы, Ү.Түктібаев көшесі, "Қазпошта" акционерлік қоғамы ғимаратына қарама-қарсы

250

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Азамат" дүкені

13

Шәкен ауылдық округі, Шәкен ауылы, Қабыл Шабарбаев көшесі, "Шәкен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Мейрімжан" дүкені

14

Сарбұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ ауылы, Сарбұлақ көшесі, "Жастар" саябағына қарама-қарсы

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Айткүл", "Алмаш" дүкендері

15

Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр ауылы, Әйтеке би көшесі, "Дана" дүкенінің сол жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

3

"Дана" дүкені

16

Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Тәуелсіздік көшесі, "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 102 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оң жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Дастан" дүкені

17

Арықбалық ауылдық округі, Жанқожа батыр ауылы, Достық көшесі, "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 94 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы

130

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

жоқ

18

Майдакөл ауылдық округі, Бекарыстан би ауылы, Е.Тілеубаев көшесі, № 18 үйдің оң жағында

100

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Айдана", "Қасиет", "Анашым" дүкендері

19

Құмжиек ауылдық округі, Қ.Пірімов ауылы, Т.Ізтілеу көшесі, № 67 үйге қарама-қарсы

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Айбек", "Матай" дүкендері

20

Қарашеңгел ауылдық округі, Жалаңтөс батыр ауылы, Жалаңтөс батыр көшесі, орталық алаңның сол жағында

400

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Өрік" дүкені

21

Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылы, Кәукей көшесі, орталық саябақтың оң жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Ақтілек", "Айым" дүкендері

22

Майлыбас ауылдық округі, Ақсуат ауылы, А.Өмірзақов көшесі, № 27 үйге қарама-қарсы

300

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

жоқ

23

Ақжона ауылдық округі, Майдакөл ауылы, М.Жеткербаев көшесі, № 43 үйге қарама-қарсы

400

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Айару" дүкені

24

Өркендеу ауылдық округі, Жанкент ауылы, Ә.Тобаев көшесі, "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің № 5 "Аққоян" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының оң жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

"Сақтапберген" дүкені

25

Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы, Ә.Сұлтамұратов көшесі, "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 238 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы

180

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады