"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 297 шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5170 болып тіркелген);
2) "Қармақшы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 162 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6254 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы | Ә. Қошалақов |