"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қармақшы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы | Ә. Қошалақов |