Өрт қаупi жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргiзуге шектеу қою туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 221 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 маусымда № 10015 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 63-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өрт қаупi жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Қостанай облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және барлық орман дақылдары жұмыстары мен орман шаруашылығын жүргiзу шектелсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) мемлекеттiк орман қоры аумағында өрт қаупi жоғары кезең туралы уақытылы хабарласын;

      2) мемлекеттiк орман қоры аумағына негізгі кіру жолдарына күзет бекеттерін орнату бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады