Мәслихаттың "Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 65 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қарашада № 10090 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 306 (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8144 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 510-бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес және Қостанай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету осы шешімнің қосымшасына сәйкес жүзеге асырылсын.

      Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 21 қарашадағы
  № 65 шешіміне
  қосымша

Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету

Аймақ нөмірі

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру пайызы

1

1

50

2

2

45

3

3

40

4

4

35

5

5

30

6

6

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады