Мәслихаттың 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 56 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қарашада № 10093 болып тіркелді

      Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7807 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" (бұдан әрі – Кодекс) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабына сәйкес және Лисаков қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзетуді жүзеге асырсын.

      Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысының төрайымы К. Мухамадиева

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 23 қарашадағы
  № 56 шешіміне
  қосымша

Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету

№ р/с

Аймақтың нөмірі

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+)

1

1

+50

2

2

+40

3

3

+30

4

4

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады