2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 90/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 сәуірде № 7328 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 90/2 қаулысына
қосымша

2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

Бюджет
түрі

Субсидия көлемдері, мың теңге

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

Жергілікті

18 405

355 166

148 845

364 115

Жиыны:

886 531


  Павлодар облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
20 желтоқсандағы
№ 336/4 қаулысына
қосымша

2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

      Ескерту. Қаулы 2-қосымшасымен толықтырылды - Павлодар облысы әкімдігінің 20.12.2023 № 336/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Бюджет
түрі

Субсидия көлемдері, мың теңге

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

Республикалық

42 288

589 492

627 890

140 330

Жиыны:

1 400 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады