Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі "2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" № 90/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 336/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 желтоқсанда № 7451-14 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі "2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" № 90/2 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 180071 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулы қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
20 желтоқсандағы
№ 336/4 қаулысына
қосымша

2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

Бюджет
түрі

Субсидия көлемдері, мың теңге

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

Республикалық

42 288

589 492

627 890

140 330

Жиыны:

1 400 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады