Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 528/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 маусымда № 7359-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

      1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 80 (сексен) теңге;

      2) қолма-қол ақшамен төлем кезінде жол жүру үшін – 130 (жүз отыз) теңге.

      2. Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 93/3 "Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Зеновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Н. Дюсимбинов

      "Келісілді"

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы

      М. Омарғалиев ___________

      "___" __________ 2023 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады